РЕФЕРЕНДУМ ПО АЭС - 6 ОКТЯБРЯ
07 июня 2019 | 13:36

"Тойдың болғанынан боладысы қызық". Жастар үйлену кезінде қандай қателер жібереді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© pixabay.com © pixabay.com

"Тойдың болғанынан боладысы қызық" демекші, той маусымы жақындаған сайын қазақстандықтардың дайындығы қыза түседі. Соңғы кездері көбінің той ұйымдастыруды Event-агенттіктерге толығымен сеніп тапсыратынын байқауға болады. Дегенмен тойдың жалпы қалай өтетіні, онда қанша қонақтың болатыны, қандай тағамдардың қойылатыны - барлығы той иелеріне және жастардың өзіне байланысты. Дүркіретіп, естен кетпес той жасап өтуді әркім де қалайтыны жасырын емес.


"Тойдың болғанынан боладысы қызық" демекші, той маусымы жақындаған сайын қазақстандықтардың дайындығы қыза түседі. Соңғы кездері көбінің той ұйымдастыруды Event-агенттіктерге толығымен сеніп тапсыратынын байқауға болады. Дегенмен тойдың жалпы қалай өтетіні, онда қанша қонақтың болатыны, қандай тағамдардың қойылатыны - барлығы той иелеріне және жастардың өзіне байланысты. Дүркіретіп, естен кетпес той жасап өтуді әркім де қалайтыны жасырын емес.

Tengrinews.kz тілшісі той ұйымдастырушысы Лаура Мырзабековадан жастардың той алдында жиі жіберетін қателерін сұрап, оларға айтар кеңестерін сұрап білді. Event-менеджердің айтуынша, жастардың көбі көбірек ақша жұмсасақ, той соншалықты жақсы өтеді деп ойлайды. 

Барынша қымбат мейрамханаларды іздейді

"Барлығы барынша қымбат, зәулім мейрамханаларды іздейді. Мейрамхананы асықпай таңдау керек. Бастапқыда ойда жүрген барлық мейрамхананы тізіп шығу керек. Сосын ғана асықпай мейрамханалардың әкімшілерімен кездесіп, барлық детальді ақылдаса талқылау қажет. Ұсыныстардың барлығын айтқан жөн. Мысалы, сусындар мен ішімдектердің өз есебіңізден әкелуге бола ма, жоқ па әлде жеміс-жидектерді әкелсеңіздер. Бұл негізі өте ұтымды болады. Біраз шығынның алдын алады, онсыз да әр қонақтың орнына ақша төленеді, ал ол қонақ келе ме, жоқ па - оған кепіл жоқ. Кейбір мейрамханалар той иелерінің талғамына қарап, мәзірге сәл өзгерістер енгізуі әбден мүмкін", - дейді той ұйымдастырушысы.

Сондай-ақ, оның айтуынша, акустикаға қарау керек. "Мейрамхананың акустикасына ерекше мән берген жөн. Мейрамхананың акустикасы жақса болса, тойдағы кез келген әуен жағымды естіліп, келген қонақтарды да шаршатпайды", - дейді маман.

Фото және видеооператорларға ақша үнемдейді

Event-менеджер фото және видеоператорларға ақша аямауға кеңес береді.

"Жастар жиі жіберетін өрескел қателік деп фото-видеоператорларға ақша үнемдеу деп айтар едім. Себебі дәл осы маңызды күннің қалай есте қалатыны сол мамандарға байланысты. Сапалы суреттер мен видеотүсірім өмір бойына естелік болып қалады емес пе? Бүгінде екінің бірі оператор болып кетті. Бірақ олардың кадрларды дұрыс алу-алмауы, қызық сәттерді түсіруі өте маңызды. Фото және видеоператорлардың жұмысымен егжей-тегжейлі танысып, жұмыстарын қарау керек. Тәжірибесіз операторлардың көбі түсініксіз, қажеті жоқ бірдей бірнеше кадрды алады. Нағыз мықты оператор көп ақша талап етсе де, оған ақша аямаған жөн. Себебі дәл сол адам бір роликте сол күннің атмосферасын сездіруі тиіс.

Тағы бір жағдайларда, жастар өз таныстарын шақырта салады. Бірақ олардың жұмыстары қаншалықты сапалы және олар тойларды түсіріп көрген бе, жоқ па - оны нақтыламай жатады", - дейді Лаура.

Көпке ұнай қоймайтын шоу-бағдарламалар

"Мұнда өте абай болу керек. Әрине, көбі тек асабамен және 3-4 бимен шектеліп жатады. Бірақ кейбір жастар той қонақтарын ерекше шоу-бағдарламалармен, флешмобтармен таңғалдырғысы келеді. Бірақ, өкінішке қарай, көп жағдайларда ол шоулар өте күлкі әрі қисынсыз көрініп, той қонақтары жақпай жатады. Әркімнің қалауы болса да, тойға жүздеген адам жинағандықтан, қонақтардың дүниетанымын ескерген жөн. Кәсіби, талантты өнер иелерін іздеп, олардың номерлерін қарап барып қана тапсырыс беру керек. Біздің жастар болса, Интернеттегі 1-2 роликтерін көріп, бірден тапсырыс беріп жатады", - дейді ол.

Тәжірибесі жоқ асабаға ұрынады

Сондай-ақ, Лаура Мырзабекова асабаны таныстардан сұрастырып барып қана таңдауға кеңес береді.

"Асаба той иелерінен кейінгі маңызды адам деуге болады. 200-ге жуық адамды өзіне қаратып, тойды орынды әзілдермен әрі қызық өткізу оңай шаруа емес. Көбі қызметіне неғұрлым көп ақша алған асабаны өте тәжірибелі деп қателесіп жатады. Расында мүлде олай емес. Оның тойлардағы видеоларын қарап шыққан соң таныстардан сұрастырған артық болмас. Жүзден аса адамды өзіне тартып алу оңай шаруа емес. Сондықтан асаба таңдауға біраз уақыт жұмсау керек. 

Асабаны таңдаған соң бағдарламаны талқылап, қай қонақтың кімнен кейін сөйлейтіні, ол сөзден кейін қай әзілдің айтылу-айтылмауы тиістігіне дейін ойластыру керек. Себебі қазіргі асабалар іс-шарасын өзінің ерекше сценариімен өткізгісі келіп, артық қыламын деп тыртық қылады", - дейді Event-менеджер.

Шығын толық өтелмейтінін ескермейді

Тағы бір қате деп маман бюджетті дұрыс есептемеуді атады.

"Шығын толық өтелмейтінін ескермейді де несиеден несие, қарыздан қарызға ұрынып жатады. Көрпеге қарай көсілу қажет. Қонақты да шамаға қарап шақырту керек. Қонақтар әкелген ақша тойдың шығынын жабады дегенге сене бермеу қажет. Мысалы, кейбір қонақтар ақшаның орнына бағалы сыйлықтар беруі мүмкін. Жастар ойлаған бюджет шамадан асып, нәтижесінде қарызға батырып жатады. Сондықтан табыс пен шығынды алдын ала ойластырып, есептеген жөн", - дейді  той ұйымдастырушысы.

Оқи отырыңыз:

Youtube-тен видеосын көру аздық етеді - Асаба таңдауда неге назар аудару керек

Қазақстанда тойдағы ысырапты заңмен шектеу қажет пе

"Сапар айын бақытсыздық айы деп санаған". Қазақ қандай жағдайда той жасамаған

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 480.4   533.87   5.33 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети