РЕФЕРЕНДУМ ПО АЭС - 6 ОКТЯБРЯ
30 апреля 2019 | 19:18

"Төрт сағатта 10 миллион шашады". Тойдың шығыны қашанғы несиемен өтелмек

ПОДЕЛИТЬСЯ

© kazgazeta.kz © kazgazeta.kz

Қазақтың тойы бітпесін! Бұл ұранмен еліміздің әр өңірінде дүркіреген үйлену тойлары, мерейтойлар өтіп жүр. "Қазақтың тойына шектеу қою керек" деген ұсыныстар да жоқ емес. Оған ысырапшылдық себеп. Бүгін 7 арнадағы "Өз ойым" бағдарламасында "Неке көркі киіт пе?" тақырыбы талқыланды.


Қазақтың тойы бітпесін! Бұл ұранмен еліміздің әр өңірінде дүркіреген үйлену тойлары, мерейтойлар өтіп жүр. "Қазақтың тойына шектеу қою керек" деген ұсыныстар да жоқ емес. Оған ысырапшылдық себеп. Бүгін 7 арнадағы "Өз ойым" бағдарламасында "Неке көркі киіт пе?" тақырыбы талқыланды.

23 жастағы Ақтоты Болышева құдалық, алыс-беріс, жасау дегенге мүлде қарсы екенін, мүмкіндік болса той жасамай, екі жастың болашағы үшін деп жинап бергенді ұсынды. 

"Бұрынғы заман қалып кетті. Қазіргі заманда матаны не істейміз? Соның салдарынан ата-анамыз несие алып, қарызға белшесінен батып жатады. Ол несиені баласы алып береді, сосын жас отбасы оны төлеуге мәжбүр болады. Ата-салтымызды мен де аттап кете алмаймын. Бірақ жастардың тілімен айтар болсам, алыс-берістен гөрі жастарға үй алып берсін. Барлығы пәтер жалдап жүр. 4 сағатта 10 миллион теңге шашып тастайды, оны сосын өзіміз төлейміз", - дейді Ақтоты Болышева.

Бағдарламаның қонағы болған дәстүрлі әнші Сәуле Жанпейісова өз қызының тойын қалай өткізгенін айтып берді. 

"Құдалар сыйлас болса, жастардан мықты отбасы шығады. Екі құдағи мықты сыйлас болуы керек. Біз мысалы тойды екі тарап бірігіп Астанада өткіздік. Шығыннан бұрын, уақыт үнемдегіміз келді. Мен өзім Алматыдамын, құдаларымның жартысы Қарағандыда, жартысы Қостанайда, менің туыстарым Таразда, достарым Атырауда - жан-жақта шашылып жүрміз. Барлығын Астанаға жинауды ұйғардық. Ол енді балалардың айтқан өтініші еді. Өзім болсам әрине бір қызыма дүркіретіп той жасап бергім келген. Оңтүстіктің қызы болған соң неше түрлі той көреміз, 500 мың адам шақырылып та жатады", - дейді әнші.

Той басқарып, талай қызықты бастан өткеріп жүрген асаба алыс-берістің керек екенін айтады, бірақ көңілде жүрген мәселесі бар екен - әркім өз теңімен қосылсын. 

"Мен өзі Түркістанның тумасымын, бізде жарыс, бәсеке. Жастардың жататын жастығына дейін аттарын жаздырып жатады. Біреу бірдеме апарса, екіншісі содан асып түсуге тырысады. Мына қарындасым керексіз дүниелерді қысқартып, шығынды азайтуды ұсынып отыр, оны да түсінуге болады. Біз осы асабалар "Аз бердім-ау деп ұялып тұрған той иесінің" аз да болса көптей, тар да болса сөктей көріңіздер деп тігісін жатқызамыз. Ақшасы барлар шашқанда намысқа тырысып, кедей біраз шығынға бататыны анық", - дейді асаба.

Ерлан Түлебаев есімді асаба өзі басқарған тойдан бір мысал келтірді.

"Күні кеше мынадай бір құдалықта болдық: Құдалар Көкшетаудан, Арқалықта күтіп жатыр. Керемет құдалық болды. Бірден "біз сіздерге киіт бермейміз" деді. Әйелдерге комзол, ер адамдарға қазақтың қара домбырасын сыйлады. 12 комзол, 12 домбыра - шамамен миллионға барып қалды-ау. Яғни бәрібір де оны киіт емес, сый деп ауыстырғанның өзінде де шығын шығады", - дейді асаба.

Айта кетейік, "Өз ойым" бағдарламасы 2019 жылы 21 қаңтардан жаңа санын бастады. Бағдарламаның ең басты жаңалығы ток-шоу дүйсенбі-бейсенбі аралығында көрсетілетін болды. Түрлі әлеуметтік тақырыптарды қозғайтын бұл ток-шоу әлі талай қызықтарға толы.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 480.4   533.87   5.33 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети