РЕФЕРЕНДУМ ПО АЭС - 6 ОКТЯБРЯ
01 июля 2021 | 14:15

Саяхат кезіндегі төтенше жағдай: қалай әрекет ету керек?

Камила Долаева Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет: Factor Motivation/Сергей Кожевников Сурет: Factor Motivation/Сергей Кожевников

Қазақстанның көрікті жерлерге бай табиғаты, сөзсіз, туристерді еліктіреді. Алайда алматылықтар арасында танымал "Фурманов", "Күмбел" сияқты шыңдарға, я Катонқарағай ұлттық саябағы немесе Бозжыра, Шарын сияқты шатқалдарға барып, тау-тас аралап, шөл және құмды барқандар кезгіңіз келсе, демалуға, саяхатқа шығарда өте тың дайындалған жөн. Себебі тосын жай айтып келмейді. 2021 жылдың бірінші жартыжылдығында Төтенше жағдай министрлігінің 112 нөміріне екі жүз елу мыңға жуық қоңырау түскен. 


Қазақстанның көрікті жерлерге бай табиғаты, сөзсіз, туристерді еліктіреді. Алайда алматылықтар арасында танымал "Фурманов", "Күмбел" сияқты шыңдарға, я Катонқарағай ұлттық саябағы немесе Бозжыра, Шарын сияқты шатқалдарға барып, тау-тас аралап, шөл және құмды барқандар кезгіңіз келсе, демалуға, саяхатқа шығарда өте тың дайындалған жөн. Себебі тосын жай айтып келмейді. 2021 жылдың бірінші жартыжылдығында Төтенше жағдай министрлігінің 112 нөміріне екі жүз елу мыңға жуық қоңырау түскен. 

Tengrinews.kz тілшісі Төтенше жағдай министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәлиден саяхатқа шығарда әркім білуі қажет басты ережелер мен тауларда адасып кеткенде жағдайды қалай бақылауға алу керегін сұрады. 

Тауда адасып кеткенде ең алдымен не істеу керек? Қандай жерлерде түнеген дұрыс?

Халықаралық тәжірибеге сүйенсек, адам тауда адасып қалса, аман қалудың ықтимал 3 жолы бар:
1. Жүру;
2. Құтқарушылардың көмегін күту;
3. Көмекке шақыру.

Бастысы үрейге бой алдырмау керек. Жағдайға баға беріп, өзіңіз тұрған жер туралы мәлімет жинауға тырысыңыз.

Қай жерде екеніңізді анықтаңыз. Ол үшін бұрыннан білген жерден қаншалықты алысқа және қай бағытта кеткеніңізді еске түсіруіңіз керек (шың, жол айырығы, ағын немесе орманның шеті). Жолда келе жатқанда нені көрдіңіз, айналаңызда не болды. Барлық деректі картамен тексеріңіз. Спутник навигациясы құралыңыз болса, оны пайдаланыңыз.

Іс-қимыл жоспарын жасап, соны орындаңыз. Қай жерге баратыныңызды және оған қанша уақыт кететінін анықтаңыз. Жүріп бара жатып, картадан бағыт-бағдарды қарап отырыңыз. Қателесіп кетсеңіз, кейін қайтып, басынан бастаңыз. Бәрі дұрыс болса, бағытыңыз бойынша жүре беріңіз. 

©Shutterstock

Түнейтін орын

Күн батар кезде тоқтап, сол жерге түнеңіз. Өзіңізге қолайлы әрі қауіпсіз жағдай жасауға тырысыңыз. Бағыт-бағдарыңызды күндіз жалғастырыңыз. Күндіз жоғарғы жаққа ашық түсті киімді жайып қойыңыз.

Егер сіз кешке қарай адасып қалсаңыз, тауда түнеу керек болады, егжей-тегжейлі дайындалыңыз. Өзен жағасында түнемеңіз, сізді су алып кетуі ықтимал. Ашық жерде де түнеуге болмайды, ол сізді тас пен жабайы жануарлардан қорғамайды. Алкогольдік ішімдік ішпеңіз.

Адам дауыстарын естісеңіз, бірден оларға жауап беріңіз. Бұл сіздің тобыңыз немесе құтқарушылар болуы мүмкін. Сондықтан ұйықтамаңыз. Күш-жігеріңізді сақтаңыз.

Туристік орындарда адасып кеткен адамды табуға қандай факторлар әсер етеді? 

Ұлттық паркте немесе басқа таулы аймақта адасқан адамның тірі қалуының бірнеше факторы бар. Бұл оның күш-жігеріне, денсаулық жағдайына, азық-түлік және су қорына, тіршілікті қамтамасыз ету құралдарымен жабдықталуына, карталардың, навигация құралдары болуына, сондай-ақ төтенше жағдай кезінде өзін-өзі қорғау дағдыларына және тағы басқаларға байланысты.

Өз кезегінде ТЖМ құтқару қызметіне жоғалған туристер туралы хабарлама келіп түскен кезде жедел түрде тауда жұмыс тәжірибесі бар құтқарушылар, іздестіру иттері, пилотсыз ұшу аппараттары, әуе кемелері бар құтқару топтары құрылып, оқиға орнына жіберіледі. Сонымен қатар, құтқару операциясы арнайы топта тауға аттанған туристердің маршруты болған жағдайда жеңілдей түседі, олар болмаса, адамдарды іздеу қиынға соғады.

Осыған байланысты ТЖМ өкілдері таулы жерлерде туристік серуенді жоспарлау кезінде міндетті түрде аумақтық төтенше жағдайлар бөлімдеріне жүретін маршрутты тіркеуге, маршрут жоспарланатын жерді мұқият зерделеуді, сондай-ақ күш пен мүмкіндікті бағалауға кеңес береді.

Қыста адасып, бір аптадан соң аман табылған ер адамның оқиғасы 

Қыста далада адасып, бір аптадан кейін аман қалған бір адамды мысалға келтірейін. Оқиға Қостанай облысында болған.

2021 жылдың 27 ақпанында Қостанай облысы Амангелді ауданының Берәлі қыстағынан 35 шақырым жерде бір адам табылды. Ол 20 ақпанда Берәлі қыстағынан мал іздеуге аттанып, жоғалып кеткен. Ер адам тікұшақпен іздеу барысында табылды. Ол өмірінің жеті тәулігін далада, ашық жерде өткізсе де, қыста аман қалу дағдыларының арқасында үйіне оралды.

© tengrinews.kz мұрағатынан 

Бір құтқару операциясына қанша ақша жұмсалады? 

Апаттық-құтқару жұмыстарының шығыны сол жылға бөлінген республикалық бюджет есебінен жүргізіледі. ТЖМ іздестіру жұмыстарын тегін жүргізеді.

ТЖМ құтқарушыларын байланысы жоқ жерлерде қалай шақыруға болады?

Ұялы телефонда шұғыл қоңырау шалу функциясы бар. 112 нөміріне SIM-карта болмаса да, желі ұстамаса да немесе баланс болмаса да, қоңырау шалуға болады.

Қазақстан бойынша ТЖМ-ге түсетін қоңыраулар статистикасы қандай?

ТЖМ "101" және "112" нөмірлеріне түскен қоңыраулар саны туралы талдау жасайды. 2021 жылдың бірінші жартыжылдығында Төтенше жағдай министрлігіне 3 657 641 қоңырау түсті.

  • "112" бағыты бойынша - 246 353;
  • "101" бағыты бойынша - 308 034;
  • "102" бағыты бойынша - 405 760;
  • "103" бағыты бойынша - 426 992;
  • ақпараттық-анықтамалық сипатта - 940 200;
  • басқа (ұялы байланысты тексеру, балалардың ойыны және т.б.) - 1 330 302.
Қандай жағдайда тікұшақтар жұмылады?

Бүгінгі таңда барлық құтқару қызметі тікұшақ пайдаланады. Әсіресе жолдары жоқ елді мекендерден алыс орналасқан аудандарда, сондай-ақ рельефті жағдайларына байланысты іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу кезінде тікұшақ жұмылады.

Құтқару құралымдары тікұшақты пайдалана отырып:

  • ТЖ орнына құтқарушыларды, олардың жұмыстарына қажетті құрал-жабдықтарды, жарақтарды жедел жеткізуді;
  • зардап шеккен адамдарды жақын жердегі емдеу мекемелеріне жеткізуді;
  • іздестіру-құтқару жұмыстары жүргізіліп жатқан ауданға, әсіресе көлік бара алмайтын елді мекендерге барлық қажетті жүкті қосымша жеткізуді;
  • құтқарушыларды іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін бір жерден екінші жерге жеткізуді;
  • әуеден іздеу жұмыстарын жүргізу немесе апат орнын зерттеуге;
  • тауда іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу кезінде көшкіндерді жасанды түсіруге;
  • жетуі қиын жерлерден зардап шеккен адамды көтеру немесе шығаруға пайдаланылады.

Тікұшақ іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу уақытын едәуір азайтуға, жұмылатын күш пен құралдардың санын қысқартуға, зардап шеккендерді құтқару мүмкіндігін арттыруға мүмкіндік береді.

© tengrinews.kz мұрағатынан 

Төтенше жағдайлардың алдын алу үшін туристерге қандай кеңес бере аласыз?

Туристік серуенге шыққан кезде өзіңізбен мына заттарды алыңыз:

  • жергілікті жердің картасы;
  • алғашқы медициналық көмек құралдары;
  • байланыс құралдары (ұялы телефон, радио, пеленгация құралы);
  • сигнал беру және жарықтандыру құралдары;
  • жергілікті жерде бағдар беру құралы;
  • сіріңке немесе оттық, сондай-ақ сигналды құлақтандыру құралы (фальшфейер, сигналды ракеталар және т.б..);
  • жыл мезгіліне және ауа райына байланысты киім-кешек;
  • жол ұзақтығына байланысты жеткілікті азық-түлік.
  • Иллюстрациялық сурет ©Shutterstock
Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 480.4   533.87   5.33 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети