РЕФЕРЕНДУМ ПО АЭС - 6 ОКТЯБРЯ
16 октября 2020 | 20:31

"Өлең-жырыңды дауылдата бер!". Сүйінбай мен Жамбылдың алғашқы кездесуі

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сүйінбай Аронұлы, Жамбыл Жабаев. © Ашық интернет кеңістігінен Сүйінбай Аронұлы, Жамбыл Жабаев. © Ашық интернет кеңістігінен

Жасынан жыраулығымен танылған жауынгер ақын, жыршы әрі күйші Сүйінбай Аронұлы мен оның шәкірті, өлең сөздің дүлдүлі, жырау, жыршы Жамбыл Жабаевтың арасындағы шығармашылық байланысты ғалым емес, еңбектеген бала да естіп-білген. Алайда ұлылардың замандас, тіпті кездескені туралы нақты мәлімет көп кездеспейді. Tengrinews.kz тілшісі ғалымдарның пікірін біліп, қос тұлғаның өміріндегі кейбір деректерді келтіруді жөн көрді.


Жасынан жыраулығымен танылған жауынгер ақын, жыршы әрі күйші Сүйінбай Аронұлы мен оның шәкірті, өлең сөздің дүлдүлі, жырау, жыршы Жамбыл Жабаевтың арасындағы шығармашылық байланысты ғалым емес, еңбектеген бала да естіп-білген. Алайда ұлылардың замандас, тіпті кездескені туралы нақты мәлімет көп кездеспейді. Tengrinews.kz тілшісі ғалымдарның пікірін біліп, қос тұлғаның өміріндегі кейбір деректерді келтіруді жөн көрді.

Алматы мен Жамбыл облыстары қазіргі өңірлік бөліністе екі облыс болса да, бұрынырақта біз бүгін жазуға кіріскен қос тұлғаның дүниеге келген жері бір аймақ. Сүйінбай жырау Алматы облысының батысындағы Жамбыл ауданы Қарақастек ауылында 1815 жылы дүниеге келген. Ал 40 жыл өткен соң осы өңірдегі Жамбыл тауының етегінде Жамбыл ақын туған. Екеуінің де бір рудан, Шапыраштының Екейінен тараған ұрпақ екенін де айтпай өтуге болмас. 


Әбілхан Қастеев салған Сүйінбай портреті

Жамбыл бозбала шағында-ақ жыр мен өлеңге құмартып, дүмше молданы мысқылдап шығарған "Шағым", ақындық жолына рұқсат сұраған "Әкеме", "Менің пірім Сүйінбай" деген өлеңдерін жазып жүргенде Сүйінбай сал-серіліктен гөрі қоғамдық-әлеуметтік істерге белсене араласып, өлеңдерінде Қоқан билеушілері мен жергілікті әділетсіз сұлтан, төрелерден, бай-болыстардан жасқанбай, турасын айтып отыратын ел ағасы болған.

Жамбылдың өлеңге, ақындыққа құмарту сезімі ерте оянған. Өзінің айтуынша, 13 жасынан бастап ақын болуға бекем бел байлайды. Дүмше молдадан оқығанша, "домбыраны қолға алам" деп, әкесінен рұқсат сұрайды. Жас талаптың Жетісу өңірінің даңқты ақыны Сүйінбаймен кездесіп, батасын алуы оның ақындық бағын ашқан айтулы оқиға болады. Бірде 14-15 жастардағы Жамбыл жарапазан айтуды сылтауратып, Сүйінбай ауылына келеді. Үйінің сыртында ат үстінде тұрып, жарапазанға жалғастыра өз жанынан өлең шығарып, ұзақ жырлайды.

Бұл дерек ресейлік және совет лингвисі әрі әдебиеттанушы, профессор Виктор Жирмунскийдің 1962 жылы басылып шыққан "Народный героический эпос" еңбегінде баяндап жазылған.

Жирмунский қос тұлғаның кездесуін қазақтың әдебиеттанушы ғалымы Есмағамбет Исмаиловтың 1957 жылы басылған "Ақындар" деп аталатын еңбегіне сілтеме жасап баяндайды. Сол зерттеуге сенсек, Жамбыл Жабаев Сүйінбай ұстазына бірінші рет 15 жасында барған. Сонда бұл 1861 жыл. Бұл кезде Сүйінбай 46-да.

Айтқанына сүйсінген Сүйінбай Жамбылды үйге шақырып, ұзақ отырып, өлеңін зор ықыласпен тыңдайды. Бала ақынның болашағынан зор үміт күткен көреген жырау: "Осы шабысыңнан тайма! Өлең-жырыңды дауылдата бер! Жолың болсын! Бақытың ашылсын, балам! Шындықты айт, әділдікті жырла! Кәне, тозығы жеткен жолға түспе, жаңа жол, даңғыл жолға түс! Өлеңің бүкіл халық сүйсініп, көңілімен иіліп тыңдайтын өлең болсын! Сенің көңіліңнің асылы патшаның қазынасынан да бай болсын!," - деп бата береді.

Бұдан кейін де Сүйінбай Жамбылды бірге алып жүріп, орындау шеберлігін көрсетіпті.

"Өлеңің бүкіл халық сүйсініп, көңілімен иіліп тыңдайтын өлең болсын! Сенің көңіліңнің асылы патшаның қазынасынан да бай болсын!" - деп ұстазы бата берсе, Жамбыл да:
Менің пірім - Сүйінбай,
Сөз сөйлемен сиынбай.
Сырлы сұлу сөздері
Маған тартқан сыйындай.
Сүйінбай деп жырласам,
Сөз келеді бұрқырап,
Қара дауыл құйындай, -
деп, Сүйінбайдың өсиетін өмір бойы есінде сақтап, ұстазының есімін ардақтаумен өтеді.

Бұл Жамбылдың жиырма жасында сол кездің атақты ақыны - Жаныспен айтысып, оны жеңгенде айтқаны еді.

Оқи отырыңыз:

Абай мен Мәшһүр Жүсіп кездескен бе? Ғалымдардың пікірі қақ жарылды

Ұлылардың кездесуі. Балуан Шолақ пен Қажымұқан белдескен бе?

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 480.4   533.87   5.33 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети