20 сентября 2021 | 17:36

"Ол жақта бизнес, қару-жарақ, мұнай бірінші орында" - Сириядан оралған әйел

Айдана (есімі өзгертілді - авт. еск.) өмірінің үш жылын Сирияда өткізген. 2019 жылы Қазақстанға оралып, жаңа өмір бастауға тырысып жатыр. Tenrinews.kz тілшісі Айданамен сөйлесіп, Сирияға неге кеткенін, қазіргі өмірі туралы әңгімелесті.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Айдана (есімі өзгертілді - авт. еск.) өмірінің үш жылын Сирияда өткізген. 2019 жылы Қазақстанға оралып, жаңа өмір бастауға тырысып жатыр. Tenrinews.kz тілшісі Айданамен сөйлесіп, Сирияға неге кеткенін, қазіргі өмірі туралы әңгімелесті.

Айдананың сөзінше, оған әжесі бала кезінен мұсылман екенін айтатын. Сондықтан оған бұл қызық көрінген.

"14 жасымда медресеге түскім келді. Бірақ жақын жерде медресе болмады. Кейін інім намаз оқи бастады. Ол кезде мен намаз бастағым келмей жүрді. Кейін өзім соған келдім", - дейді Айдана. 

Реклама
Реклама


Иллюстрациялық фото

Сөйтіп, ол Интернеттен діни лекциялар тыңдай бастаған.

"Көп жағдайда қазақша уағыздар болды, тіл түсінбеген соң, шетелдіктерді тыңдадым. Соның ішінде, Надир Абу Халидтің, Ринат Абу Мухамадтың уағыздары болды. Көптеген ролик көрдім, онда жетім балалар көрсетілген. Бұл видеоны көріп, жыладым. Сондықтан, Сирияға кетіп қалдым. Тым болмаса, бір балаға көмектесейінші дедім. Бірінші кезекте Алла үшін, екінші кезекте балалар үшін бардым", - деп еске алады ол. 

Айдана Қырғызстаннан Түркияға, Түркия арқылы Ислам мемлекеті құрамына өткен. Сирияға жету үшін кредит алып, алдымен Түркияға жетіп алған.

"Әрине, кредит алып, кетіп қалу харам екенін түсіндім. Бірақ бауырым олар кәпір екенін, оларды лақтырып кетуге болатынын айтты. Оралған соң сол кредитімді төлеп жатырмын", - дейді Айдана. 


Иллюстрациялық фото. Фото: Reuters

Ал Түркияға жеткен соң, оған көмектескендер болды, пәтер ақысын төлеп берген. Бірақ ол Сирияға жеткен кезде бәрі видеодағыдай емесіне көз жеткіген. "Өкініп қалдым" дейді ол.

"Адамдардың бір-біріне, ерлердің әйелдерге қатынасы қорқынышты. Әйелдер кетіп қалғысы келсе, бауырларын түрмеге қамап тастайтын. Ол жақта бизнес, қару-жарақ, мұнай бірінші орында. Бәрі саясат. Соған алданып көп мұсылман зардап шекті. Сирияға жеткенде бірден соның бәрін көрдім. Кейін тұтқынға түстім. Бәрі көп нәрсе қате екенін түсінсе де, айта алмайтын", - дейді ол. 


Иллюстрациялық фото. Фото: Reuters

Айдана Сирияда үш жылдай болған. Көп қиындықтан өткенін айтады. Қазір қатесін түсініп, елге оралғанына қуанышты екенін әңгіме қылып айтып берді.  

"2019 жылы мамырда "Жусан" бағдарламасы бойынша елге оралдым. Бір ай Ақтауда оңалтудан өттік, кейін ол елордада жалғасты. Үйге оралғаныма үшінші жыл кетті. Бала кезімнен тігін өнері ұнайтын, елге келген соң мемлекет үш айлық курстың ақшасын төлеп, оқытты", - дейді әйел. 

Қазір Айдана Нұр-Сұлтандағы Діндерді зерттеу орталығында оңалту жұмыстарынан өтіп жатыр. Сонда сабақ оқиды, сонда жұмыс істейді.

"Мұнда тігін цехы бар, маска, фартук секілді заттар тігеміз. Тігін өнері ұнайды, үйде тапсырыстар қабылдап, киім тігемін. Жұмыстан келемін де, барлық уақытымды үйде өткіземін, ешқайда шықпаймын. Тігіннен бөлек, фурнитурамен айналысамын, бижутериялар жасаймын. Қазір көп нәрсені үйреніп алдым. Өзімді дамытып, ақырындап ақша таба бастадым", - дейді ол. 


Иллюстрациялық фото

Бүгінде Айдана ешқандай діни дәрістер тыңдамайтынын, тек Құран оқитынын айтады. Елге оралған соң жаңа өмір бастағысы келеді. Өмірлік арманын тауып, сол бағытта жұмыс істей бермек. 

"Ателье ашу үшін көбірек ақша тапқым келеді. Тігін саласында дами бермекпін. Өзімнің бренд киімдерім шықса деймін. Отбасы құру туралы әзірше ештеңе ойламаймын, жалғыз жүрсем де, жағдайым жақсы. Күнде түрлі зат тігемін, жалғыз мысығым бар - жеке өмірім осындай", - дейді ол. 

Сонымен қатар, кейіпкеріміз жастар оның қатесін қайталамағанын қалайды. Сондықтан, бірқатар кеңесін берді. 

"Бір нәрсе істемес бұрын бірінші ойлану керек. Ақымақтықпен көп нәрсе істедім. Қазір оны өзгерте алмаймын. Кіммен сөйлесіп жүргеніңді білуің керек. Жөнді танымайтын адамға күйеуге шықпау қажет. Бір жаққа алып кетпеуі үшін, бейтаныстармен абайлап сөйлесу керек", - деді Айдана. 

"Бомба астында қалып, жалғыз мен тірі қалдым" - Сириядан оралған қазақ әйелі

"Бомба түсіп, қазақтардың қаза тапқанын көрдім". Сириядан оралған жігіттің жантүршігерлік оқиғасы


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram