РЕФЕРЕНДУМ ПО АЭС - 6 ОКТЯБРЯ
20 августа 2019 | 13:33

Үш баланың әкесі, кітапқұмар, 8-сыныпта ән жазған. Сіз кімсіз, Нұрлан Әлімжанов?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Өткен аптада танымал актер әрі әнші Нұрлан Әлімжанов Парламент Мәжілісінің депутаты болып сайланған болатын. Фильмде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевты сомдауымен танылған актерге депутаттық мандат берілді. Тengrinews.kz тілшісі жаңа депутат туралы мәліметтер жинап шықты.


Өткен аптада танымал актер әрі әнші Нұрлан Әлімжанов Парламент Мәжілісінің депутаты болып сайланған болатын. Фильмде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевты сомдауымен танылған актерге депутаттық мандат берілді. Тengrinews.kz тілшісі жаңа депутат туралы мәліметтер жинап шықты.

Махаббат оятқан шабыт

Нұрлан Әлімжанов 1984 жылы 29 сәуірде Ақмола облысы Бурабай ауылында дүниеге келген. Ол - танымал ақын, жазушы, Қазақстанға еңбегі сіңген қайраткер Баянғали Әлімжановтың жалғыз баласы. Кішкентай кезінде ғарышкер, кейін десантшы болуды армандаған Нұрлан Әлімжанов кейін әкесінің ізімен жүріп, шығармашылыққа бет бұрады. Айтуынша, алғаш рет 8-сыныпта ән шығарған.

"Мектепте ғашық болып қалдым, есімі - Жұлдыз. Ол менен бір сыныпқа жоғары оқыды. Сол кезде композиторлық шабытым оянды. Сөйтіп, "Сен менің жұлдызымсың" деген ән шығардым. Сыныптастарымның бәрі бұл әнді өзімнің шығарғаныма сенбеді. "Бір жерден ұрлап алдың" деді. Бірақ Жұлдыз сенді. Сөйтіп, бір жылдай қол ұстасып, кездесіп жүрдік", - дейді ол "Моя история" бағдарламасына берген сұхбатында.

Мектептің соңғы сыныптарына келгенде Нұрлан Әлімжановтың бойында актерлікке деген махаббат оянады. Ата-анасымен Шаяхмет Құсайынов атындағы театрда спектакль қарап отырып, іштей болашақта кім болғысы келетенін біледі.

Тарихи тұлғаларды сомдағысы келеді

Осылайша, Нұрлан Әлімжанов Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының "Музыка театры және кино актері" факультетінде оқиды. Фильмге алғаш рет 2006 жылы түскен. "Шолпанның күнәсі" картинасында ол Әзімбайдың рөлін сомдайды. Ал нағыз танымалдық оған үш жылдан кейін келді. Қазақстандық телеарнадан Әлімжанов басты рөлдердің бірін сомдаған "Ағайынды" сериалы көрсетіледі. Сол кезде жас актер жұлдыз болып оянады.

Нұрлан Әлімжановтың актерлік карьерасындағы ең басты жетістігі - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевты сомдауы. Ол төрт фильмнен тұратын "Елбасы жолы" киноэпопеясында басты рөлде ойнады. 

Актердің айтуынша, оған фильмде тарихи тұлғаларды сомдаған ұнайды. Дәлірек айтқанда, Абылай хан, Сакен Сейфуллин немесе Ахмет Байтұрсынов секілді тұлғаларды кинода ойнағысы келеді.

Үш баланың әкесі

Әлімжанов жанкүйерлерін фильмдерімен ғана қуантпайды. Ол түрлі телебағдарламаларда жүргізуші болған. Сонымен қатар, әнші ретінде де танымал. Оның "Өткінші жауын", "Бағыңды бағала", "Ақ құсым" секілді әндері тыңдармандар арасында хит болған.

Талантты актер әрі әншінің марапаттары да көп. "Серпер" Қазақстан жастар одағы сыйлығының лауреаты, "Жас тұлпар" жастар сыйлығының иегері. 2013 жылы Назарбаевтың қолынан "Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері" құрметті атағын алған. Ал биыл ҚР Президентінің жеке Алғыс хатымен марапатталған.

Нұрлан Әлімжанов жазушының ұлы болған соң кітапқұмар екенін айтады. Көбіне Абай Құнанбаев, Мұхтар Әуезов, Ғабит Мүсірепов пен Сәбит Мұқановтың кітаптарын оқиды. Ал орыс жазушыларынан Николай Гоголь мен Федор Достоевскийдің кітаптары ұнайды екен.

Депутат 2006 жылы Жансая есімді қызбен танысып, кейін отау құрған. Отбасы өмірге үш бала алып келген - Ғабдулла, Нұрмұхаммед және Томирис. 2015 жылы Әлімжанов жұбайымен ажырасып кеткен. Айтуынша, ажырасуға тұрмыстық проблемалар себеп болған. Актер балаларымен көп уақыт өткізуге тырысады. 

Жарты миллион фолловер, Mitsubishi, перфекционист. Сіз кімсіз, Дана Нұржігіт?

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 480.4   533.87   5.33 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети