РЕФЕРЕНДУМ ПО АЭС - 6 ОКТЯБРЯ
12 января 2021 | 13:37

Өзбекстан ІІМ өкілдері TikTok-тағы "жаман үрдіс" туралы айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видео кадрлары Видео кадрлары

Қазнетте анасының бетіне торт лақтырған жігіттің видеосы қызу талқыланған еді. Желі қолданушыларының көбі бұл әрекетті "шектен шыққандық" деген болатын. Ал 11 қаңтарда Өзбекстанның ІІМ өкілі TikTok қолданушыларына үндеу жасады, ал онда Қазнетті шулатқан дәл осы видеоның кадрлары бар, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Өзбекстан ІІМ баспасөз хатшысы Шохрух Гиясов видеоүндеу жасады. Ол ведомствоның Telegram-каналында жарияланды.

Шохрух Гиясов тұрғындардың тыныштығы мен қоғамдық тәртіпті бұзу ұсақ бұзақылыққа жататынын ескертті. Оның айтуынша, соңғы уақытта TikTok-та "жаман үрдіс" байқалады, әсіресе жастар өзіне назар аудару үшін түрлі видеолар жүктейді. Баспасөз хатшысы оларды "ақымақтық жасап қана қоймай, қоғамдық тәртіпті бұзады" дейді. 

"Құрметті жастар және олардың ата-аналары, сіздер әдепсіздікке, қоғамда өзіңді ұстау ережелерін мазақ етуге немқұрайды қарасаңыз да, біз бұған көнеді деген сөз емес", - дейді Шохрух Гиясов.

ІІМ өкілі қоғамның құтын қашырған кез келген әрекет үшін 15 тәулікке қамау түріндегі жаза қолданылатынын ескертті.

Желі қолданушылары әйелдің бетіне торт жаққан жігіттің ісіне ашуланды

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 480.4   533.87   5.33 

Погода

Редакция Реклама
Социальные сети