24 августа 2020 | 10:35

"Сақ болыңыз". Шетелде демалғысы келетін қазақстандықтарға 5 кеңес

Даурен Ерболат Журналист
Фото: sletaem.kz

17 тамызда елімізде карантин режимі жеңілдеп, шетелмен әуе қатынасы жанданды. Туристік компаниялар жұмыс істеуге мүмкіндік алды. Осы орайда Tengrinews.kz тілшісі туристік компания өкілдерінен шетелде демалғысы келетін қазақстандықтарға қандай талап қойылатынын біліп көрді. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

17 тамызда елімізде карантин режимі жеңілдеп, шетелмен әуе қатынасы жанданды. Туристік компаниялар жұмыс істеуге мүмкіндік алды. Осы орайда Tengrinews.kz тілшісі туристік компания өкілдерінен шетелде демалғысы келетін қазақстандықтарға қандай талап қойылатынын біліп көрді. 

"ПТР-тест тасыру керек"

Реклама
Реклама

Туристік компания директоры Жанар Баспакова 17 тамыздан елде карантин талабы жеңілдеген соң жұмыс істей бастағанын айтады. Ол қазақстандық туристер көбінесе Түркия, БАӘ және Мысырға демалуға жиі баратынын атап өтті. Осы орайда директор шетелде демалғысы келетін қазақстандықтар не білу керегін түсіндірді.

"Ең басты талап - ПТР-тест тапсыру. Оның мерзімі елдерге байланысты. Кейбір елдерде міндетті түрде сапарға 48 сағат немесе кейбірінде 72 немесе 96 сағат қалған кезде COVID-19 бар-жоғына тест тапсыруы керек. Сондай-ақ, туристер Дубай әуежайында да коронавирустың бар-жоғына міндетті түрде тест тапсырады. Қазір Мысырда да туристер үшін ПТР-тестіні талап етіп отыр", - деді ол.

COVID-19-ға тест, карантиндегі қонақүйлер. Пандемияда турист не білуі керек?

"Туристік жолдаманың бағасын айта алмаймын"

Оның айтуынша, туристер үшін алдымен шекараны Біріккен Араб Әмірліктері ашқан. Ал қыркүйектен бастап қазақстандықтар Түркияда, ал қыркүйектің ортасында Мысырда демала алады. 

"Туристік жолдамалардың бағасын айта алмаймын. Олардың бағасы арзандады деп айтуға болмайтын шығар. Ол туристің қандай елге баратынына байланысты. Себебі, туристер жиі баратын мемлекеттер санитариялық нормаларды қатаң сақтап отыр. Негізі Түркияға сұраныс жоғары. Алайда шекара жабық. Сондықтан тұрғындар көбіне Дубайға барып жатыр. Сондай-ақ, Түркияға ПТР-тест тапсырудың қажеті жоқ. Бұл талап өзгеруі мүмкін. Талапты үнемі бақылап отыру керек", - дейді ол.

"Сақ болыңыз"

Сонымен қатар, Жанар Баспакова шетелде демалғысы келетін туристерге кеңес берді.

"Шетелге шықпас бұрын денсаулыңызға мән беріңіз. Сондай-ақ, өзіңіз баратын елдің санитариялық талаптарымен танысыңыз. Шетелде болсаңыз, маска тағып жүріңіз, сақ болыңыз! Сондай-ақ, күтпеген жағдайға дайын болыңыз. Себебі, қазір әлемде пандемия болып жатыр. Турист мұны ескеріп, жауапкершілікті сезіне білуі керек", - деді ол.

"Шекара ашылып жатыр". Қазақстандықтар қай елдерге бара алады?

"Барғысы келмей қалады"

Сондай-ақ, тағы бір туркомпания директоры Лаура Ахметжанова елімізде карантин талабының жеңілдегеніне қуанғанын атап өтті. Ол қазақстандықтар неге Дубай мен Мысырда демалып жатқанын түсіндірді.

"Қазір біздің туристер қай жер арзан болса, сол жерге барып жатыр. Мысалы, Түркияға сұраныс аз. Әрине, олар қызығады. Бірақ туристік жолдаманың бағасын көрген кезде барғысы келмей қалады. Сондықтан шетелде демалғысы келетін туристерге "Дубайға немесе Мысырға барыңыз" деп ұсыныс жасаймыз", - деді ол.

Оның айтуынша, Түркияға ерлі-зайыпты баласымен 9 күнге демалғысы келсе, оның бағасы 1 миллион 300 мың теңге болады.

"Баруға кеңес бермеймін"

Ал тағы бір туркомпания директоры Динара Онлабаева әзірше туристерге шетелге бармауға кеңес берді.

"Мен бұл мәселеге қатысты жеке пікірімді білдіремін. Мен шетелге демалуға баруға кеңес бермеймін. Себебі, турист шетелге барған күннің өзінде ертең не боларын білмейді. Адамдар өзін жайсыз сезінуі мүмкін. Шетелде көптеген сауда орны, мейрамхана жабық. Онда адамдармен көп байланыс жасамаған жөн. Бұл - басты талаптардың бірі. Сондай-ақ, мұнда турист коронавирустың бар-жоғына тест тапсырып, ол теріс нәтиже көрсеткен күннің өзінде шетелде оң нәтиже беруі мүмкін. Бірақ түпкілікті шешімді туристің өзі шығарады", - дейді директор.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram