РЕФЕРЕНДУМ ПО АЭС - 6 ОКТЯБРЯ
08 декабря 2021 | 16:51

Облыс әкімдерінің жалақысы қанша?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан әкімдерінің жалақысы белгілі болып жатыр. Бүгінде көптеген әкім брифинг кезінде жалақысын ашық айтты, табысын жария етуден бас тартқандар да бар.  Tengrinews.kz тілшісі қазақстандықтар әкімдердің жалақысы туралы баяндайды. 


Қазақстан әкімдерінің жалақысы белгілі болып жатыр. Бүгінде көптеген әкім брифинг кезінде жалақысын ашық айтты, табысын жария етуден бас тартқандар да бар.  Tengrinews.kz тілшісі қазақстандықтар әкімдердің жалақысы туралы баяндайды. 

Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов

Таяуда Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов те жалақысының көлемін жариялады.   

"Жалақы туралы. Қазір әкімдер жалақысы көтеріліп жатқанын білетін шығарсыздар. Менің жалақым айына 1 миллион 954 мың теңге", - деді әкім Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде журналистердің сауалдарына жауап беріп.

Досмұхамедовтің Атырау облысын басқарып отырғанына екі жылға таяды. Бұл қызметке 2019 жылы 18 желтоқсанда тағайындалған. 

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің жалақысы - 1 800 000 теңге. Бұл өңірдегі орташа жалақыдан он есе көп. Бірақ облыс әкімінің айтуынша, Түркістан облысында көпбалалы отбасы көп, сондықтан табыс та аз болып есептеледі. 

Ал әкімнің жалақысы Үкіметтің қаулысымен реттелетінін айтты.

"Алгоритм бар. Жалақыны жоғары тұрған орган белгілейді және барлық әкім қанша жалақы алатынын шын айтып берді", - деді Шөкеев таяуда брифинг кезінде.

Өмірзақ Шөкеевтің әкім ретінде тәжірибесі мол. 90-жылдардың соңында Қостанай облысының әкімі болған. Кейін Астана мен Оңтүстік Қазақстан облысын басқарған. Ал 2019 жылдың ақпанынан бері Түркістан облысының әкімі.  

Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова

Қызылорда облысын басқаратын Гүлшара Әбдіқалықованың да жалақысы осындай. Айына 1,8 миллион теңге алады. Әкім мұны таяуда ОКҚ-дағы брифингте айтқан. 

"Менің бекітілген жалақым - 986 мың теңге. Оны биыл факторлық-ұпайлық жүйе бойынша 1,9-ға өсіру туралы шешім шығарылды."Бірақ мен бірден еңбек демалысыма кеттім, себебі екі жылдан бері демалыс рәсімдемегенмін. Кейінгі жалақым 986 мың теңгені 1,9-ға көбейтсе, шамамен, 1,8 миллион теңге шығады", - деді әкім. 

Бұл - Гүлшара Әбдіқалықованың карьерасындағы әкім ретінде алғашқы тәжірибесі. Бұл қызметке былтыр наурызда тағайындалған еді. 

Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин

Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалиннің ай сайынғы жалақысы - 1 856 170 теңге. Әкімдік Ulysmedia.kz басылымының ресми сауалхатына осылай жауап берген. 

"Мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілерге еңбекақы төлеудің кейбір мәселелері бойынша қабылданған шешімдерге сәйкес еңбек өтілін ескере отырып, айлық жалақысы - 1 856 170 теңге (салықсыз және міндетті төлемдерсіз)", - делінген жауапта.

Оңдасын Оразалин Ақтөбе облысын басқарғанға дейін әкім болып көрмеген. Бұл қызметке 2019 жылы ақпанда тағайындалған. 

Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов 

Басылымның дәл сол сауалхаты Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақовқа да жолданған. Павлодар басшысының қазіргі жалақысы айтылмады. Қарашада әкімдік баспасөз қызметі әкім 2021 жылдың бірінші жарты жылдығында 967 674 теңге алғанын хабарлады. 

Әбілқайыр Сқақовтың Павлодар облысын басқарып отырғанына алдағы жылы қаңтарда екі жыл болады.  

Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек

Таяуда журналистер брифинг кезінде Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбектен де айлық табысын сұраған. 

"Сіздің жалақыңыз - 1 миллион 900 мың теңге. Қалай ойлайсыз, облыстағы тұрғындар мен жоғары лауазымды шенеуніктердің жалақысы арасындағы алшақтық тым көп емес пе" - деп сұрады журналистер ОКҚ брифингінде әкімнен.

"Қарағанды ​​облысында орташа жалақы 240 мың теңгеден асады. Әкімдерге белгіленген жалақы жыл ортасында өзгертілді, әкімдік шешімімен емес, қаулымен өзгертілді. Бұл сұрақ маған арналмаған деп ойлаймын", - деп жауап берді әкім.

Жеңіс Қасымбек Қарағанды облысының әкімі ретінде 2019 жылдың қыркүйегінен бері қызмет етіп келеді. 

Жалақысын айтудан бас тартқан әкімдер

Брифинг кезінде журналистерге жалақысын айтудан бас тартқан әкімдер де бар. Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев солардың қатарында.  

"Бұл сұрақ көпшілікті қызықтырады. Әріптестерімнің бәрі осы жерде қанша жалақы алатынын айтты. Менің жалақым да олардың жалақысымен сәйкес. Белгілі бір тариф кестесі бар, соған сәйкес жалақы аламын", - деді Нұрлан Ноғаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Кеше Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев та жалақысын жария етуден бас тартқан. 

"Бұл сұрақ әріптестеріме бірінші мәрте қойылып тұрған жоқ. Қайталап айтамын, мемлекеттік қызметкерлердің жалақысы еңбек өтіліне байланысты Үкімет қаулысы негізінде белгіленеді. Мен әріптестеріммен бірдей жалақы аламын", - деді Сапарбаев.

Tengrinews.kz порталы жалақысын айтпаған осы әкімдер мен басқа да өңір басшыларына айлық табысын білу үшін ресми сауалхат жолдады. 

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 480.4   533.87   5.33 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети