РЕФЕРЕНДУМ ПО АЭС - 6 ОКТЯБРЯ
09 февраля 2021 | 17:14

"Наконец-то, ұят қайда?". Қазақстандықтар вакцина туралы қалжыңдап жатыр

Рахила Тлеуова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әлеуметтік желіде коронавирусқа қарсы вакцина салдыруға байланысты түрлі қалжың фото мен видео тарап жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Әлеуметтік желіде коронавирусқа қарсы вакцина салдыруға байланысты түрлі қалжың фото мен видео тарап жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

1 ақпаннан бастап елімізде коронавирусқа қарсы жаппай вакцинациялаудың бірінші кезеңі басталды. Елімізде денсаулық сақтау вице-министрлері, облыс әкімдері арасында вакцина салдырғандар бар. 

"Наконец-то"

Алматы қаласы Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы және қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Жандарбек Бекшин (бұрынғы мемлекеттік бас санитар дәрігер - еск.) былтыр наурызда елімізде алғаш коронавирус жұқтырғандар анықталуы мүмкін екенін айтып, "Коронавирус, наконец-то келуі мүмкін" деген болатын. Содан кейін бұл сөз мемге айналды. Енді қазақстандықтар Жандарбек Бекшиннің вакцина салдырған суретін "Наконец-то: Бекшин вакцина салдырды" деп жазып, қалжыңдасып жатыр.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ҚАЗАҚСТАН ?? (@halyk_kontent)

"Ұят қайда, ұят?"

ТикТок желісінде iamzulkaa қазақстандық жігіттің видеосын жариялады. Кадрда жігіт "қазақтар баланы кішкентайынан үлкенді сыйлауға, оған жол беруге үйрететінін" ескеріп, вакцинаны "үлкендерден кейін салдыратынын" айтады.

"Құрметті қазақстандықтар! Бізге кішкентайымыздан үлкендерді құрметтеу, сыйлау керегін үйретті, солай тәрбиеледі. Біз үлкендерді қатты сыйлаймыз. Бала күнімде ғимаратқа кіріп бара жатқанда үлкендерге жол беретінім есімде. Автобуста отырғанда үлкен адам кіріп келсе, бірден тұрып орын береміз. Құрметті Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы, премьер-министр Асқар Ұзақбайұлы, денсаулық сақтау министрі Алексей Владимирович, сіздерді қатты сыйлаймын. Сондықтан вакцинаны сендерден кейін салдырамын. Ертең адамдар маған не айтады? Олардың бетіне қалай қараймын? "Ұят қайда, ұят? Не болды жалмаңдап вакцина салдырып, үлкендерге жол беруің керек, соларды күт" деп ұрсады ғой. Тәрбием сондай", - деді кадрдағы жігіт қалжыңдап.

@iamzulkaa

##?? ##kz##almaty##рекомендации ##хочуврек ##глобальныерекомендации ##актер ##вакцина ##новостикзахстана ##covid2020challenge

♬ оригинальный звук - coconutka?

"Вакцина салдырғаным үшін ақша алдым"

Тағы бір қызық видео ТикТок желісінде тарады. Кадрда екі таныс жігіт кездесіп қалады. Біреуі қолындағы ақшасын көрсетіп, екіншісін түскі асқа шақырады. Ол вакцина салдырғанын, соған ақша алғанын айтады. Екіншісі мұндай төлем тек адам қайтыс болғанда берілетінін айтқанда, жігіт жарты ақшасын (250 мың теңге) алғанын жеткізеді.

Айта кетейік, вакцина салдырған ерікті отандық вакцинадан қайтыс болса, 500 мың теңге төленеді.

@make_sakevich_fan

Кто в курсе? Так или нет??Отмечай кто при бабках?#к#арантин #к#азахстан #в#акцина #к#оронавирус #q#uarantine #k#azakhstan #c#orona #v#accine

♬ оригинальный звук - Make_sakevich_fan

"Қайрат аға, вакцина салдырып, жол көрсетпейсіз бе?"

Сондай-ақ, Таня Турлай tanya_turlai есімді пайдаланушы "Қайрат ағасымен" әңгімесін айтып береді.

"Қайрат аға, жаңалық қарамайсыз ба? Түркия, Иран, Ресей, Иран, Араб Әмірліктерінің президенттері вакцина салдырды ғой. Халық вакцинадан қорықпауы үшін екпе салдырып, жол аштық дегендей. Сіз де біздің отбасының үлкені ретінде вакцина салдырып, бізге жол көрсетпейсіз бе? Ақсақал, ең бай адамсыз. Содан кейін бәріміз вакцина салдырамыз", - деп "Қайрат ағасымен" қалжыңынан үзінді келтірді.

@tanya_turlai

Вакцина ? Что думаете? ##танятурлай ##рек ##хочуврек ##рекомендации ##топ ##юмор ##казахстан ##вакцина

♬ оригинальный звук - ТАНЯ ТУРЛАЙ

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 480.4   533.87   5.33 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети