РЕФЕРЕНДУМ ПО АЭС - 6 ОКТЯБРЯ
10 декабря 2018 | 20:45

Отасқанына 54 жыл болған ерлі-зайыпты тату отбасын қалай құру керек екенін айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бүгін 7 арнадағы "Өз ойым" бағдарламасында "Махаббаты мәңгілік қариялар" тақырыбы талқыланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Бүгін 7 арнадағы "Өз ойым" бағдарламасында "Махаббаты мәңгілік қариялар" тақырыбы талқыланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бағдарламаға 50 жыл отасқан Қабиевтер әулеті келді. Олар түсініспеушіліктерді қалай шешетінін туралы айтып берді. 

"Әйел заты деген сезімтал, сондай адамдар ғой. Бұл кісілердің қалайда ебін табу керек. Шыныаяқ сылдырламай тұрмай қоймайды. Сонда бұл кісілердің ебін тауып, кей жерде үндемей, кейде қатты айтатын кездер болады. Құдайға шүкір, 50 жылда бір ретте болсын қол көтеріп көргеніміз жоқ. Үндемей қалатын кездер де болады. Өздері әдемі болған соң, әдемі заттарға қызыққыш келеді. Сондай бір кездері әдемі дүниелерді көрсетіп қойсаң, қалайда ебін табу қажет", - дейді отағасы.

Амангелді Қабиев "50 жыл бір әйелмен тұру оңай емес" деп қалжыңдады.

Өз кезегінде Ұлбала Әбдірайымова болса жолдасымен ренжісіп қалғанда не істейтінін айтты. 

"Бұл кісі өзі тұйық кісі. Көп сөйлемейді. Тез ашуланады. Сосын өзім жағдайын табамын. Келіспей қалып жатсақ, біраз уақыт үндемей жүремін. Жарты күндей жүремін. Мен бір ұсыныстарды айтып жүремін, бұл кісі келіспей жатады. Соған мен ашуланып қаламын", - дейді Ұлбала Әбдірайымова.

Отасқанына 53 жыл болған Зылиха Теміржанқызы әлі күнге дейін бір жерге баратын болса жолдасынан сұранатынын айтады. 

"Той-томалаққа барсақ маған "Өлең айт, өлең айт" деп түртіп отырады. Мен "Осы 53-54 жылда құлағыңның құрышы қанбады ма?" деп қоямын. Қызғаныш сезімі жоқ ондайға. Бір жерге баратын болсам, міндетті түрде "барайыншы" деп сұранамын", - дейді Зылиха Теміржанқызы.

Бағдарлама барысында елу жылдан аса бірге тұрып, өнегелі отбасына айналған зейнеткерлер жайлы сюжет көрсетілді. 

Айта кетейік, "Өз ойым" бағдарламасы 27 маусымнан жаңа санын бастады. Бағдарламаның ең басты жаңалығы ток-шоу дүйсенбі-жұма аралығында көрсетілетін болды. Түрлі әлеуметтік тақырыптарды қозғайтын бұл ток-шоу әлі талай қызықтарға толы. 

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 480.4   533.87   5.33 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети