РЕФЕРЕНДУМ ПО АЭС - 6 ОКТЯБРЯ
06 октября 2021 | 11:27

Үлкен Алматы өзенінде вейкбордпен жүзіп өткен спортшы кім?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Желіде Үлкен Алматы өзенінде вейкбордпен жүзіп өткен тұрғынның видеосы тарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Желіде Үлкен Алматы өзенінде вейкбордпен жүзіп өткен тұрғынның видеосы тарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Instagram желісінде тараған видео квадрокоптермен түсірілген. Желі қолданушылары видео әсерлі шыққанын жазып жатыр.

"Өте керемет", "Бұл бізде түсірілген бе? Тамаша", "Айыппұл салынбаса болды", "Бізде де жаңашыл адамдар бар", "Ғажап", - деп жазған қолданушылар. 

Өзенде вейкбордпен жүзіп өткен адамның есімі - Алмаз Смайылқұлов. Ол 31 жаста. Бішкекте туған ол қазір Алматыда тұрады. 

"Үлкен Алматы өзенінде жүзу идеясы екі жыл бұрын туған. Биыл сол идеяны жүзеге асыру үшін жүзуге арналған құрылғыны (winch - авт.) сатып ала алдым. Елімізде вейкбордингті білсін дедік. Трюктерді кәсіби мамандар жасады, әуесқойлар қайталамағаны дұрыс", - дейді Алмаз. 

Алмаз 20 жасынан бері кәсіпқой деңгейде вейкбордингпен айналысатынын айтады. Көптеген жарыста топ жарған, үш мәрте Ресей чемпионатында жеңіске жеткен. 

"Қазір Қазақстанда вейкбордингті дамытып жүрмін. Бір жағынан өскелең буынға тәжірибемді бөлісемін. Алматыдағы GAGARIN Wake Park-та балалар мектебі бар. Ол Орта Азияда су шаңғысына арналған жалғыз үлкен стадион. Бізге түрлі елдерден спортшылар жаттығуға келеді", - деді ол. 

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 480.4   533.87   5.33 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети