РЕФЕРЕНДУМ ПО АЭС - 6 ОКТЯБРЯ
12 мая 2020 | 12:39

Мұхаметжан Тынышбайұлы қандай жаламен репрессияға ұшырады?

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Алаш алыптары бағдарламасы © Алаш алыптары бағдарламасы

Бүгін қазақтың көрнекті саяси және қоғам қайрат­кері, алаш қозғалысының негізін салушылардың бірі, Алаш Орда үкіметінің мүшесі тарихшы-ғалым Мұхаметжан Тынышбайұлының туған күні. Ол 1879 жылы 12 мамырда Жетісу облысы Лепсі уезі Мақаншы-Садыр болысында (қазіргі Алматы облысы Қабанбай ауданы) туған. Tengrinews.kz тілшісі қазақтан шыққан тұңғыш теміржол қатынастарының инженері Мұхаметжан Тынышбайұлының еңбек жолын баяндайды.


Бүгін қазақтың көрнекті саяси және қоғам қайрат­кері, алаш қозғалысының негізін салушылардың бірі, Алаш Орда үкіметінің мүшесі тарихшы-ғалым Мұхаметжан Тынышбайұлының туған күні. Ол 1879 жылы 12 мамырда Жетісу облысы Лепсі уезі Мақаншы-Садыр болысында (қазіргі Алматы облысы Қабанбай ауданы) туған. Tengrinews.kz тілшісі қазақтан шыққан тұңғыш теміржол қатынастарының инженері Мұхаметжан Тынышбайұлының еңбек жолын баяндайды.

Гимназияны алтын медальмен бітірген

Ауыл молдасынан хат таныған соң, 1890 жылы Верный ерлер гимназиясының даярлық сыныбына қабылданған. Даярлық сыныпты қоса есептегенде, 10 жыл аталған гимназияда оқыған Тынышбайұлы оны үздік (алтын медальмен) аяқтаған. 1900 жылы Мұхаметжан император I Александр атындағы Петербор темір жол транспорты институтына қабылданады. Бұл институтты 1906 жылы бітірген.

Тынышбайұлы мен теміржол

Мұхаметжан Тынышбайұлы 1906 жылы біраз уақыт Жетісу теміржолын жобалау ісіне араласады. I Мемлекеттік Думаның қуғындалғанынан хабардар ол ел құқына қажет қоғамдық-саяси жұмысымен көзге көрінеді. Нәтижесінде 1907 жылы 28 жасында II Мемлекеттік Думаға Жетісу облысы атынан депутат болып сайланады. Сөйтіп, енді ол саясатқа бет бұра бастаған. Алайда II Думаны да патша қуғындап таратады. 1907 жылы 3 маусымдағы жарлығымен империя қазақ секілді шет ұлттарды (ресми жер иелігі жоқ ұлттарды) Думаға сайлану құқығынан айырады.

Мұхаметжан Тынышбайұлы мен әйелі Гүлбахрам Шалымбекова © wikipedia

Дума таратылған соң Тынышбайұлы қайта кәсіби қызметіне кіріседі. Енді ол Түркістан генерал-губернаторлығы қарамағындағы аймақтың теміржол құрылысына инженер болып қызмет ете бастайды. 1907-1914 жылдар аралығында Әмудәрия үстіне салынған көпір құрылысына, Ұрсат- Әндіжан теміржол құрылысына жетекші маман, бас инжетер есебінде қатысады. 1914 жылы қайраткер Жетісу темір жол құрылысына қайта ауысқан екен. Бұл жолы ол Арыс-Әулие ата учаскесінің басшысы және бас инженері болып қызмет атқарды.

Осы шақта инженер Мұхаметжанға Ташкент Мұғалімдер институтына оқуға бармақ болып қаржыдан қысылып жүрген Тұрар Рысқұлов келеді екен. Бұл шамамен 1915 жылдар болған. Тынышбайұлы бір кезде өзі де осылай қиналғаны есіне түсіп, Рысқұловқа ақша ұсынады және мұндай керек қаражатты кейін де беріп тұрған көрінеді. Екі азаматтың осы риясыз көңілі адал достыққа айналған екен.  

Тынышбайұлының репрессияға ұшырауы

1927-1930 жылдары ұлт басына төнген қауіпті сезген Алаш көсемдері халықты ашаршылық пен ұлттық ыдыраудан құтқарудың жолдарын барынша жанталаса қарастырды. Мұны бақылап отырған Кеңес орындары дереу "Кеңес өкіметін қарулы көтеріліс арқылы құлату мақсатында ұйымдасқан "Алашорда" қайраткерлерінің контрреволюциялық, террористік астыртын кұпия ұйымын əшкерелеу" туралы қылмыстық іс қозғаған. Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатов, Жүсіпбек Аймауытов, Мағжан Жұмабаев тағы басқа бірінші топтағы 41 адамның тергеу ісі 1927-1930 жылдары арасында жүргізіліп, үкім шығарылған соң, Мұхаметжан Тынышбайұлы бастаған "ұлы құрбандықтың" екінші легі, 30 адам, түрмеге түседі.


© turkystan.kz

Осы тергеу ісіндегі басты нысаналы тұлға болып қарауылға алынған Тынышбайұлы туралы Қазақ ССР Мемлекеттік қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасарының 1972 жылы 18 ақпандағы Партия институтының директорына жолдаған кұпия хатында:

"Тынышбаев Мұхамеджан... қазақ, партияда жоқ, мамандығы инженер. Қазақстандағы бұрынғы ОГПУ мекемесі оны "Алаш" партиясын құрушылардың бірі, Мемлекеттік думаның мүшесі, "Алашорда" үкіметінің мүшесі, Уақытша үкіметтің комиссары ретінде 1930 жылы 3 тамызда тұтқынға алған. 1932 жылы сотталған", - деп көрсеткен екен.

Мұхамеджан Тынышбайұлының "Таңдамалы" жинағындағы алғы сөзінде зерттеуші Гүлбану Жүгенбаева оның тағдыры туралы былай деп мәлімет береді: "М.Тынышбаев алдымен Воронеж қаласына жер аударылды. Мұнда ол  зайыбы Əмина Ибрагимқызы Шейх-Əли жəне кенже ұлы Дəулетпен келіп, Москва-Донбасс темір жолы құрылысында жұмыс істеді. Жер аударылу мерзімі 1935 жылдың жазында аяқталған соң, Мұхамеджан Тынышбаев қуғын-сүргіннің мұнымен тоқтамайтынын жақсы түсініп, зайыбы мен баласын Уфа қаласындағы Əмина Ибрагимқызының туыстарына жібереді. Өзі Батыс Қазақстанның территориясы арқылы Ташкентке, үлкен қызы Фатанад-Бануге келеді. Ташкентте көп аялдамай, Қандыағаш-Гурьев темір жолы құрылысына жұмысқа орналасады. Бірақ денсаулығының нашарлауына байланысты ұзамай Ташкентке қайтып оралады. Сонда оны 1937 жылы 21 сəуір күні Өзбек ССР-і Ішкі істер халық комиссариаты тұтқынға алды".

Сөйтіп, ғалым Мұхамеджан Тынышбайұлы өзінің басқа тағдырластарымен бірге 1937-1938 жылдары жүзеге асырылған "үлкен террордың" құрбаны болып кете барған екен. Ол 1938 жылы Ташкент түрмесінде атылған.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 480.4   533.87   5.33 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети