16 февраля 2021 | 12:02

"Нағыз талант". Ән салған зағип жігіт желі қолданушыларын тәнті етті

Видео кадры

Әлеуметтік желілерде ямахада жанды дауыста ән айтқан зағип жігіт желі қолданушыларын тәнті етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әлеуметтік желілерде ямахада жанды дауыста ән айтқан зағип жігіт желі қолданушыларын тәнті етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Видео бастапқыда Болат Ершат есімді Facebook қолданушысының парақшасында жарияланған болатын. 

Реклама
Реклама

Видеодағы өнерпаздың есімі - Нұрдана. Жасы 22-де, Алматы облысы Текелі қаласының тумасы. Анасы Нұргүлдің сөзінше, Нұрдана туабітті зағип екен. 

"Кішкентай бала кезінен-ақ өнерге жақын екені белгілі болған. Оны әртүрлі дыбыс қызықтыратын. Домбыраны тартқанда қолы жетпегендіктен алдына қойып шертетін", - дейді анасы. 

Анасы Нұргүлдің айтуынша, Нұрдананың өнерге жақын болуының тікелей себебі жоқ. Нұрдананың өзінен бөлек бір бауыры мен екі қарындасы бар. Олар да өнерге жақын өскен екен. 

"Ол өнерге өзі қызықты. Біз қолымыздан келгенше қолдадық. Алдағы таңда баламның жоғары оқу орнына білім алуына мүмкіндік болса деймін. Әрине, бұйырса, ол өнер жолын таңдайды", - дейді анасы. 

Желі қолданушылары да жас әншінің өнеріне тәнті болды. 

"Шіркін, керемет дауыс. Жарайсың, бауырым, жасай бер! Биіктен көріне бер. Сен биіктесің, қандай керемет, балқып отырып тыңдайсың", "Өнерің үстем, тек алға, қанатың талмасын!", "Нағыз тума талант иесі, сондай көрікті, өзі керемет, Алла алдынан жарық күн сыйласын, Нұрдана", - дейді желі қолданушылары. 

Нұрдананың өнерін шетелдіктер де ұнатқан. 

"Сәлем! Мен Нұрдананың өнерін ұнататын жапондықпын. Қазақ емеспін. Оның Қытайда болған кезінен бастап тікелей эфирін тамашаладым. Сіздерге Қазақстанға көшіп келгеннен кейін де тікелей эфирді жалғастыра беруіңізді қалаймын", - деп пікір қалдырған Желі қолданушысы YouTube-тегі видеоға. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram