30 апреля 2020 | 12:46

"Полицияның орнын роботтар мен дрондар басты" - шетелдегі қазақтар коронавирус туралы

Massaget.kz порталы "ZoomDastar: Шетелдегі қазақтар коронавирус туралы" жобасын қолға алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Massaget.kz порталы "ZoomDastar: Шетелдегі қазақтар коронавирус туралы" жобасын қолға алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бағдарлама барысында портал тілшілері шетелде тұрып жатқан қазақстандықтармен сөйлесіп, елдегі жағдай туралы сұрады.

Реклама
Реклама

Мичиган штаты университетінің студенттер қалашығынан байланысқа шыққан Жолдастың айтуынша, үнемі өмір қызып тұратын, студенттерге толы болатын жерде адам саны аз. Көшеде адам аз жүреді.

"Бұл процесс жаз бойы жалғасатын болып тұр. Себебі жазғы семестр бізде толықтай онлайн оқу режиміне ауысты. Дәл қазір күзгі семестрді онлайнға ауыстыру мәселесі қаралып жатыр деп естідік. Егер ол да шешілсе, онда біз жылдың соңына дейін кампусқа келмейміз", - дейді Жолдас.

Бағдарлама барысында Нью-Йорк көшелерінен Біржан байланысқа шығып, өңірдегі жағдайды баяндап берді.

"Бұл елдің медициналық саладан дайындығы туралы көп айтудың қажеті жоқ сияқты. Себебі АҚШ-та ең қатты дамыған медициналардың бірі. Сонда да Нью-Йоркте, әсіресе, медқызметкерлер бойынша дефицит. Тіпті барлығымыздың телефонымызға төтенше хабарлама келеді. Яғни, медициналық лицензиясы бар адамдарды волонтерлік тұрғыда немесе кәдімгідей ақшалай тұрғыда жұмысқа орналасуға шақырды. Адам жағынан кішкене сұраныс бар", - дейді Біржан.

Италия халқының қазіргі жағдайға қалай тап болғаны туралы Шуақ есімді отандасымыз айтып берді.

"Жасыратын жағдай емес, оны теледидардан бізге айтып жатыр. Әр қаланың мэрі, бізше айтқанда әкімі, халыққа ұрысып жатыр. Өйткені италиялықтар өте бауырмал. Қазақтар сияқты бір-бірімен жиналып, тамақ ішкенді жақсы көреді. Ең басында қате сол болды. Кісілердің бей-жайлығы, қатал қарамағаны, қатал тәртіпке бағынбағаны. Оны әдейі істеп жатыр деген сияқты көп сыбыс болды. Шындыққа ұқсамайтын ақпарат тарап, кісілер жан-жаққа қыдырып, қалаға, тауға барып... Ал қазір енді көп адамның жеке таныстары бар, менің жеке таныстарым бар вируспен ауырған, қаза болған кісілер бар мысал үшін", - дейді Шуақ.  

Бір қызығы, Катарда полиция қызметкерінің орнын роботтар мен дрондар алмастырған көрінеді. 

"Полиция тарапынан ешқандай қысым немесе тексеру білінбейді, байқалмайды. Себебі олардың орнына қазір роботтар мен арнайы дрондар іске қосылған.Заңбұзушылық жасап немесе келеңсіз жағдайларға тап болған жағдайда бірінші робот немес дрондар келіп, сізге ескерту жасайды. Егер сол берілген ескертуге назар аудармасаңыз және сол жасап жатқан заңбұзушылықты жалғастыратын болсаңыз сізді келіп тұтқындауға мәжбүр болады", - дейді Доха қаласында тұратын Жұлдыз. 

Бағдарлама барысында Ресейде, Жапонияда, Біріккен Араб Әмірліктерінде, Түркияда, Кореяда, Вьетнамда тұрып жатқан отандастарымыз елдегі жағдайды баяндап берді.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram