ПОДЕЛИТЬСЯ
29 ноября 2021 | 10:18
Пранк жасағаны үшін 3,5 жылға сотталды. Желідегі "қалжыңбастарға" шолу
Ойын түбі - от. Бұл бүгінгінің пранкерлеріне арналған сөз секілді. Кейінгі кезде желіде түрлі пранк жасап, жұрттың есін шығаратындар көбейді. Пранк жасап, жазаланған блогерлерге шолу жасадық.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Ойын түбі - от. Бұл бүгінгінің пранкерлеріне арналған сөз секілді. Кейінгі кезде желіде түрлі пранк жасап, жұрттың есін шығаратындар көбейді. Пранк жасап, жазаланған блогерлерге шолу жасадық.
Автобус төбесінде от шашқан
Бұл оқиға Алматыда әл Фараби мен Желтоқсан көшелерінің қиылысында болды. 15 қарашада пранкерлер ұсталды. Төрт бұзақы алдын ала келісіп жұмыс істеген. Біреуі жүргізушіні алаңдатқан, екіншісі - пранкты видеоға түсірген, қалған екеуі - автобустың төбесіне шығып, отшашу атқан. Соңғы мәліметтер бойынша, іс тергеуде.
Дәрігерлерге пранк жасаған вайнер
19 қарашада вайнер Мейіржан Төребаевтың парақшасында видео пайда болды. Блогер дәрігерлерге пранк жасаған. Видеода Төребаев вакцина салдыруға келген. Ол "Спутник V" салдырғаннан кейін саусақтарын айқастырып алады. Осылайша дәрігерлерге барып, не болғанын сұрайды. Есі шыққан дәрігерлер блогердің қолына массаж жасап, саусақтарын ашуға көмектесе бастайды. Бүгінде вайнердің бұл әрекетін полицейлер тексеріп жатыр.
Алматы метросында жолаушыларға пранк жасаған үшеу
Жақында Алматыдағы метрода жолаушыларға пранк жасағандар жазаланды. Олар дыбыс ұлғайтқышпен музыканы қатты қойып, жолаушылардың мазасын алған.Метродағы халық кенеттен шыққан қатты дыбыстан шошып кеткен. Енді 19 және 22 жас аралығындағы жігіттердің ісі шешім қабылдау үшін сотқа жіберілді.
Алматыда жолда өртсөндіргішпен пранк жасаған
25 қарашада алматылықтардың есін шығарған блогерлер ұсталды. Олардың ішінде бұған дейін метрода пранк жасаған жігіттің бірі болған. Олар орталық көшенің қақ ортасында өртсөндіргішті қосып, тұрғындардың зәресін қашырған. Бүгінде қалжыңбас жігіттердің біріне әкімшілік қамауға алу жазасы қарастырылса, екіншісіне қатысты тексеру жүріп жатыр.
Мәскеуде қазақстандық пранкерлер 3,5 жылға бас бостандығынан айырылды
Биыл наурызда Мәскеуде қазақстандық блогерлер пранк жасады. Блогер Рамир Хасанов, Айдын Түсіпов және Ерсін Дүмшебай такси шақырған. Сөйтіп жүргізуші блогерлердің сөмкесін көліктің артына салып жатқанда жігіттер көлікті айдап кетіп қалған. Пранкерлер бірнеше минуттан кейін қайтып келіп, бұл әзіл екенін түсіндірген. Бірақ оларды полиция алып кетіп, қылмыстық іс қозғаған. 25 қарашада блогерлердің әрекетіне қатысты сот үкімі шықты. Үкім бойынша пранкерлер 3,5 жылға сотталып кетті.
Показать комментарии
Читайте также