21 июня 2019 | 10:59

"Сізді аңдып жүр". Жарнамашылар клиенттің қызығушылықтарын қайдан біліп қояды

Иллюстрациялар pixabay.com сайтынан

Жарнама десе түрлі-түсті баннерлер мен теледидардағы асқан позитивпен сөйлейтін танымал адамдар есімізге түседі. Ал интернет бетіндегі жарнама біздің өмірімізді аңдып отырғандай, себебі досыңызбен әлгінде ғана әңгімелескен тақырыбыңызға қатысты тауар сіз кірген кез келген сайт бетінен шығып тұрады. Жарнамашылар біздің өмірімізді, қалауларымыз бен қызығушылықтарымызды қалай бақылайды? 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жарнама десе түрлі-түсті баннерлер мен теледидардағы асқан позитивпен сөйлейтін танымал адамдар есімізге түседі. Ал интернет бетіндегі жарнама біздің өмірімізді аңдып отырғандай, себебі досыңызбен әлгінде ғана әңгімелескен тақырыбыңызға қатысты тауар сіз кірген кез келген сайт бетінен шығып тұрады. Жарнамашылар біздің өмірімізді, қалауларымыз бен қызығушылықтарымызды қалай бақылайды? 

Digital агенттік жетекшісі Мұхтар Мұхтаров Tengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында жарнама берушілердің сіз жайлы мәліметтерді қалай жинайтынын қарапайым мысалмен түсіндіреді.

Реклама
Реклама

Кез келген адам Интернетте, мәселен кір жуғыш машина іздесе, кейін ұялы телефондағы қосымшада немесе өзі кірген сайттарда кір жуғыш машиналарының жарнамасы тұратынын байқаған шығар. Дәл осы кір жуғыш машинаның жарнамасын маман екі жағдайда ғана көре алатыныңызды айтады.

"Біріншісі - сіз интернет дүкеніне кіріп, кір жуғыш машиналарды көрдіңіз, бірақ сатып алған жоқпыз. Жарнама беруші (сіз кірген интернет дүкен) Google Analytics немесе Яндекс Метриктер талдау технологиясын пайдалана отырып, осындай пайдаланушылардан (кір жуғыш машинкаларды қарап, бірақ сатып алған жоқ) деректер базасын жинайды. Одан әрі онлайн-режимде жиналған аудиторияны Google Ads немесе Яндекс директ жарнама кабинетіне жібереді және аудиторияның осы тізіміне кір жуғыш машиналары бар баннерлердің көрсетілуін реттейді. Ал кір жуғыш машинаны сатып алғандар басқа тізімге жиналады және оларға кір жуғыш ұнтақтың жылдық жиынтығы сияқты жарнаманы көрсетеді. Көптеген нұсқалар мен комбинациялар болуы мүмкін", - деп түсіндіреді ол.

Ал екінші нұсқасы жарнама беруші жарнама платформасын ұсынған аудиториялардың дайын базасын пайдаланған кезде болады екен. "Өз кезегінде жарнама платформалары миллиондаған пайдаланушның мінез-құлқын талдай отырып, патенттерді анықтай отырып, жарнама берушінің таргетингіне тізімдер жасайды. Соңғы уақытта мұндай таргетингтер саны тек өсуде, мысалы, соңғы: жақында үйлену тойы-үйлену жоспарлап отырған жұптарға таргетинг, университетке түсуге дайындалып жүргендер жайлы мәліметтер жиналады", - дейді маман.

Оның айтуынша, біз айтып отырған кір жуғыш машинаны сатып алғысы келетін клиентке талдау да осы екінші нұсқада қолданылады. 

Күн сайын адамдар интернетті пайдалану арқылы ондаған іс-әрекеттерді жүзеге асырады. Интернет-дүкендерде сатып алуда, әлеуметтік желілердегі әсерлерімен бөлісуде, арнайы сервистер арқылы жұмыс іздеуде де клиенттің осыған сәйкес қызығушылықтары мен қалауы туралы деректер жиналады. 

Маманның пікірінше, Қазақстанда клиенттердің қалауы мен қызығушылықтарын жинақтауға Google Analytics және Яндекс Метрика қолданылады екен. Бұл сараптау жүйелері еліміздегі ресурстардың 80-90 пайызында бар.

"Сіз бір сайттан талдамалы бағдарламалық қамтудан екіншісіне ауысасыз және сіз туралы деректер бірыңғай базада жиналады. Мысалы, желідегі іздеу ресурстарына сіз "Доставка пиццы в Алматы" деген сұраныспен белгілі бір сайтқа кірсеңіз, онда сіздің бұл қалауыңыз жайлы мәліметті сараптамалық бағдарлама бірден мәліметті сіз сияқты пицца іздеушілердің тізіміне қосады. Ал егер белгілі бір жиілікпен, яғни әр апта сайын жұмада осындай тапысырыс жасайтын болсаңыз, жарнамашылар әр жұма күні сізге интернет бетінде пиццаның жарнамасын үдетеді. Яғни сіз "фаст-фуд әуесқойлары" тізіміндесіз деген сөз", - деп түсіндіреді жарнамашы.

Мұхтаров белгілі бір жаңалықтар сайтынан ипотекалық несие жайлы мақала оқысаңыз да, сізге сол тақырыпта баннерлерді таңдап көрсететінін айтады. Алайда мұндай таргеттеу жолы елімізде әзірше қатты дамымаған.

Маман Қазақстандағы және әлемдегі жарнама нарығына, ондағы тенденцияларға тоқталды. 

"2 жыл бұрын нарықтың сыйымдылығы 70 пайыз сегменттің шағын және орта бизнес жарнама берушілерінен тұрса, бүгінде бұл 50 пайызға жетіп отыр екен. Яғни ірі жарнама берушілер біртіндеп Digital-ға көшкен және Қазақстанда бұл процесс тағы 2-3 жылға жалғасады. Мысалы, Еуропада, АҚШ-та және көршілес Ресейде digital қазірдің өзінде бүкіл жарнама нарығының 40 пайыздан астамын алады, Қазақстанда бұл көрсеткіш әзірше 25 пайыз деңгейінде. Бастапқыда ірі жарнама берушілер Digital құралдарын ТВ және билбордтармен қалай жасағандығына ұқсас пайдаланса, атап айтқанда аудиторияны жасауға бағытталса, ал қазір өзінің интернет ресурстарындағы сараптамалық бағдарламалық қамтуды пайдалана отырып, олар өз аудиториясының нақты сипаттамасын анықтап, тек оған таргеттеледі, сондай-ақ жаңа аудиторияны тарта отырып, белгілі бір таргетинг бойынша эксперименттер жасап жатыр", - дейді Мұхтаров.

Ал әлемдегі жарнама нарығына тоқталған ол Еуропадағы қолданушылар мәліметін қорғау туралы заң жайлы айтты.

"Бұл заң жарнама берушілердің мүмкіндігін шектесе, бір жағынан қолданушының өзінен рұқсат алып барып қана мәлімет жинайтын қосымшаларды пайдаланатын алуан түрлі стартаптардың пайда болуына әсер еткен. Осылайша жарнама берушілер клиенттің мәліметтерін жинауға қарсы заңды қулықпен айналып өтіп, жарнама платформалары арқылы тауарын сатып отыр", - деген ол әлемде клиенттердің қызығушылығы бойынша жинақталатын мәліметтердің әр сала бойынша таргетин аясы кеңейіп, сапасы артып жатқанын айтты.


Иллюстрациялар pixabay.com сайтынан

"АҚШ-та Amazon мысалы қазірдің өзінде Google-мен пайдаланушының бастапқы алаңы болу үшін бәсеке қызып тұр. Егер жарнама нарығы тұрғысынан айтатын болсақ, онда деректерді заңнамалық деңгейде қорғауға Еуропада тырысты, оларды табысты деп айту қиын", - дейді ол.

Ал осындай таргеттелген жарнамадан құтылудың жолы бар ма? Бұл сұраққа нақты жауап бере салу қиын. Digital агенттік жетекшісі мұнда сізге пайдаланушы ретінде нені түсіну керек екенін айтып берді. 

"Мысалы, егер сізге сіздің қалауыңыздағы дербес жарнамалар ұнамаса, онда көпшілік сервистердің параметрлері бар функцияны өшіруге болады. Бірақ бұл жағдайда да сіз жарнама атаулыдан толыққанды құтылай алмайсыз. Сізге ендігіде арнайы емес, жалпы аудиторияны қамту үшін жасалатын жарнама көрсетіледі. Мүлдем өшіріп қою мүмкін емес шығар. Себебі тауарын сату үшін қанша ақы болса да төлеуге дайын жарнама беруші барда өз платформасын ұсынатындар жоғалмайды. Бәріне де ақша керек", - дейді маман.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram