23 февраля 2022 | 12:15

Пойызда айтылып, кітапқа арқау болған әдемі хикая

Адиля Норузованың жеке мұрағатынан

Жүз жасаған Жамбылдың ұрпағы, әнші Бибі Артықованың қызы, ал өзі "Айгүл" ансамблінің мүшесі болған Ақмарал Артықованың балалық шағынан бергі өмірі кітапқа арқау болған. Кітап авторымен және кейіпкерімен сұхбат Tengrinews.kz материалында.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жүз жасаған Жамбылдың ұрпағы, әнші Бибі Артықованың қызы, ал өзі "Айгүл" ансамблінің мүшесі болған Ақмарал Артықованың балалық шағынан бергі өмірі кітапқа арқау болған. Кітап авторымен және кейіпкерімен сұхбат Tengrinews.kz материалында.

Әнші Бибі Артықова мен әскери қызметкер Әбді Артықовтың қызы Ақмарал Артықова 1950 жылы Алматыда дүниеге келген. Балалық шағы Виноградов көшесіндегі "Әртістер үйінде", талантты тұлғалар арасында өткен, өзі де белгілі адамдардың қызы Ақмарал 2013 жылы жазда Нұр-Cұлтан қаласына сапары кезінде бір басылымның журналистеріне өз оқиғасын баяндап берген. Осы мақаланы оқыған журналист Адиля Норузова сол кездегі Алматы туралы және Ақмаралдың өмірі туралы кітап жазып шыққан.

Tengrinews.kz тілшісіне кітапқа арқау болған, аңыз адамдарды көзімен көрген Ақмарал Артықова өзінің анасы, Жамбылмен қандай туыстық байланысы бар екені туралы баяндады. Сондай-ақ, Қалибек Қуанышбаев, Әмина Өмірзақова сынды танымал тұлғалар туралы оқиғаларды әңгімелеп берді.

Реклама
Реклама

Оның айтуынша, сахнада өнер көрсетуі анасының арманы болған. Өйткені Ақмаралдың анасы, театр сахнасында Жібек, Қадиша партияларын орындаған атақты әнші Бибі Артықова өмірден ерте кеткен.

Ақмарал Артықованың анасы Бибі Артықова

Ақмаралдың балалық шағы кіл дарындар арасында өткен. Бұл қатарда Шәкен Айманов, Бекен Римова, Мүсілім, Ринат Абдуллин секілді тұлғалар болған. Ақмарал Шәкен Аймановтың энергияға толы, қадамдарының арасы үлкен, тез жүретін адам болғанын айтты. Осындай атақты тұлғалар қатарында актер, қазақ драма театрының негізін қалаушы Қалибек Қуанышбаев та болған.

Ақмарал бірде Қалибек Қуанышбаев өнер адамдарының балаларын жинап, фотограф шақыртып, суретке түсірткенін, сол суретті 60 жылдан аса уақыт мұқият сақтап келе жатқанын әңгімеледі. 

"Ол балаларды жақсы көретін еді. Бірақ балалар одан қорқатын. Бірақ белгілі корифей екенін білетін едік. Бәрі оны қатты сыйлайтын. Біз үшін атамыз болды. "Қалике-ата" дейтінбіз. Ол фотограф әкелді. Қалике ата ортасында отырды, ауланың балалары оны қоршап алды. Сол кезде кішкентай болдым, ештеңе сезінбедім. Қазір оған дәл сол оқиғаны көрсетіп бере алғанына қатты ризамын", - деп еске алды ол.

"Әртістер үйінің" балалары мен Қалибек Қуанышбаев

Ол Әмина Өмірзақованың үйіне қарама-қарсы тұрғанын әңгімеледі. 

"Ол менің ата-анамды жақсы білетін. Көп адам уәде берді. Бірақ бәрі дерлік сөзінде тұра алмады. Әмина Өмірзақоваға, отбасына қатты ризамын. Ол маған консерваторияға түсуім керек екенін айтты. Мен конкурс қатты екенін, адам көп екенін, бармайтынымды айттым. Ол көмектесетінін айтты. Бірақ бұл мүмкіндікті пайдаланбадым. ЖенПИ-ге бардым. Бәріне өз күшіммен жеткім келетін. ЖенПИ-ге түспесем, "Айгүл" ансамбліне де кірмейтін едім", - деді ол. 
 

"Айгүл" ансамблінің мүшесі болған Ақмарал Францияға гастролі мен ондағы француздар қалай қабылдағаны туралы әңгімеледі.

"Ол кезде "Дос-Мұқасан" қатты көрінбейтін. Халық бізді ("Айгүл" ансамблін) жақсы көретін. Францияға барғанда, азиаттар гитара ұстап тұрғанын көргенде, қатты таңғалды. Ол кезде бұл нәрсе таңсық еді. Оның үстіне танымал француз әнін орындадық", - деп күліп еске алды ол.

Ақмарал Артықованың жеке мұрағатынан  

Ақмарал Жамбыл Жабаевтың туысы екенін жеткізді. Оның айтуынша, Жамбыл Жабаев анасының әкесінің немере ағасы болған.

Ақмаралдың анасы Бибі Артықова мен Жамбыл Жабаев

"С любовью, Мара" кітабының авторы Адиля Норузова да бұл оқиғаны қалай жазып шыққанын айтып берді.

"Мақаланы оқығаннан кейін әрі қарай дамытуға болатын көп оқиға бар екенін түсіндім. Ақмарал Артықовамен жақсы араласа бастап, ол бәрін толық айтқан кезде, Алматы, адамдар туралы айтқанына, қаншама нәрсені есінде сақтағанына таңғалдым. Бұл халыққа айту керек Алматының тарихы еді", - деді ол.

Адиля Норузованың жеке мұрағатынан

Адиля мақаланы оқығаннан кейін "неге кітап жазбасқа" деп ойланған. Сөйтіп, мақала кейіпкеріне қоңырау шалған, ал ол бірден қонаққа шақырған.

"Мені шашы қысқа және көздері күлімдеген тұрған кішкентай ханым қарсы алды. Қазір есімде: ол жеңіл шалбар мен түрлі-түсті туника киіп жүрді. Шай іштік, Ақмарал маған суреттерін көрсетті. Ата-анасы, ағасы, әртістер үйіндегі достары, 50-жылдардағы Алматыдағы балалық шағы туралы әңгімелеп берді. Есімде, бөлмеде оның ескі фортепианосы, ал сөрелерде анасы, опера әншісі Бибі Артықованың сувенирлері тұрды. Мараның бүкіл тарихын білу үшін бір кеш аз болды, сондықтан бірнеше рет кездесіп, серуендеп, көп сөйлестік. Ақмаралға үнемі жас, жалғыз тұратын журналистің өмірінде не болып жатқаны қызық болатын. Осылайша, достасып кеттік. Менің міндетім оның тарихын айтып, қала, адамдар мен оқиғалар туралы естеліктерді бөлісу болды. Ең бастысы, ол кітапты міндетті түрде шығаратыныма сенді. Үмітін ақтадым деп ойлаймын!" - деді ол.

Кітап авторының айтуынша, кітап 3 жарым жыл бойы жазылған. Өйткені түрлі мұрағат деректерін, "Айгүл" ансамблінің тарихы, гастрольдері туралы және франциялық Иваның хаттарын қарап зерттеген. 

Ал кітапты жазу барысында автордың өмірінде де екі оқиға болған. 2016 жылы кітаптың кейіпкерімен танысқан. Жақсы араласа бастағаннан кейін Ақмарал Артықова үнемі аналық ақыл-кеңесін айтып отырған. Сөйтіп, отбасылық өмір туралы кейіпкерінің қызық оқиғасы оған да әсер етіп, 2017 жылы тұрмысқа шыққан. 

"Алматы тек тауларымен, ғимараттарымен емес, адамдарымен әдемі. Бұл қалада біз жай ғана тұрмаймыз, ол - біздің жүрегімізде", - деп түйіндеді Адиля.

"Осылайша Айгүл есімін қою сәнге айналды". Қазақ қыздары құрған алғашқы ансамбль

Автор: Жансая Қадыржанова

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram