РЕФЕРЕНДУМ ПО АЭС - 6 ОКТЯБРЯ
02 июля 2019 | 17:59

Ұшу-қону залындағы кезек, билет ауыстыру және қолжүк. Әуежайда не білу керек

Камила Долаева Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Біріміз ұшаққа алғаш рет, екіншіміз бірнеше рет отырып көрсек те, кейде әуежайда болатын мәселелерден бейхабармыз. Көбіне ол адамның өз қателігінен болады. Тіркеуге немесе одан өтемін дегенше ұшаққа кешігіп қалады, я болмаса ұзын сонар кезектің кесірінен сапарыңды жіберіп аласың. Мұндай оқиғалардың алдын алу үшін әуе қызметкерлері әуежайға ішкі рейс болса 2 сағат бұрын, халықаралық рейс болса 3 сағат бұрын келуге кеңес береді. Ал үй жануарын немесе қару мен оқ-дәрілер ала жүрсеңіз, одан да ерте келу керек. Tengrinews.kz тілшісі әрбір жолаушы ескеруі тиіс жағдайлдарды түсіндіреді. 


Біріміз ұшаққа алғаш рет, екіншіміз бірнеше рет отырып көрсек те, кейде әуежайда болатын мәселелерден бейхабармыз. Көбіне ол адамның өз қателігінен болады. Тіркеуге немесе одан өтемін дегенше ұшаққа кешігіп қалады, я болмаса ұзын сонар кезектің кесірінен сапарыңды жіберіп аласың. Мұндай оқиғалардың алдын алу үшін әуе қызметкерлері әуежайға ішкі рейс болса 2 сағат бұрын, халықаралық рейс болса 3 сағат бұрын келуге кеңес береді. Ал үй жануарын немесе қару мен оқ-дәрілер ала жүрсеңіз, одан да ерте келу керек. Tengrinews.kz тілшісі әрбір жолаушы ескеруі тиіс жағдайлдарды түсіндіреді. 

Тіркелу кезеңі

Әуежайға келгенде жолаушы ең алдымен рейске тіркелуі керек. Тіркеу кезінде құжаттар мен әуебилеттер тексеріледі, жүк қабылданады және отыратын орынға талон беріледі. Тіркеуден кейін қауіпсіздік бақылауынан өту керек, ал халықаралық рейс болса, паспорттық бақылау рәсімі де қажет болады. Осыдан кейін ұшу уақытын күту аймағына барасыз. Кейін ұшаққа отыру туралы хабарлама айтылғанда, бортқа бара аласыз.

Тіркеу уақыты аяқталғанға аз қалғанда келсе 

Десе де кейде барлығы ойдағыдай болмайды. Белгілі бір себептермен тіркеуге кеш баруыңыз немеше кешігіп қалуыңыз әбден мүмкін, ал кезекте алдыңызда адам көп. Мұндайда әуе компаниясының қызметкерлері сабыр сақтап, кешігіп жатқандарға арналған арнайы орынды тауып, сол жерден тіркелуге кеңес береді. Бірақ ол кей жерде ақылы. Әдетте ұшаққа отыру уақыты ұшуға 25-30 минут қалғанда аяқталады. Алайда, дәл уақыт талонда көрсетіледі.

Кешігіп келіп, ұшаққа отыруға бөлінген уақыт аяқталған соң, бортқа тек авиакомпания қызметкерінің жеке рұқсатымен кіруге болады. Бірақ бұл міндетті түрде рейстің кідіруіне әкеп соғады, ал оған айыппұл салынады. Сонымен қатар, ұшақ өз кезегімен ұшып кетпесе, онда келесі әуе кеңістігі бірнеше сағаттан кейін ғана босауы мүмкін. Яғни, рейс кешіктірілген кезде жүздеген жолаушы бірнеше сағат рұқсат берілгенше күтіп қалады.


© Pixabay.com

Тіркеуге кешігіп қалсаңыз

"Әттеген-ай, кешіктім" десеңіз, алдын ала әуе компаниясына қоңырау шалып, бұл рейспен ұшпаймын, бірақ осы билет бойынша басқа бағыттарыма барамын деп айту керек. Ал рейске тіркеудің соңына дейін келмесе және бұл туралы әуекомпанияны хабардар етпесе, көп жағдайда билет "күйіп" кетеді, онымен бірге кері қайтарға немесе екінші ұшақтың билетінен құр қаласыз. 

Қызметкерлердің айтуынша, дереу әуежайға хабарласып операторлардан билетті ауыстыруға болатын-болмайтынын сұрау қажет және сол жерде телефонмен-ақ уақыты мен күнін өзгертуге болады. Ал үстіне қосып төлесе де ауыстыруға болмайды десе, жаңасын сатып алуға тура келеді, бірақ қайтар билет қолда қалады. "Қолдау көрсету" қызметінің телефоны билетте де жазылған. Ал қоңырауды көтермей жатса, әуекомпанияның сайтында тұрған чатқа жазса болады. 

Билет ауыстыруға мүмкіндік бар ма? 

Бизнес және бірінші класс билетінің иелері алаңдамай-ақ қойса болады. Кешігіп қалған жағдайда олар көбіне билетін басқа рейске ауыстыра алады, үстіне ешқандай қосымша ақы да төлемейді. Десе де ол әуе компаниясына байланысты, себебі олар кешіккен клиенттерді тасымалдауға міндетті емес. Сонымен қатар, орын болса осы билетпен келесі рейспен де ұша алады. Қолыңызда тіркелу мерзімі нақты жазылған билет болса, басқа күні ұшу үшін үстіне қосымша ақы төлеу керек. Ал эконом классындағы және ерекше тариф бойынша сатып алынған билетпен кешігіп қалсаңыз және ескертпесеңіз - "күйіп" кетеді.  


© Pixabay.com

Қандай жағдайда билет құнын қайтаруға болады?

Әуекомпания міндеттемелерін орындамаған жағдайда ғана пайдаланбаған билеттің бағасын қайтаруға болады. Мысалы, рейс кейінге қалса, ұшпайтын болса, 3 сағаттан астам уақытқа кешіксе, басқа орынға қонса, салон класын өзгертсе немесе басқа ұшақты ұсынатын жағдайда. Жолаушы немесе оның отбасы мүшесінің өлімінде де билет құнын қайтаруға болады. Әуе компаниясының кінәсінен екінші ұшаққа үлгермей, уақыты өзгеріп кетсе, екі билеттің де ақшасын қайтаруға мүмкіндік бар. 

Әуежайдағы кезектің кесірінен ұшаққа үлгермей қалсаңыз

Отыратын орынға талон алып, бірақ тексеріс кезінде ұшаққа кешігіп қалсаңыз, ұшақ ұшып кете береді. Бірақ әуежайға 2-3 сағат бұрын келіп тұрып, шынымен де ұзақ кезектің салдарынан ұшаққа отыра алмай қалсаңыз, алдымен сол жердің қызметкерлерімен мәселені шеше аласыз, мүмкін болмаған жағдайда баяу қызмет көрсеткендері үшін сотқа немесе прокуратураға жүгінсе болады. Олар тиісті зерттеу жүргізіп, шешім шығарады. 


© Pixabay.com

Ұшаққа отырғызу аяқталып қалды, ал сіз келмедіңіз 

Қызметкерлердің айтуынша, алдымен тегіңізді бірнеше рет дауыстап жариялайды, бірақ олар міндетті емес. Кейде сізді гейтке жақын дүкендер мен мейрамханаларынан іздестіруі мүмкін. Ұшаққа отырғызу уақыты аяқталғанда рейске кешіккен жолаушылардың жүгін қалдырып кетеді. Жолаушы 5-10 минутта келіп жатса, әлі де бос бортқа кіруге мүмкіндік бар. Әсіресе, жүк болса, оны іздеп шығарғанша, адамды ұшаққа кіргізіп, орнына отырғызу оңайырақ болады. 

Ал кешігіп қалып, әуе компаниясының қызметкерлері ештеңе жасай алмайтынын айтса, бұл рейске келмеу болып саналады.

Ұшаққа 100 миллилитрден артық сұйықтық кіргізуге болмайды

Әдетте ұшаққа кірерде қол жүгіне 1 литрге дейін сұйықтық алып кіруге болады. Олардың әрқайсысы 100 миллилитрден аспауы керек. Мысалы, 200 миллилитрлік тіс пастасын қауіпсіздік қызметінің адамдары ұшақта орын болса да кіргізбейді. Сонымен қатар, қолжүкке үшкір, өткір заттарды алуға болмайды. Ал үлкен жүкке салуға рұқсат. Жүк белгіленген межеден ауыр болып кетсе, қосымша ақша төлеп ары қарай кіргізеді немесе ішіндегі заттарды сақтауға қалдырып кетуге болады. 

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 480.4   533.87   5.33 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети