ПОДЕЛИТЬСЯ
26 ноября 2019 | 17:22
Соғым маусымы: Союдың тәртібі, түрлері және ырымдары
Елімізде соғым маусымы басталып кетті. Бұл қонақ шақырып, ет сүрлеп, қазы айналдырудың қызатын кезеңі. Қазақ халқының ертеден-ақ төрт түлік малды өсіріп, етін жеп, сүтіп ішіп, тіршілік еткені белгілі. Этнограф Болат Бопайұлы Tengrinews.kz тілшісіне соғым союдың мәні неде екенін, соғым басына шақырудың маңызын және қазақ халқының етті неге баптап сақтағаны жайлы айтып берді.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Елімізде соғым маусымы басталып кетті. Бұл қонақ шақырып, ет сүрлеп, қазы айналдырудың қызатын кезеңі. Қазақ халқының ертеден-ақ төрт түлік малды өсіріп, етін жеп, сүтіп ішіп, тіршілік еткені белгілі. Этнограф Болат Бопайұлы Tengrinews.kz тілшісіне соғым союдың мәні неде екенін, соғым басына шақырудың маңызын және қазақ халқының етті неге баптап сақтағаны жайлы айтып берді.
Этнограф соғымның тек қыста емес, жылдың барлық мезгілінде сойылатынын айтады.
"Қазақ атам заманнан бері соғым сояды. Оған берекенің асы, бірліктің асы, жақсылықтың асы деп қарайды. Соғымның төрт маусымы болады - қыстық, көктемдік, жаздық және күздік. Соғымға көбіне түйе, жылқы, қой, сиыр, өгіз сияқты малдарды сояды, ешкіні аса соймайды. Негізі қазақ соғымды өз жұрты, нағашы жұрты, қайын жұрты, ел жұрты деп - төрт жұртын түгел жинап, содан кейін ғана үлкен батамен сойған. Соғым басы - қазақтың керемет дәстүрі. Ірі байлар көп мал сойып қана қоймай, соғым етін кедей-кепшіктерге үлестіріп беріп отырған. Сондай-ақ, оны сүрлеп, дәмдеп, кәделі және негізгі, майлы жіліктерін "мына құдаға", "мына құдағиға", ал "мына құдайы қонаққа" деп барлығын бөліп алып қойып, кептірген", - дейді Болат Бопайұлы.
Дәрігер қазақтың сорпасы қанша дертке дауа екенін айтты
Тарихшы соғымның қазақ өміріндегі дәстүріндегі орны ерекше екенін айта отырып, соғым асылған малдың етін тастамау керегін айтады.
"Соғымды сойғаннан кейін қуырдақ қуырып қонақ шақырады. Бастапқыда соғым сойып бергендерді қонақ етіп күтсе, кейін туған-туыстарды, көршілерді, дос-жарандарды, ағайындарды қонаққа шақырады. Негізінен соғымның әр жілігінің өз иесі бар. Қазақ кезінде туыстарға, күйеу бала мен келіндерге соғымның бір бөлігін сақтап, асып қойған немесе сол сыбағаны беріп жіберетін болған. Және ол малдың сүйегін тастамаған, жерге көміп тастаған. Бас сүйектерді биікке іліп қойған", - дейді ол.
Соғым маусымы: Ет сүрлеудің тәсілдері
Этнографтың айтуынша, қазақ төрт түлік малды қасиетті деп санағандықтан, етті осылай баптап сақтап, соғымға жақындарын шақырып, сыйласып, құрмет білдірген.
"Сондықтан жыл сайын, ғасырлар бойы соғымды сүрлеп, сақтап, қонаққа шақыру дәстүрі әлі де жалғасып келеді. Соғымды бірігіп жеудің мақсаты "басымыз бірге болсын", "әрқашан тату-тәтті ынтымақта болу үшін" деп түсінген. Қазақ соғымды әрқашан қадірлеген халық", - деді этнограф.
Ет бизнесімен айналысатын Жұмабай Молдажановтың соғымның қалай дайындалатынын айтқан пікірін қосуды жөн көрдік:
Бұрында соғымның екі түрі болған: күздік және қыста сойылатын соғым. Күздік соғымға сүт еміп жүрген жабағыны соятын. Ал қысқа биені дайындайтын. Соғымның біздің кезімізде мереке екенін жоғарыда айттым ғой. Қуырдақ, ет, қазы-қарта, жал-жая, шіркін... "Өле жегенше, бөле же" деген сөз сол заманға тән бе деймін. Соғым басына келе алмаған қадірлі қонақтарға сыбағасын алып қоятын. Айтқандай, осы соғымнан ет алып сүрлеп, Наурыз көжеге, Ұзынсарыға (Ұзынсары дегеніміз жуанның жіңішкеріп, жіңішкенің үзілетін мезгілі, наурыз-сәуір аралығы) сақтайды. Кәрі жілікті Наурыз көжеге арнап, бүтіндей сақтайды. Кейін сүйегін қораға іліп қояды.
Әкемнен мәнісін сұрағанда, "Кәрі жілікті қораңа байласаң, малыңа қорған болады" деген еді. Өз басым соғым союдың жаңа немесе ертедегі тәсілі деп бөлмейді екенмін. Мен ет дайындау барысында өз әке, аталарымнан көрген мүшелеп бөлу әдісін қолданамын. Қандай мал болсын, жіліктеу барысында әр жілікке тиесілі етті дұрыс танып ажырата білу, бөлшектеуге назар аударамын. Сою барысында бауыздалғаннан кейін, қанның толық ағуы еттің сапасының дұрыс болуына әсері мол. Тұтынушыларымның сұранысының артуына себеп болған, бұл еттің сапасы мен әр омыртқаны жеке-жеке бөлшектеп, табаққа тартуға ыңғайлы болуында деп ойлаймын. Оған қоса қазы-қартаның дайындалу сапасы өте жоғары болуы тиіс.
"Қазақ үшін мал тағам не көлік қана емес" немесе ауылда бизнес жүргізу жайлы
Показать комментарии
Читайте также