РЕФЕРЕНДУМ ПО АЭС - 6 ОКТЯБРЯ
18 апреля 2019 | 18:48

Мұның бәрі 35-40 мың теңге үшін ғана... Тәрбиешінің ашық әңгімесі

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бала тәрбиелеу - ең маңызды әрі ауыр жұмыс. Бірақ қазір менің кәсібім, балабақша тәрбиешісі мамандығы жөнді бағаланбай жүр. Баланың еркелігі мен ананың айғайы арасындағы отта қалып қойып жүрміз. Ал мұның бәрі 35-40 мың теңге үшін ғана...


Бала тәрбиелеу - ең маңызды әрі ауыр жұмыс. Бірақ қазір менің кәсібім, балабақша тәрбиешісі мамандығы жөнді бағаланбай жүр. Баланың еркелігі мен ананың айғайы арасындағы отта қалып қойып жүрміз. Ал мұның бәрі 35-40 мың теңге үшін ғана...

"Ата-аналар дұрыс тәрбие бермейсіңдер, арыз жазамыз деп қорқытады"

Балалармен жұмыс істеу әрі қызық, әрі қиын. Ең ауыры - тұйық балалар. Оларды ашу қиын. Көп ата-ана жұмыс деп жүріп, өз балаларымен қарым-қатынас жасамайды. Бала гүл секілді. Гүлге су құйғандай, балаға да мейіріммен нәр беру керек.

Отбасылық жағдайды былай қойғанда, ата-ананың балаға деген мейірімі жетіспейді. Кейде балалар үйдегі жағдайды айтып келеді. "Анам ұрды-соқты" деп бізге шағымданып жатады. Балабақшадан не үйренгенін үйіне барып айтқысы келсе де, ата-аналары тыңдамайды. Содан бала тұйық болып кетеді, ал оны кейін қайта ашу қиын. Ондай балалармен көбірек жұмыс істейміз.

Керісінше, тентек балалар мақтағанды жақсы көреді. Олар тез көнгіш, аңқау болып келеді. Адам назарын өзіне қаратқанды жақсы көреді. Ондай сәтте балаларды мақтау арқылы жұмыс істейміз. Мысалы, менің тобымда Раяна дейтін қыз бар. Тым ерке емес, бірақ өзіне көңіл бөлінгенін қалайды. Сондай кезде топты отырғызып, "Бүгін Раяна мұғалім болады. Қане, бізге өз білетініңді үйрет" деп көндіремін. Сөйтіп, ол кейін балалармен қалай ойнап кеткенін өзі байқамай қалады. 

Балалармен тіл табысу үшін қанша еңбек етіп жатқанын кей ата-аналар түсінбейді. Тәрбиешіге сенбейді, ұрып-соға ма деп ойлайды. "Сендер дұрыс тәрбие бермейсіңдер, арыз жазамыз" деп қорқытып жатады. Балаға қол көтеріп, видеосы YouTube-қа шығып кеткен 2-3 тәрбиешінің кесірінен бәріміз сенімсіздікке тап болдық.

Негізі баланы ұрысып емес, ақылмен тыңдатып үйренген абзал. Кейде баланың өзі ұруға мәжбүрлейді. Бірақ қорқытып, алдап, өзімізге бағындыруымызға болады. "Дәрі егеміз, дуанаға беріп жібереміз" деп қорқытамыз. Сабағыма кедергі келтірген балаларды бұрышқа тұрғызып, орындығын көтертіп қоямын. Балалар соған бағынады. Келесіде апай бұрышқа тұрғызып қояды деп қорқып жүреді. Сол кезде ұрудың да, ұрысудың да қажеті жоқ.

"Бала үйде де, балабақшада да құлайды"

Бала ойнап жүріп құлап қалуы мүмкін немесе оны басқа бала итеріп жіберуі ықтимал. Сондай кезде шу шығып жатады. Олар ойынның баласы ғой. Ата-аналар оны түсінбейді. Бала үйде ойнап жүргенде де құлайды ғой. Балабақшаға әкелгенде баласының көгерген жерін көрсетіп, "Үйде абайсызда құлап қалды" дейді. Ал біздің жағдайымызда соны түсінгілері келмейді.

Әрине, барлық ата-анаға топырақ шашқым келмейді. Бір оқиға есіме түсіп отыр.

Тәрбиеші болып жұмысқа енді кіріп жатқан уақытым еді. Сабақ оқытып жатқанмын. Бір бала абайсызда құлап, басы орындықтың қырына тиді. Сөйтіп, қабағы жарылды. Алғашқы көмек көрсеттім, бірақ қан тоқтар емес. Баланың ата-анасына хабарлассам, тұтқаны көтермейді. Сөйтіп, басшым екеуміз баланы ауруханаға апарып, қабағын тіктіріп қайттық. Бірақ бала мүлде жылаған жоқ. Кешке қарай анасы келгенде, мән-жайды толық түсіндірдім. Қазір жанжал болады, жұмыстан шығаратын шығар деп іштей қорқып отырғанмын. Бірақ анасы "Балам жыламаса, нағыз жігіт екен" деп, көрегенділігін көрсетті.

"Жалақымыз жұмысымызды ақтамайды"

Мұғалімдер мен тәрбиешілердің ең көп айтатын шағымы - қағазбастылық. Әрқайсының өз журналдары, біржылдық жоспары болады. Тіпті, баланың әр қимылын түсіріп отыратын қағаздарымыз бар. Бізде соған көп шағымданып жатады. Бірақ, меніңше, ол дұрыс. Сол қағаздардың арқасында тәрбиеші де кәсіби тұрғыда өседі. Балаларға дұрыс тәрбие беру жолында осындай жоспарлардың болғаны абзал. Баланың әр күндегі нәтижесін қағазға түсіріп отырсаң, кейін өзгерістерін байқау оңай болады.

Тек осы ауыр жұмыстардың бәрі жақсы жалақымен ақталғанын қалаймын. Бізде ең төменгі айлық көрсеткіш 42 мың деп жатады ғой. Кей балабақшаларда тәрбиешілер айына 33 не 37 мың теңге алып отыр. Оның үстіне, тәрбиешілердің жалақысы жұмыс өтілі мен дәрежеге қарамайды. Мысалы, 30 жыл бойы тәрбиеші болып жүрген әйел жұмысқа енді кірген қызбен бірдей жалақы алуы мүмкін. 2-3 мың теңге ғана артық алатын шығар. Кей жекеменшік балабақшаларда тәрбиешілерге кезектен тыс демалыстарға ақша бөлінбейді.

Бірақ балаларға тәрбие мен тәлім беруді өмірлік қызметім деп тапқанмын. Сондықтан, көптеген проблемаға қарамастан, өзімнің сүйікті ісімді тастағым келмейді.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 480.4   533.87   5.33 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети