ПОДЕЛИТЬСЯ
06 декабря 2023 | 12:09
Рекорд орнатқан бүркітші қызды үш мыңдай турист үйіне іздеп барған
Бозанбай ауылында өткен бүркітшілердің халықаралық фестивалінде қазақты әлемге танытқан Айшолпан Нұрғайып арнайы қонақ болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Бозанбай ауылында өткен бүркітшілердің халықаралық фестивалінде қазақты әлемге танытқан Айшолпан Нұрғайып арнайы қонақ болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыздар.
Естеріңізге сала кетейік, Айшолпан 13 жасында небәрі 6 секундта құсты қолына қондырып, рекорд орнатқан еді. Содан бастап әлемнің әр түкпіріндегі туристер назары ауып, басылымдарда ол туралы жарыса жазды.
Ұлан ауданына қарасты Бозанбай ауылында өткен "Шығыс салбурыны – 2023" сайысы 70-тен астам бүркітшінің басын қосты. Ұйымдастырушылардың сөзінше, осы жылы құс көтерген жастар қарасы көп. Олардың өнерін тамашалап, қонақ ретінде келген Айшолпан қалың жұрттың ортасында қалып, туристер онымен алма-кезек суретке түсті. Әкесі Нұрғайып Ырысұлының сөзінше, әр жылы Моңғолияның Баян өлгей аймағынан келіп тұру әдетке айналды.
Фото: Асыл Бигелді
"Халық осылай жиналып, қазақтың салт-дәстүрі жаңғырып жатса несі айып?! Көбі қар жаумай, арасында жаңбыр сіркіреп кетуі бүркіттерге кедергі болды деп жатты. Негізі, бұл құстың ауа-райы. Табиғат бәрін біздің ыңғайымызға бұрып бермейді. Мұндағы жарысқа кіл мықтылар жиналыпты. Шырғаға қондыру кезінде мүмкіндіктерін мүлт жібергендері ілуде біреу", - деді ол.
Кәсіби бүркітшінің айтуынша, төл өнердің арқасында қазақ мәдениетімен танысуға ниеттілер саны күрт артқан.
Материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыздар.
Показать комментарии
Читайте также