03 июня 2022 | 17:34

Сомалилік жігіт қазақ тілін үйреніп, TikTok жұлдызына айналды

Әлеуметтік желіде қазақ тілінде еркін сөйлейтін шетелдік екі жігіттің видеосы тарады. Tengrinews.kz тілшісі жігіттермен сөйлесіп, қазақ тілін қанша уақытта үйренгенін, Қазақстанға келгенде қандай қызық оқиғалар болғанын сұрады.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әлеуметтік желіде қазақ тілінде еркін сөйлейтін шетелдік екі жігіттің видеосы тарады. Tengrinews.kz тілшісі жігіттермен сөйлесіп, қазақ тілін қанша уақытта үйренгенін, Қазақстанға келгенде қандай қызық оқиғалар болғанын сұрады.

@lilabeke #answer to @asem__di ♬ original sound - Golweyne
Реклама
Реклама

Видеодағы жігіттің есімі - Абдулла Хұсайын Мұхаммед. Оның жасы - 25-те. Қазір Шымкентте тұрады. Қазақстанға Сомалиден келгеніне бес жарым жыл болған, ұлты - сомали.

Желідегі видеоларының бірінде "қазақ тілін неге үйренгіңіз келді?" деген оқырманына жауап беріп, мұндай сұрақ ұят екенін айтқан.

"Достар, кішкене болсын ұялмайсыңдар ма? "Неге қазақша үйренгіңіз келді?" деген қандай сұрақ өзі? Мен Африкадағы туысқандарыма мақтанып жүрмін. "Қазақтар 19 миллион, бәрі ақылды, бәрі магистратура, докторантура бітірген, бәрі күшті, мықты" деп жүрмін. Масқара ғой, бұл сұрақ. Кішкене ұялсайшы. Құрсын, ұят болады", - дейді ол видеода.

Өзінің айтуынша, Шымкенттегі тойларда әнші болып шығады.

Ол Сүлеймен Демирел атындағы университетті 2021 жылы "Бағдарламашы" мамандығы бойынша бітірген. Дегенмен қазір бағдарламашы болып қызмет етпейді, қосымша жұмыс ретінде ағылшын тілін үйретеді.

Оның айтуынша, қазақ тілін 1 жыл 8 айда үйренген. Сондай-ақ, Абдулла тіл үйрену кезіндегі қызықтарды бөлісті.

"Бірқатар сөзді үйренгенде қызық болды. Мысалы, ұшақ сөзінің орысша аудармасы - "самолет". Сомали мен самолет айтылған кезде ұқсас болған соң, "менің сол жақтан келгенімді қайдан біледі" деп таңғалдым", - дейді ол.

Студент кезінде де қызықтар болыпты.

"Жатақханада жігіттер "сковородка алып кел" дейтін еді, ал сомали тілінде "сковорн" сөзі "қалай жағдай?" дегенді білдіреді. Сөйтіп, "сомали тілін қайдан білесіңдер?" дейтін едім. Кейін түсіндім. Ол тамақ дайындайтын ыдыс екен", - деді ол.

Сонымен қатар, өзінің айтуынша, "қанағаттандырылмағандықтарыңыздан" деген сөз қызық болыпты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram