РЕФЕРЕНДУМ ПО АЭС - 6 ОКТЯБРЯ
13 января 2022 | 22:45

Ұлттық ұланда 10 жыл қызмет етеді. Желіде тараған суреттегі жауынгер кім?

Камила Долаева Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет: Ұлттық ұлан баспасөз қызметі Сурет: Ұлттық ұлан баспасөз қызметі

Қаңтардың басында ел ішінде дүрбелең болып жатқанда көңіліне қаяу түскен халықтың жүрегіне жылу сыйлаған жауынгер мен баланың суреті Желіде тараған еді. Кадрдағы ер адам - Ұлттық ұланның жауынгері болып шықты. ҚР Ұлттық ұланы "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі Tengrinews.kz тілшісіне суреттегі жауынгердің кім екенін және кадр қашан, қайда түсірілгенін айтып берді.   


Қаңтардың басында ел ішінде дүрбелең болып жатқанда көңіліне қаяу түскен халықтың жүрегіне жылу сыйлаған жауынгер мен баланың суреті Желіде тараған еді. Кадрдағы ер адам - Ұлттық ұланның жауынгері болып шықты. ҚР Ұлттық ұланы "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі Tengrinews.kz тілшісіне суреттегі жауынгердің кім екенін және кадр қашан, қайда түсірілгенін айтып берді.   

Жауынгердің есімі - Шахрух Хасанов. Ол Ұлттық ұланда қызмет етіп жүргеніне 10 жыл болыпты. Үйленген, екі ұлы бар. Ұлдары да әке жолын қуып, әскери боламыз дейді екен. 

Ал сурет Шымкент әкімдігінің маңында 7 қаңтарда түсірілген.

"Жып-жылы сурет. Қоғам жақсы қабылдады. Бейбіт жауынгердің бейнесі. Суреттегі ер адам Ұлттық ұланның жауынгері екені анықталды. Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығына қарасты 6698 әскери бөлімінде қызмет ететін ефрейтор Шахрух Хасанов. Ол қаңтардың 4-і дабыл белгісімен қызметке келгенін айтты. Олар Шымкент қалалық әкімдіктің маңына қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету қызметіне шыққан", - дейді ведомство өкілі.

Сурет авторы - Otyrar TV журналистері. Олар сол сәтте түсірілім жасап жүрген.

"Әкімдік алдындағы алаңда қызмет атқарып тұрған жауынгерге бір кішкентай балақай жүгіріп келіп, сәлем беріпті. Жауынгер де баланың қолын қайтармай, сәлемін алып, басынан сипап, әкесіне қарай жіберген. Әкесінің айтуы бойынша, неше күн үйде қамалып отырған бала әбден зерігіп, далаға серуенге шыққанына қатты қуанған", - дейді басапсөз қызметіндегілер.

Суреттер: Ұлттық ұлан баспасөз қызметі

Еске салайық, 2 қаңтарда Маңғыстау облысының тұрғындары сұйытылған мұнай газы қымбаттауына байланысты митингіге шыққан болатын. 3 қаңтарда бірден бірнеше облыста митингілер басталды. Наразылық шарасына мұнай өндіруші кәсіпорындардың жұмысшылары да қосылды. 4 қаңтарда өзге де қалаларда бірден жаппай тәртіпсіздік басталды.

Тұрғымбаев Қазақстанда жаппай тәртіпсіздікке ұласқан оқиғалар хронологиясын баяндады

Кейінірек Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласы мен Маңғыстау облысында төтенше жағдай енгізу туралы Жарлыққа қол қойды. Алматы қаласы мен Маңғыстау облысында 2022 жылдың 5 қаңтарында сағат 01:30-дан 19 қаңтар сағат 00:00 кезеңі аралығында төтенше жағдай енгізілді.

Қазақстанда төтенше жағдай режимі енгізілді

5 қаңтарда үкімет отставкаға кетті, Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары, сұйытылған газ, бензин және дизель отынының бағасын мемлекеттік реттеу енгізілді. Алайда толқу күшейе түсті. Алматы қаласы қатты зардап шекті. Бүлікшілер әкімдік ғимаратын өртеп жіберді, Президент резиденциясын басып алды, дүкендерді, сауда орталықтарын, банк кеңселері мен банкоматтарды қиратып, тонады.

Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде қалыптасқан күрделі қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық жағдайға тоқталып, сұйытылған газ бағасының өсуіне байланысты халықтың наразылығын тудырғаны үшін үкімет, соның ішінде, Энергетика министрлігі, "ҚазМұнайГаз" бен "Қазақгаз" кәсіпорындары кінәлі екенін айтты.

6 қаңтарда Кәрім Мәсімов Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы қызметінен босатылды. ҰҚК-нің жаңа басшысы болып Ермек Сағымбаев тағайындалды. Дәл осы күні ҰҚК Қылмыстық кодекстің 175-бабы 1-бөлігі бойынша "Мемлекетке опасыздық жасау" бабы бойынша соталды тергеу амалдары басталды. Қылмыс жасады деген күдікпен ҰҚК-нің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімов пен басқа да тұлғалар ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ал 10 қаңтар Жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды.

Қазақстандағы тәртіпсіздіктерден бизнеске келтірілген шығын 12 қаңтарда 100 миллиард теңгеден асты. Қаза болғандар мен зардап шеккендер саны анықталып жатыр, әлі белгісіз.

11 қаңтарда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа үкімет мүшелерін тағайындады.

13 қаңтарда 14 өңірде террористік қауіптің қызыл деңгейі алып тасталды

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 480.4   533.87   5.33 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети