РЕФЕРЕНДУМ ПО АЭС - 6 ОКТЯБРЯ
24 октября 2019 | 16:18

Мақпал, Жанаргүл, Раушан. Қазақ неге балаға гүлдердің атын берген?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мелков А. Л. Отбасы портреті. Қазақстан, Семей облысы. 1927 жыл Мелков А. Л. Отбасы портреті. Қазақстан, Семей облысы. 1927 жыл

Қазақ халқы далада өскен әр шөпке, әр гүлге мәпелей қарап, оны малдың азығы ретінде ғана емес, ем, әшекей ретінде де пайдаланған. Әйелдер одан сабын да жасаған екен. Оның өміріндегі орнын бағалап, баласын гүл атауларымен байланыстырып ат қойған. Тengrinews.kz тілшісі этнограф Болат Бопайұлының қазақ халқының гүл туралы түсінігі жайлы еңбегінен үзінділер келтіреді. 


Қазақ халқы далада өскен әр шөпке, әр гүлге мәпелей қарап, оны малдың азығы ретінде ғана емес, ем, әшекей ретінде де пайдаланған. Әйелдер одан сабын да жасаған екен. Оның өміріндегі орнын бағалап, баласын гүл атауларымен байланыстырып ат қойған. Тengrinews.kz тілшісі этнограф Болат Бопайұлының қазақ халқының гүл туралы түсінігі жайлы еңбегінен үзінділер келтіреді. 

Гүлге қарап ауа райын болжаған

Қазақ үшін дала жайылымындағы және шаппалықтардағы шөптердің жақсы көктеуі, малдың жем-шөбінің мығым болуы маңызды саналған. 

Қазақ малшылары шөптердің бәрі - гүл, гүлдердің бәрі - дәрі деп қарайды. Олар дала гүлдерінің атын және ол гүлдердің қай мезгілде гүлдейтінін, қалай гүл ашатынын, гүл ажарының қай уақытта толып, қай уақытта солып, қай кездерде дәрілік қуаты болатынын қанық біледі. Соған дейін қазақ малшылары өзі отырған өңірді және ондағы өскен барлық өсімдікті, ғажайып әдемі гүлдерді көз қарашығындай қорғайды. Шұрайлы да шүйгінді жайылымға жайылған төрт-түлік малдың еті, сорпасы, қымызы, шұбаты, іркіті, құрты, айраны, ірімшігі, қаймағы, сары майы - түгел тірі организм арқылы табиғи жасалған дәрі еді.

Қазақ халқы дала гүлдерін қолмен үзбейді. Гүл киелі шөп, иелі өсімдік, сұлу жаратылыс деп бағалайды.  Дарынды есепшілер табиғат дүниесіндегі әр алуан өсімдіктердің өсу бейнесіне қарап та жыл сыңайын болжап айтады. Мәселен, ерте көктемде гүл ашатын қызғалдақ, сарғалдақ, гүлкекіре гүлдерінің гүл ашу, өсу жағдайына қарайды. Бұл гүлдер көктем айларында кереметтей гүл ашып, қаулап өссе, онда биыл жаз жайлы, жаңбырлы болады. Егін мен шөп қатар қаулап өседі, егіннен мол өнім аламыз, малға жем-шөп молынан болады.

Баяшат заман туады, ел арасында той-томалақ көп, өлім-жітім жоқ болады деп жориды. Ал жоғарыда айтқан гүлдері ерте көктемде жақсы гүл ашпай, қарадай жұтаса, не солып қалса, онда биыл жыл ауыр болады. Ала жаздай жаңбыр жаумай, ауыр қуаңшылық болады деп жориды. Қыс қыры қатты болады, мал мен басқа қауіп-қатер бар деп ұқтырады. Бұл хабарды алдын-ала естіген малшылар қауымы ауыр шығынға, тұтқиыл келген апатқа ұшырап қалмауы үшін ертерек мал қамына кіріседі. Қора-қалтқыларын қалыңдайды. Жем-шөпті молынан дайындайды. Қылышын сүйреткен қыс келіп, суық түскенше бәр-бәрін де дайындап алады.

Балаға гүлдің есімін берген

Қазақ халқы жаңа туған сәбиіне әдейі ырыммен сол сұлу дала гүлдеріндей болсын, көкіректері гүлдей сұлу болып ер жетсін, есейгенде дала гүлдерін қорғап жүрсін, өз есімдерін сол гүлдердің арасынан тапсын деген ізгі тілекпен, ақ жүрекпен қыз балаларына Мақпал, Жанаргүл, Раушан және тағы да басқа толып жатқан дала гүлдерінің атын есім ретінде таңдап қойды. Ал ұл балаларына Қожа, Марал, Зейін деген сияқты гүлдердің атын есім ретінде таңдады.

Қазақ халқы ұлы табиғат ортасында өмір сүріп, тіршілік көргендіктен, гүл дүниесінде өскендіктен, қайсысы улы, қайсысы усыз жай гүл екенін түрінен, түсінен, күлтесінен, жапырағынан, сабағынан, тамырынан бір көріп таниды. Мынау гүл екен, гүлді жер екен деп гүлдердің арасына жас сәби балаларын беталды жібере салмайды.

Қазақ халқы дала гүлдерін ұзақ уақыт зер сала зерттеді, ұзақ тәжірибелерден өткізді. Сөйте жүріп, әр гүлге әр түрлі ат қойды. Соның ішінде "сұңғыла гүлдің" атын мысалға алуға болады. Ол өздігінен көктей алмайды, дербес өмір сүре алмайды. Тұқымы, ұрығы желмен ұшып, басқа өсімдіктің тамырына барып түседі. Ол ұрық сол өсімдіктің тамырына кіріп, оған балдай батады, судай сіңеді. Ол өсімдікті өлтіреді де, тамырынан пайдаланып, оның орнына өзі өсіп-өніп шығады. Қазақ халқы осы гүлдің өз өнері арқылы өсу, өрбу, көктеу, көгеру жолын сұңғылалығын таба білгеніне қарап, атын "сұңғыла гүл" деп қойған.

Гүлден сабын жасаған

Қазақ аналары қызғалдақ, қоңырау гүл, сабан гүл, таразды гүлдерден әр алуан бояулар алады. Ол бояулармен киім-кешек, басқа да мата, тон-шалбарларды бояп, сол арқылы сәнді киімдердің ажарын келтіреді, құнын, бағасын арттырады. Одан қала берсе, алабота, сексеуіл секілді гүлді өсімдіктерден "сақар сабын" жасайды. Ол сабындар әрі кір алғыш, әрі дәрі, әрі түрлі тері ауруларына ем-шипа болады. Әсіресе, қайқалаң қағып, шырылдап жылап, шеппе болып ауырған баланы сақар сабынға шомылдырса, дереу жазалады. Бұл емдік сабынның дәрілік қуаты аса жоғары. Бұл сабынмен киім-кешекті жуса, кірді тез шығарады. Май дақтарын жақсы алады. Киімдегі арам нәрселерді өлтіреді, микробтарды жояды. Басы қатты ауырған адам осы сақар сабынмен басын жуса, бас ауруы жазылады. Бастың ыстығын алады, қанын таратады, қою қанды сұйылтады, қан айналымын жақсартады, көзді шырадай жандырады.

Қазақ қыздары дала гүлдерінің арасындағы ең сұлу, сымбатты, ажарлы гүлдерді таңдап, оның суретін әдемі, асыл кездемелерге сызып, жібек жіптермен кестелеп тігеді. Көрпе-жастық, киім-кешек, төсек, сандық маңдайшаларына да әр алуан гүлдердің суреті тоқылған ілгіштерді іледі. Сөйтіп дала гүлдерінен өрнек алған қазақ қыздары ұзатылардан бұрын өз жасауларын гүлдей әсем етіп жасайды, өрнектеп шығады. Керек болса, тұтқыш, керегеқап сынды ұсақ бұйымдарын да гүл суретімен әшекейлейді. Сондықтан қазақ жастарының жаңа той жасаған жас отауларына бара қалсаңыз, бейне ұлы сахара төсіндегі әсем гүлдердің арасында отырғандай боласыз.

Қазақ емшілері дала гүлдерінің сырын тіптен жақсы біледі. Дәрілік қуаттарын түптен терең таниды. Қай гүлдің қай ауруға ем-шипа болатынын, қай айларда гүлдеп, қай айларда пісетінін, дәрілік қуатының қай уақыттарда жетілетінін қанық біледі. Ол гүлдерді қай мезгілде қалай жинауды, одан қандай дәрілер жасауды, оны қандай ауруларға қалай қолдануды зер сала зерттей жүріп, өте жақсы біледі.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 480.4   533.87   5.33 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети