ПОДЕЛИТЬСЯ
18 декабря 2019 | 17:37
"Мұнда өмір сүру аса қымбат емес". Испанияда тұрып жатқан қазақ отбасы
Ерлі-зайыпты Ералы мен Жанар Нұралиевтер төрт баласымен бірге осыдан үш жыл бұрын Испанияға бизнеспен айналысамыз деп көшіп кеткен. Қазіргі уақытта отбасы Торревьеха қаласында тұрып жатыр. Испанияға уақытша немесе көшіп келгісі келетін отандастарына көмектесетін фирма ашып, сол бизнеспен айналысып жүрміз дейді. Қазақ отбасы Tengrinews.kz тілшісіне Испаниядағы өмірі жайлы, ондағы білім беру жүйесі, сондай-ақ, испаниялықтар жайлы қызық деректерді айтып берді.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Ерлі-зайыпты Ералы мен Жанар Нұралиевтер төрт баласымен бірге осыдан үш жыл бұрын Испанияға бизнеспен айналысамыз деп көшіп кеткен. Қазіргі уақытта отбасы Торревьеха қаласында тұрып жатыр. Испанияға уақытша немесе көшіп келгісі келетін отандастарына көмектесетін фирма ашып, сол бизнеспен айналысып жүрміз дейді. Қазақ отбасы Tengrinews.kz тілшісіне Испаниядағы өмірі жайлы, ондағы білім беру жүйесі, сондай-ақ, испаниялықтар жайлы қызық деректерді айтып берді.
Ерлі-зайыпты шетелге көшу алдында тіл білмегендіктен қорқыныш болғанын, сондықтан бастапқыда кейбір істердің алға жүрмегенін айтады.
Ералы 44 жаста, ШҚО тумасы, бұрын мемлекеттік қызметте жұмыс істеген, ал Жанар 41 жаста, ОҚО тумасы. 4 баласы бар, тұңғышы - ұл, 14 жаста, қыздары 13 және 7 жаста, ал кенже қызы 2 жаста екен. Оны осында босанған екен. Балалары жергілікті мектепке барып жүр. Олардың айтуынша, мұнда балалар биылдан бастап мектепке 2 жастан бастап барады.
"Неге Испанияны таңдадық? Біз көп елде болдық, саяхаттадық, бірақ қатты ұнағаны Испания. Ауа райы жақсы, адамдары да ашық, мейірімді, одан басқа не керек. Көшіп кетуіміздің тағы бір себебі, балаларымыздың бірнеше тіл меңгеріп, Еуропаның ЖОО-ларында білім алғанын қаладық. Қазір балалар жергілікті мектептерде білім алып жатыр. Мұнда мемлекеттік мектептер балаларды тіл деңгейіне қарамай-ақ ала береді. Тек тіркеуден өтсе болғаны. Бала тілді білмесе, мектепте онымен арнайы мамандар жұмыс істейді", - дейді Ералы Нұралиев.
Оның айтуынша, мемлекет балаларға барынша қолдау білдіреді. Оқу бағдарламасында көбіне психология, өмір қағидалары, өзара қарым-қатынас, бір-біріне құрмет көрсету жайлы арнайы сабақтар бар дейді.
Сондай-ақ, Ералы Нұралиев жергілікті тұрғындардың өте бауырмал екенін айтады. "Испаниялықтар ешқайда асықпайды, рахаттанып өмір сүреді. Қайырымды, өте бауырмал. Барлығы мейірімді, ашық, қонақжай адамдар, өзіміздің қазақтарға өте ұқсайды. Мұнда өмір сүру қымбат па деген сұраққа жауап беретін болсақ, Еуропаның басқа елдерімен салыстырғанда Испанияда өмір сүру аса қымбат емес", - дейді ол.
Нұралиевтің айтуынша, мұнда зейнеткерлерге барлық жағдай жасалған.
"Испанияда зейнеткерлердің зейнетақысы жаман емес, дәрі-дәрмек тегін беріледі, қалада тегін қатынай алады, азық-түлік арзандатылып беріледі. Бұдан бөлек, үкіметтің тапсырмасымен егде жастағы кісілерге тарихи орындарды аралауға мүмкіндік беретін тегін бағдарламалар бар. Мемлекет жолақысын, қонақүйдің шығынын өз мойнына алады. Испанияда кем дегенде 15 жыл уақыт жұмыс істесеңіз немесе 37 жыл уақытқа дейін жұмыс істесеңіз (оның екі жылы үздіксіз жүрген болса), 65 жасқа келгенде жоғары зейнетақы алатыныңызға кепіл бар. Ал еңбек өтілі жоқ зейнеткерлерге мемлекеттен қосымша жәрдемақы беріледі. Осында бірнеше жыл бойы жұмыс істеген шетелдіктердің де мемлекеттен жәрдемақы алу мүмкіндігі бар", - дейді Ералы.
Айта кетейік, отбасы өз фирмасын ашқан. Фирма Испанияға көшіп келгісі келетіндерге көмек көрсетумен айналысады екен. Сондай-ақ, ерлі-зайыпты келушілерге жылжымайтын мүлік алу мен жалдау мәселерін шешуге көмектеседі.
Нұралиевтердің айтуынша, Испанияда тұрғын үй бағасы оның орналасқан жеріне байланысты. Теңізге жақын орналасқан сайын үй де қымбаттайды дейді. Сондай-ақ, ол Испанияда баспана алудың машақаты көп емес екенін айтады.
"Банктер Испания резиденттерінен басқа, шетелдіктерге де ипотека береді. Испаниялықтар үшін мөлшерлеме орташа есеппен 1 пайыз болса, шетелдіктерге банктер ипотеканы 3,2 пайызбен береді. Ал жалға алу керек болса, орташа есеппен айына 500 еуро төлеуге тура келеді, сатып аламын деушілер тұрғын үйді орташа есеппен 35 мың еуродан бастап ала алады. Мысалы, біз тұрып жатқан Торревьеха қаласында қайталама нарықтағы пәтердің шаршы метрі орташа есеппен 1 000 - 1 200 еуро. Бірақ бұл шамалап айтқанда. Ал Барселонада пәтердің шаршы метрі 4000 еуроға жетсе, Мадридте орташа есеппен шаршы метрі 3000 еуро болады", - дейді Ералы.
Нұралиевтердің айтуынша, олар Қазақстанда соңғы рет 2017 жылы болды.
"Қазақстанға осыдан екі жыл бұрын бардық. Енді болашақта балаларымыз қандай шешім қабылдайтынын білмейміз, бірақ келіншегіммен, әрине, Отанымызға ораламыз", - дейді Ералы.
Суреттер: Instagram.com/kazakhivispanii
Показать комментарии
Читайте также