Әнуар Молдағалиев осы уақытқа дейін 15-тен аса мемлекетке барған. Ол бұл елдерде қыдырып қана қоймай, білім алып, оған қоса жұмыс та істеп үлгерген. Ол - инвестор. Жасы 44-те. Алматы қаласында дүниеге келген. Tengrinews.kz тілшісі Әнуармен сұхбаттасып оның басқа мемлекеттерге саяхаты жайлы, жұмысы жайлы әңгімелесті.
Әнуар Молдағалиев осы уақытқа дейін 15-тен аса мемлекетке барған. Ол бұл елдерде қыдырып қана қоймай, білім алып, оған қоса жұмыс та істеп үлгерген. Ол - инвестор. Жасы 44-те. Алматы қаласында дүниеге келген. Tengrinews.kz тілшісі Әнуармен сұхбаттасып оның басқа мемлекеттерге саяхаты жайлы, жұмысы жайлы әңгімелесті.
Ол осы уақытқа дейін Әнуар Молдағалиев Түркия, Қытай, Шриланка, Үндістан, Бельгия, Франция, Ұлыбритания, Канада, АҚШ, БАӘ және Тайланд сынды елдерге барған. Сондай-ақ ол оқытушы, медик, мемлекеттік басқару сияқты мамандықтарды тәмамдаған. Кейін ол шетелде де қос университте екі түрлі мамандық бойынша білім алған.
"Мен өзімді бір ғана істің маманымын деп айта алмаймын. Бұл өмірде әр түрлі салада жұмыс істегім келеді. Қазіргі уақытта жылжымайтын мүлік маманы, жеке репетитор әрі аудармашы болып жұмыс істеймін. Қанша мамандық ауыстырғанымды өзім айта алмаймын. Себебі мен "Зона комфортадан" шығып, өзіме әртүрлі жаңа белестерді белгілеп, оларға жеткім келеді", - дейді оқытушы.
Кейіпкеріміздің айтуынша, ол алғаш рет ата-анасымен бірге саяхаттаған екен. Сөйтіп, жастайынан қыдыруға қызушылығы ашылған көрінеді. Осыншама елді аралаған саяхатшы Қазақстан мен басқа елдердің айырмашылығына тоқталды.
"Меніңше, Қазақстан сияқты жас тәуелсіз елдерге даму үрдісі оңай болады. Сондай-ақ мемлекеттер арасындағы айырмашылықты бір-бірімен салыстыра отырып өлшеу дұрыс қағида емес. Мысалы Англия ешқандай мемлекеттен ешқандай үрдісті көшірмейді. Көп елді аралап, олардың тұрмыс-жағдайына қарап жүргендіктен, Қазақстанға өзінің дербес бағдарын табу керек сияқты деп ойлаймын. Ал басқа елдердің жетістіктерін қайталай беретін болсақ, біз жетістікке жетпейміз", - дейді Әнуар Молдағалиев.
Әнуар зайыбымен
Оның ойынша, біздің ел жоғарыда аталған кейбір мемлекеттерге қарағанда территория, табиғи және жер асты байлықтары жағынан артық болмаса кем түспейді. Кейіпкеріміз Канадаға барған сапары жайлы айтып берді.
"Мен Канадаға оқу мақсатында бардым. Виннипега университетінде жобаларды басқару мамандығы бойынша білім алдым. Ол жақта тұрған кезде маған жаңа ортаға бейімделу керек болды. Ол жаққа түсу үшін IELTS жүйесі бойынша тест тапсырып 7 балл алдым. IELTS тапсырмай Канадада университетке түсу мүмкін емес. Оны оқу орнында қажетті құжат ретінде қарастыратын болады. Кейін IELTS және басқа да құжаттармен қоса өтінімді қарастыру үшін жарна ақшасын төледім. Кейін маған оқуға қабылданғаным жайлы ақпарат келгенде, мен Канаданың иммиграциялық қызметіне шотымда жеткілікті қаражат бар екенін растайтын құжатты жібердім", - дейді кейіпкеріміз.
Әнуардың айтуынша, осыдан кейін ол дені сау екені туралы растайтын құжаттарды жіберуі керек болды. Себебі олар дені сау емес студенттерді өз оқу ордаларына қабылдағысы келмейді. Өйткені оларда студенттерге арналған медициналық сақтандыру болғандықтан, сәйкесінше Канада келген науқас студентке ақша жұмсауы қажет болады. Қазіргі уақытта Әнуар жанұясымен Канадада тұрып жатыр.
"Негізі Канадада қазақ отбасылары бар. Мен бес отбасын танимын. Олардың көбі азаматтық алмаған. Бұл жақта азаматтық алу өте қиын процесс. Көбінің жұмыс және оқу бойынша рұқсаттамалары бар. Олардың жасы жиырма және отыз бес аралығы. Яғни олар келімсек ретінде жүр. Канадада келімсектердің жұмыста лауазымдары төмен болады. Олардың осы жағдайға көңілі толмады немесе толмайды деп кесіп айта алмаймын. Меніңше, оларға бұл жағдай ұнамағанда олар еш қиналмай елге орала алар еді", - дейді қазақстандық.
Әнуардың айтуынша, ол тұрып жатқан аймақта сағатына төленетін ең төменгі жалақы мөлшері - 11 доллар. Сондай-ақ, ол жақта жұмыс берушілер жұмыскерлердің түйіндемесін жан-жақты тексереді екен. Кейбір жұмыс орнына орналасу үшін ЖОО-ның дипломы қажет. Кей жұмыс орындары канадалық университеттің дипломын ғана сұрайды екен.
Кейіпкеріміз қай елде өмір сүретінін әлі нақты шешкен жоқ. Бірақ оның ойынша, дамығысы келетін адамның кез келген мемлекетте жақсы өмір сүруге мүмкіндігі зор.
Оқи отырыңыз:
Футболшы, таэквондошы әрі блогер - Аустралиядағы қазақ жігітінің өмірі
"Ең арзан бағыт Өзбекстан, қымбаты Антарктида" - Қазақстандық жиһанкез
"Той фотографынан fashion-индустрияға". Ауыл баласы Миланға неге көшеді
Тұмшадан қашып, экологиясы таза жер іздеген Каринаның саяхаты