РЕФЕРЕНДУМ ПО АЭС - 6 ОКТЯБРЯ
10 октября 2019 | 15:05

Таққа отырғызу, ақша шапан, әнші ұзатуы. Тойдағы ойға қонымсыз фейк-дәстүрлер

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әрбір адам жиын-тойының есте қаларлықтай ерекше өткенін қалайтыны сөзсіз. Ақшадан жасалған шапан, мейрамханаға баланы таққа отырғызып кіргізу және үйлену тойында қалыңдықтың екі көйлек ауыстыруы. Бұл - бүгінде трендке айналып бара жатқан жаңа дәстүрлердің бергі жағы ғана. Тіпті кейде тойда емес, ертегіде отырғандай әсер қалады. Себебі арманыңыздағы ойды іске асырып беретін ұйымдардың да саны күн санап артып келеді. Қазақтың салт-санасына жаңадан еніп келе жатқан тойдағы трендтер қаншалықты дұрыс? Қазақтың тойында тағы қандай ерекше тенденция қалыптасып жатыр? Tengrinews.kz тілшісі бұл сұрақтардың жауабын мамандардан сұрап көрді. 


Әрбір адам жиын-тойының есте қаларлықтай ерекше өткенін қалайтыны сөзсіз. Ақшадан жасалған шапан, мейрамханаға баланы таққа отырғызып кіргізу және үйлену тойында қалыңдықтың екі көйлек ауыстыруы. Бұл - бүгінде трендке айналып бара жатқан жаңа дәстүрлердің бергі жағы ғана. Тіпті кейде тойда емес, ертегіде отырғандай әсер қалады. Себебі арманыңыздағы ойды іске асырып беретін ұйымдардың да саны күн санап артып келеді. Қазақтың салт-санасына жаңадан еніп келе жатқан тойдағы трендтер қаншалықты дұрыс? Қазақтың тойында тағы қандай ерекше тенденция қалыптасып жатыр? Tengrinews.kz тілшісі бұл сұрақтардың жауабын мамандардан сұрап көрді. 

Шоуға айналып бара жатқан тойлар

"Тойдың болғанынан боладысы қызық". Ұлыңыз үйленетінін, не қызыңыз тұрмысқа шығатынын хабарлаған кезде іштей қуанатыныңыз сөзсіз. Той болатын күнді белгілегеннен кейін қызу дайындық басталады. Бірі арнайы той ұйымдастыратын ұйымдарға жүгінсе, бірі өз қиялына ерік беріп дайындалады. Асаба әрі той ұйымдастырушысы Руслан Ысқақовтың сөзінше, ол басқарған тойлар ерекше іс-әрекетсіз өтпейді екен. 

"Әрине, ондай оқиғалар жиі болып тұрады. Өзім ұйымдастырған бір тойда 28 адамнан құралған ішекті аспаптар оркестрі венн музыкасын ойнап тұрды. Одан кейін 15 жұп яғни 30 адам балет биледі. Сонымен 58 адам қалыңдық пен күйеужігітті тойханаға кіргізген болатын. Барлығы 58 адамның сүйемелдеуімен болды", - дейді асаба. 


© instagram.com/iskakov_showman

Одан бөлек бүгінде жиын-тойда адам санынан тойда өнер көрсететін әртістер көп секілді көрінеді. Қандай той болсын мерекенің басы-қасында әншілер, әзілкештер мен бишілер өріп жүреді. Кемінде танымал болсын-болмасын екі-үш әнші өнер көрсетіп кетеді.

Әншілердің ұзатуы сәнге айналған

Сонымен қатар, қазақтың ұзату тойларында қалыңдықты өнер иелерінің шығаруы сәнге айналған. Тойда қалыңдықты тойханаға кіргізіп, кешке бар сән-салтанатымен қызды ұзатып жібереді. 

"Қазір көп тойларда қыздарды әртістер кіргізеді. Ол - сәнге айналған. Бір тойда қалыңдықты Мақпал Жүнісова апамыз кіргізсе, ендігі бір тойда "Гәкку" деген әнімен Бибігүл Төлегенова да қызды кіргізген. Одан бөлек Жазира Байырбекова, Мадина Сәдуақасова, Салтанат Бақаева және Мөлдір Әуелбекова қыздарды қолдап, тойханаға кіргізеді. Кейде бір той үшін әртістерге арнайы ән жазған кездеріміз болды", - дейді Руслан.

Асабаның сөзінше, сәнге айналып бара жатқан дәстүр - қызды өнер иелерінің шығарғаны дұрыс. Бірақ, әншіні таңдар алдында оның отбасы жағдайына мән берген жөн екенін атап өтті. 

"Әншілердің қыздарды шығарғаны дұрыс шығар. Бірақ қызды ұзатуға әртісті таңдаған кезде оның отбасы жағдайын ескерген жөн. Ал біздің адамдар әншінің танымалдығына қарап, оның рухани дүниесіне мән бере бермейді. Арасында ажырасқан әнші қыздарымыз ұзатып жатады. Ол дұрыс емес деп есептеймін. Эстрадамыздағы көпбалалы әнші қыздарымыздың жолын берсін деген ниетпен ырымдап алған дұрыс. Танымал адам ұзатсын, бірақ толыққанды отбасы иелері болса дұрыс деп есептеймін", - дейді асаба. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Адам беру біреуге оңай емес қашанда, Өмір заңы осы ғой – салт-дәстүрден қашамыз ба?! Өзіміз де қыз болдық, еріп кеттік сезімге .. Айналайын ата-ана, кетті қыз деп езілме! Барған жерде ашылсын бағы қыздың деп тіле, Біздің қызды әкеткен күйеу бала да епті ме? Ұзағынан сүйіндірсін ылайым, Жақсы болса күйеу бала – неге бүгін жылайын?!.... #салтанатбакаева #saltanatbakaeva #узатутой

Публикация от Салтанат Бакаева (@saltanat_bakayeva)

Қызды ер адам ұзата ма?

Бүгінде әнші қыздардан бөлек ер адамдар да қыз ұзата бастаған. Ән әлемінде алғашқылардың бірі болып қыз ұзатқан "Жігіттер" квартетінің әншісі Айдар Тұрғанбек болатын. Қыз ұзатуды кәсіпке айналдырғысы келген әнші бірден сынның астында қалды. Ал әншінің өзі болса қыз ұзатуды табыс көзі ретінде қарайтынын "Айта берсін" бағдарламасында мойындаған. 

"Шынына келетін болсақ, табыс көзі деп қарадым. Өтірік айтпай-ақ қояйын иә? Бір шетінен бұл бұрыннан келе жатқан ойым болатын. Топта "Қарындасыма" деген ән жазсақ деп. Бірақ сәті түспеді. Содан мына әнді маған ұсынғаннан кейін, бірден қабылдап, әнді жазып кеттім. Аллаға шүкір, барлық қазақ қарындастарымның көңілінен шығып жатыр. Көптеген тойға шақырып жатыр. Қолдан келгенше айтып беріп жатырмын", - деген еді Айдар Тұрғанбек.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Қазақтың барлық қызы менің қарындасым, сондықтан осы "Қарындасқа тілек" деген әнді жаздым, дәстүр бойынша баяғыда қарындасын өсиет айтып ағасы ұзатқан екен, сол дәстүрді жаңғыртып жатырмын. АЛЛА қарындастарымызды бақытты етсін.... әмин!!!

Публикация от АЙДАР ТҰРҒАМБЕК (@aidar_turgambek)

Ал әншінің продюсері Ерғали Әбдірайымов Instagram желісіндегі парақшасында әнші бұған дейін 45 қызды "Қарындасқа тілек" әнімен ұзатқанын хабарлаған. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Осымен @aidar_turganbek ұлдарыңыз 45-ші қарындасымызды "Қарындасқа тілек" әнімен,құтты орнына шығарып салды. Меніңше,салт-дәстүрді өрескел бұзған дүние көрмей тұрмын,сіздер қалай ойлайсыздар? Дұрыс десеңіздер,маған звандап қойыңыздар,Айдаржанның қолы жүріп тұр қазір.???? Қолы бос болмай қалуы мүмкін.

Публикация от Ергали Абдраимов (@ergali_abdraimov)

Асаба Руслан Ысқақовтың сөзінше, "Музарт" тобының әншісі Сәкен Майғазиевтің де қызды әсем әнімен сүйемелдеп, тойханаға алып кірген сәті болған екен. 

"Бірақ ол жерде Сәкен ағамыз қызды ұзатқан жоқ. Ол кісі ән айтып тұрған кезде қызды кіргізді. Сол той үшін Сәкен ағамызға арнайы ән жазғызған болатынбыз. Сәкен ағамызды той иелері 12 құрсақ көтерген анамыздың ұлы, көпбалалы отбасыдан шыққан адам және үлгі тұтарлық азамат болғаннан кейін ырымдап, ниет қылып таңдаған болатын", - дейді асаба. 

Этнограф Болат Бопайұлының сөзінше, ертеде қазақтың тойы өте қарапайым өткен. 

"Қазақ - тойын өзгенің тойымен салыстырып, жарысып тойлатқан емес. Қалыптасқан дәстүрімен, қойын шалып, туыс-туғандарын шақырған. Келін түсірген кезде келініне сәукелесін, той көйлегін кигізіп, батасын беріп қарапайым түрде өткізген. Келіннің бетін ашқаннан кейін-ақ босағадан оң аяғымен аттатқан. Қазіргідей әншілер сүйемелдеп кіргізу деген болмаған. Бұрындары қызды шаңыраққа күйеужігіттің ет жақын ағаларының жары, яғни жеңгелері қосақтап кіргізген. Солай ғана той жасаған", - дейді этнограф. 

Ақшадан жасалған шапан

Ал бұл Тараз қаласындағы тойлардың бірінде болған оқиға. Тойды тізгіндеген Ардақ есімді асабаның айтуынша, бұл - әзіл ретінде болған дүние. 

"Бұл жалпы Таразда болған той. Ақшалардың жалған екені видеодан да көрініп тұр. Шапан құдағилардың бір-біріне жай әзіл ретінде жапқан шапандары. Мен басқарған тойларда болған ерекше оқиғалардың бірі деуге болады. 

"Астатөк ысырап жасау, ақшадан шапан жасау - менің ойымша дұрыс нәрсе емес. Біз әр кез салт-дәстүрімізге адал болуымыз қажет. Ата-бабамыздан қалған ғұрыпқа құрмет етуіміз керек", - дейді этнограф Болат Бопайұлы. 

Желіде пайда болған бұл видео қолданушыларды таң-тамаша еткен болатын.

"Құдадан келесі құдаға сыйлыққа берілмейтін жалғыз шапан", "Маған, керісінше, ұнады. Мұндай шапаннан бас тартпайтын едім" дейді желі қолданушылары. 

Қалыңдықтың көйлек ауыстыруы

Бүгінде қалыңдықтардың бір тойда екі көйлек киюі де үрдіске айналғандай. Бірін тойға дейін қала қыдыруға кисе, екіншісін мейрамханаға киіп жатады. Мұндай кезде той иелері біраз шығындалатыны сөзсіз. Мәселен, еліміздегі белгілі "Қалаулым" бағдарламасының ұзақ уақыт бойы қатысушысы болған Камила Әділхан үйлену тойына екі көйлек киген. 


© instagram.com/e.kami

Алғашқы образы грек стилінде болса, екінші образы тәжді ару стилінде. 

Айта кетейік, Камила Әділхан тойханаға ерекше кіріп, жұртты таңғалдырған болатын. 

"Бұлай шығуға қатты қорықтым". Тойханада жұртты таңғалдырған қалыңдық кім?

Күйеужігітті батырлардың алып шығуы 

Бүгінде қыздарды әншілер әсем әндерімен сүйемелдеп кіргізсе, жігіттерді алып денелі батырлар тойханаға алып кіретін болған. Бұл да - той ұйымдастыру орталықтарының тапсырыс берушіге ұсынып отырған ерекше әдістерінің бірі. 


© instagram.com/iskakov_showman

Баланы тойханаға таққа отырғызып кіргізу

Осыдан екі жыл бұрын Атырауда ұлдарының бірінші сыныпқа барғанын атап өткен той жұртты таңғалдырған болатын. Себебі, той иелері мектеп табалдырығын аттаған ұлдарын алтын таққа отырғызып, тойханаға кіргізген. 

Этнограф Болат Бопайұлының айтуынша, жиын-тойдағы жас баланың басты мақсаты - үлкендердің батасын алып, көрімдігін жинау. Сол арқылы баланың жолы ашылады. 

"Жас қазіргі тойларда жас балаларды тойханаға таққа отырғызып, түйе не атқа мінгізіп кіргізу ол - жай қазіргі заманға сай қосылып жатқан үрдіс. Бірақ осы әдет-ғұрыптарды жасаймыз деп, ертедегі дәстүрлеріміз көлеңкеде қалып қоймағаны дұрыс. Оны әркімнің қалтасы шешеді. Қазіргі тойлардың көбінің парқы аздау", - дейді этнограф. 

Жалпы жиын-тойға миллиондап кредит алып, қарызға белшесінен батып жататын отбасылар көп. Санамыздағы "Ұят болады", "Жұрттан қаламыз ба?" деген түсініктер күндердің күнінде кез келген адамды тақырға отырғызатындай көрінеді. 

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 480.4   533.87   5.33 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети