22 января 2020 | 16:00

"Полиция алып кеткен кездер де болды" - қыста жеңіл киіммен жүретін астаналық

Қайырбек Аяшев - мұздай судың ішінде тұрудан Қазақстанның жаңа рекордын орнатқан астаналық тұрғын. Рекорд көрсеткіші - 40 минут. Былтырғы көрсеткіш те Қайырбек Аяшевке тиесілі (35 минут). Одан бөлек ол қыс мезгілінде күртешесіз, яғни, жеңіл киіммен жүреді. Tengrinews.kz тілшісі Қайырбек Аяшевпен байланысып, қыс мезгілінде жеңіл киініп жүруінің себебін және оның денсаулығына әсері туралы сұхбаттасты. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қайырбек Аяшев - мұздай судың ішінде тұрудан Қазақстанның жаңа рекордын орнатқан астаналық тұрғын. Рекорд көрсеткіші - 40 минут. Былтырғы көрсеткіш те Қайырбек Аяшевке тиесілі (35 минут). Одан бөлек ол қыс мезгілінде күртешесіз, яғни, жеңіл киіммен жүреді. Tengrinews.kz тілшісі Қайырбек Аяшевпен байланысып, қыс мезгілінде жеңіл киініп жүруінің себебін және оның денсаулығына әсері туралы сұхбаттасты. 

Биыл Қайырбек Аяшевтің суық күндері жеңіл киініп жүру методикасын қолданып жүргеніне 12 жыл болған. Бұл іспен 2008 жылдан айналыса бастаған ол алғашында бұл техниканы және йога гимнастикасын денсаулық жағдайына байланысты қолдана бастаған екен.  

Реклама
Реклама

"Алғашында денсаулығыма байланысты бастадым. Соның ішінде көз жағынан мәселе болған. Көру қабілетім кішкене нашарлай бастады. Сөйтіп профессор Владимир Ждановтың көру қабілетіне байланысты методикасын таптым. Желіде соның видеоларын көріп, көзге арналған гимнастикаларын жасай бастадым. Сол методиканы қолданып жүрген кезде ол жалпы көзге арналған йога екенін түсіндім. Сөйтіп йоганы бүкіл денеге жасай бастадым, жалпы айтқанда йогаға көштім", - дейді Қайырбек. 

Кейіпкеріміздің айтуынша, ол көбіне ауа температурасын талғамай шығады. Алайда -30 және - 40 градус аралығында іштей жүріс-тұрысты бейімдеп шығады екен. 

"Негізі -30 градусқа дейін қатты қиналмай шығамын. Сыртта көп жүрмеймін: жұмысқа барамын, қайтамын. Жеке жұмыстарыммен жүремін. Әдетте 15-20 минут жүремін. Бірақ қатты аязда көп жүрмеймін", - дейді астаналық тұрғын. 

Қайырбек Аяшев мұздай суға түсуді де 2009 жылдан бастаған. Айтуынша, сол жылдары денсаулығының жақсара бастағанын сезген. Бірақ ол алғашында йога жасау арқылы денсаулығынан өзгеріс байқаған. 

"Менің әдісімнің негізі - йога және цигун гимнастикалары, қажет болған кезде тиісті антибиотик пен шөп дәрілерді ішу. Сол арқылы денсаулығымды біршама түзеп алдым. Негізі қыс мезгілінде жеңіл киініп жүріп денсаулығымды жақсартып алдым деп айта алмаймын. Керісінше, солай жүру арқылы өзімнің деңгейімді тексеріп жүремін. Қаншалықты суықта жеңіл жүрсем, демек ол мен үшін бір белгі. Осы арқылы денсаулығымды тексеріп отырамын.

Көп адам мені қыста жеңіл киініп жүргендіктен ауырмайды деп ойлайды. Жеке менің жағдайымда нақты солай деп анық айта алмаймын. Бәлкім, түрлі гимнастика жасағанымның арқасында солай жүре алатын шығармын. Солай деп түсінуге болады", - дейді Қайырбек Аяшев. 

Астаналық тұрғын оқырмандарға мұндай әдісті қолдануға кеңес бермейтінін айтты. 

"Өйткені бұл - қауіпті. Қазір интернетте мәлімет көп. Оны ең алдымен зерттеу керек. Кім олай жүре алады, кімдерге болмайды, жалпы қарсы көрсетілімдерін оқып, дәрігерлермен ақылдасқаннан кейін ғана бастаған дұрыс деп ойлаймын", - дейді кейіпкеріміз. 

Қайырбектің айтуынша, суық күндері жеңіл киініп бастар алдында қорқыныш болмаған. Мұндай методиканы қолданып бастауына ішкі сезімі де түрткі болған. 

"Мен денемді жақсы сеземін. Қай кезде тоқтау керегін білемін. Бұл методиканы қолданар алдында ешкіммен кеңескен жоқпын. Техника қауіпсіздігін үйреніп, зерттегеннен кейін ғана бастадым. Бұл методиканы абайлап қолдану керек. Бұл әдістің қаупі- кез келген адам өз денесін жақсы сезе білмейді, қай кезде тоқтау керегін аңғармай қалады", - дейді кейіпкеріміз. 

Қайырбек бұл әдісті көбіне кімдерге қолдануға болмайтынын түсіндіріп берді. 

"Негізі ол туралы ақпарат интернетте көп. Жалпы қарапайым тілмен түсіндірсем, көбіне жүрек аурулары бар, денсаулығы нашар адамдарға мұздай судың ішіне кіру қауіпті. Әрине, әр адам өзі шешеді. Бірақ дәрігерлермен де сөйлесіп, қарсы көрсетімдерін анықтап алу керек", - дейді Қайырбек Аяшев. 

Қайырбектің айтуынша, көшедегі адамдар оны көрген кезде әртүрлі қабылдайды. Бірі келіп көмегін ұсынса, енді бірі жақтырмай қарайды екен. 

"Адамдар әртүрлі қарайды. Кейбірінің аса жақтырмай тұрғанын көзқарасынан сеземін. Кейібірі қолдайды. Мені көрген адамдар келіп сұрақ қоюға ұялады, келіп әңгімелесіп кететіндері де бар. Тіпті киімін ұсынып, таксиге ақша бергісі келіп, көмек көрсеткісі келетіндері де болды.  Мен оларға бәрі жақсы екенін айтып түсіндіремін. Кейде полиция қызметкерлері тоқтатып, сұрақ қояды. Мен олардың сұрағына жауап беріп, түсіндірсем де полиция пунктіне апарып тастаған кездер болды. Ол жерде басшылығы біраз сұрақ қойғаннан кейін ғана жібереді", - дейді Қайырбек. 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram