РЕФЕРЕНДУМ ПО АЭС - 6 ОКТЯБРЯ
28 февраля 2020 | 10:00

"Шешеңді боқташы". Былапыт сөз айтқан баласына марқаятын ата-аналарға психолог ескерту жасады

Камила Долаева Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Көрнекі сурет. © Тұрар Қазанғапов Көрнекі сурет. © Тұрар Қазанғапов

Баласы көпшілік ортада әдепсіз сөз айтса, таңғалып, ұялатын ата-аналар бар немесе керісінше, мәз болып, қызық көріп, "жарайсың" деп мақтап қоятындары да жетерлік. Сонда бала былапыт сөзді кімнен үйренеді? Бұл оған қалай әсер етеді? Tengrinews.kz тілшісі отбасылық және балалар психологы Айгүл Рахметқызымен тілдесіп, ұрпағының көзінше боқтайтын, оған былапыт сөздер үйрететін ата-аналар нені білуі керегін сұрады. 


Баласы көпшілік ортада әдепсіз сөз айтса, таңғалып, ұялатын ата-аналар бар немесе керісінше, мәз болып, қызық көріп, "жарайсың" деп мақтап қоятындары да жетерлік. Сонда бала былапыт сөзді кімнен үйренеді? Бұл оған қалай әсер етеді? Tengrinews.kz тілшісі отбасылық және балалар психологы Айгүл Рахметқызымен тілдесіп, ұрпағының көзінше боқтайтын, оған былапыт сөздер үйрететін ата-аналар нені білуі керегін сұрады. 

Әдепсіз сөз айту жаман ба?

Балаңызды академиктердің жанында өсірсеңіз де ол мүлде әдепсіз сөз білмейді, айтпайды деген адам сенерлік ұғым емес. Неге? Тұтас бір қоғамда өмір сүргендіктен, бала міндетті түрде айналадағы адамдарды көріп өседі. Психологтардың айтуынша, былапыт сөздерден қашып құтылу мүмкін емес, десе де баланың боқтампаз болып кетуі ата-анаға тікелей байланысты.

Алдымен бала өзін жаман немесе мәдениетсіз ұстайды деген сөздердің мағынасына үңілсек. Былапыт сөздер айту - мәдениетсіздік, бірақ бұл жаман іс емес. Ол біреуді алдаған жоқ немесе жала жапқан жоқ. Әдепсіз сөздер кейде кемсіту үшін қолданылады, алайда мәселе мұнда емес, адамдардың бір-бірімен қарым-қатынасында, дейді мамандар.     

Психологтың айтуынша, ата-аналарда баланы кішкентай кезінен былапыт сөздерге үйретсе, тілі тез дамиды деген теріс пікірі қалыптасқан. 

"Бірақ бұл баланың психологиясына тікелей әсер етіп, санасына терең сіңеді. Ал қалыпты болып кеткен бұл сөздерді кейін ол қанша жаста болса да, айтуға құмар болып келеді", - дейді ол. 

Айгүл Рахметқызының айтуынша, тәртіпсіз сөздер баланың дағдысына айналып кетпеуі керек. 

"Дағды қалыптасса, біз әдетте барлығын автомат түрде жасаймыз. Мысалы, баланы кішкентайынан тазалыққа, әдепке үйретсек, уақыт өте ол машықтанады, үнемі таза жүруге тырысады. Мұнда да сол сияқты. Проблема әдетке айналған жағдайда, баланың аузынан қайткен күнде де бұл сөздер шығып кетеді", - дейді маман. 

Әдепсіз сөздер балаға қалай әсер етеді?

Ересектердің көбі баланың жанында неге әдепсіз сөз айтуға болмайтыны туралы ойланбайды, қажет деп санамайды, дейді мамандар. Олар бала әлі ештеңе түсінбейді немесе бейнорма лексиканы жаман деп қабылдамайды деп ойлайды. Бірақ бұл қате пікір екен. Осыған байланысты бірнеше теория бар: 

  1. Былапыт сөздер кез келген жастағы балаға өте қауіпті. Біріншіден, бұл бала өмірі мен зорлық-зомбылық арасындағы көпір. Ол көбіне төбелеске, агрессияның кез келген түріне әкеп соғады. Ал балалар осы энергетиканы тез сіңіріп, оны қоршаған ортасына белсенді тарата бастайды. Содан кейін баласының қылықтарына кейде ата-аналары да таңғалып жатады. 
  2. Екіншіден, бейпіл сөздерге тәуелділік дамиды. Психологтар алкоголь немесе никотин тәуелділігін жиі осымен тең қарастырады. Ерте жастан нормаланбаған лексиканы қолданатын бала әдетінен арылуы қиын болады. Себебі ол көп күш-жігерді талап етеді.
  3. Үшіншіден, баланың үйренген сөздері кейін өскенде ата-анасына қарсы айтылуы да әбден мүмкін. Сондықтан оған неге олай айтуға болмайтынын барынша түсінікті жеткізуге тырысқан жөн.
  4. Әрбір ата-ана мәдениетті тілде баласына біреудің қытығына тиетін сөздің ең алдымен кемсіту екенін түсіндіруі керек. Оны күнделікті қолданатын адам біреуді ренжітіп алуы мүмкін екенін, олар өзіне есеп бермейтінін, мағынасына үңілмей беталды қолданатынын айтқан жөн. Себебі балалар мұны ересектер сияқты білмейді.  

Ата-ана қателігі неде?

Мәселенің шешу жолы сонау ерте жастан басталады. Психолог баланың түпкі санасында кішкентайынан айтылған сөздердің барлығы қалып қоятынына сенімді. Айтуынша, баланың бейпіл сөз айтуы - ата-анасының қатесі. 

"Жаңа туған нәресте таза парақ секілді. Біз оған не жазсақ, бала да дәл сондай әрекет етеді. Сол үшін таза парақты біз тек дұрыс жағынан толтыруымыз керек. Адам баласы негізінен ашуға булығып тұрғанда былапыт сөздер айтып, ішін босатады. Немесе кейбіреуінде бұл сөзге міндетті түрде жалғанатын қосымша іспеттес болып кеткен. Оған қоғамда болып жатқан оқиғалар, жағдайдың нашарлығы, жоғы және басқалары әсер етеді. Алайда қандай жағдай болса да, баланың көзінше бейпіл сөз айтпауға тырысу керек", - дейді ол.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 480.4   533.87   5.33 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети