РЕФЕРЕНДУМ ПО АЭС - 6 ОКТЯБРЯ
15 марта 2021 | 17:14

"Маска таққан адам". Оралда мұқтаждарға көмектесетін жұмбақ жігіт пайда болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Tengrinews.kz коллажы Tengrinews.kz коллажы

Өзін "Маска киген адам" деп атайтын адам Желі қолданушыларын тәнті етті. Ол қайырымдылықпен - өмірдің қиын жолына түсіп кеткен адамдарға көмектесумен айналысып жүр. Алайда ол аты-жөнін жасырын ұстайды және кім екенін жұрт білгенін қаламайды. Tengrinews.kz тілшісі оралдық тұрғындарға көмектесіп жүрген адаммен сұхбаттасты. 


Өзін "Маска киген адам" деп атайтын адам Желі қолданушыларын тәнті етті. Ол қайырымдылықпен - өмірдің қиын жолына түсіп кеткен адамдарға көмектесумен айналысып жүр. Алайда ол аты-жөнін жасырын ұстайды және кім екенін жұрт білгенін қаламайды. Tengrinews.kz тілшісі оралдық тұрғындарға көмектесіп жүрген адаммен сұхбаттасты. 

"Маска киген" адамның жасы 24-те. Орал қаласында туған. Ол неліктен аты-жөнін айтпайтынын түсіндірді. 

"Маған солай ыңғайлы. Аты-жөнімді айтқым келмейді. Себебі мейірімділіктің аты мен түрі болмайды", - дейді ол. 

Оның қарындасы бар. Алайда, оның айтуынша, отбасы бұл бастамасынан бейхабар. 

"Өзім үшін жұмыс істеймін. Адамдарға көмектесуге қаражатты өз қалтамнан шығарамын. Ешқандай демеушім жоқ", - дейді ол. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Человек в маске (@chelovekvmaskee)

"Маска таққан адам" бастысы - жақсылық істеу екенін айтады. 

"Менің ойымша, ең бастысы - жақсылық жасау: жариялап болса да, жарияламаса да. Оған қарамайды. Бірақ жариялап істесе тіпті жақсы. Себебі жастарға үлгі болады. Мейірімділік сәнге айналса деймін.

Көбіне мұқтаж адамдарға көмектесу керек деп ойлаймын. Бірақ мен адамдарды бөлмеймін. Балаларға да, ересектерге де, жануарларға да көмектескім келеді. Себебі жақсылық жасағанда үлкен адреналин аламын. Ол сезімді сөзбен жеткізе алмаймын. Адамдарға үлгі болғым келеді", - дейді ол. 

Жақында "маска таққан адам" Оралда Олег есімді үйсіз адамға көмектесті. Бастапқыда ол 3 наурызда қоқыстың арасынан тіскебасар іздеп жүрген Олегті көріп, оған тамақ беріп, сөзге тартқан болатын. Олегтің кім екенін, мұндай күйге қалай түскенін айтып берді. 

"Әйеліммен ажырасып кеттім. Содан үйсіз қалдым", - дейді Олег. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Человек в маске (@chelovekvmaskee)

Жұмбақ адам Олегке өмірін өзгертуді ұсынып, жұмысқа орналасу мүмкіндігі туралы айтып, келесі күні кездеспек болған. Алайда бұл оқиғадан кейін ол Олегті таба алмай, 13 наурызда бірақ кездескен. Ол үйсіз жүрген ер адамды тамақтандырып, моншаға апарып, өзінің киімдерін беріп, жеке гигиенаға қажет заттарды алып берген. Одан бөлек, шаштаразға апарып, шашын қидырып берген. 

Ер адам енді ішімдік ішпеуге, өзгеруге уәде берген. 

"Олегтің бұрынғы отбасы менімен байланысқа шықты. Не болғанын алда көресіздер", - деді "маска таққан адам". 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Человек в маске (@chelovekvmaskee)

Желі қолданушылары қайырымды жанның бұл әрекетіне риза болып, түрлі пікір жазған. 

"Алла разы болсын! Барлық жасаған жақсы істеріңді сауапқа жазсын. Өзіңе мың есе қайтсын", "Олег уәдесінде тұрып, еңбегіңізді ақтайды деп сенемін", "Жарайсың. Осындай ер азаматтарымыз көп болсын. Алла саған екі дүниеде разы болсын", - деп қолдау білдірген жұмбақ адамның оқырмандары. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 480.4   533.87   5.33 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети