РЕФЕРЕНДУМ ПО АЭС - 6 ОКТЯБРЯ
03 февраля 2022 | 11:20

Қызыл, Чарлиз, Олимпиада - есімі ерекше адамдардың әңгімесі

ПОДЕЛИТЬСЯ

Көрнекі сурет Көрнекі сурет

Жақында Алматыда Биллклинтон Осипов есімді ер адам тұратыны белгілі болды. Ол полицияда жұмыс істейді. Ол Tengrinews.kz тілшісіне ерекше есімі туралы әңгімелеп берген. Елімізде бұл есімнен де бөлек ерекше есімдер көп. Tengrinews.kz тілшісі Олимпиада, Чарлз және Қызыл есімді тұрғындармен сөйлесіп, оларға неліктен ерекше есім берілгенін сұрады.  


Жақында Алматыда Биллклинтон Осипов есімді ер адам тұратыны белгілі болды. Ол полицияда жұмыс істейді. Ол Tengrinews.kz тілшісіне ерекше есімі туралы әңгімелеп берген. Елімізде бұл есімнен де бөлек ерекше есімдер көп. Tengrinews.kz тілшісі Олимпиада, Чарлз және Қызыл есімді тұрғындармен сөйлесіп, оларға неліктен ерекше есім берілгенін сұрады.  

Ерекше есім иелерінің бірі Олимпиада Сағынбаева. Оның айтуынша, мұндай есім Олимпиада болған жылы туғандықтан берілген.

"Есімімді әкем қойған. Мен туған жылы КСРО кезеңінде Мәскеуде жазғы Олимпиада ойындары өткен болатын. Мен Олимпиада біткен соң, қыркүйекте өмірге келдім. Соның құрметіне әкем менің есімімді Олимпиада деп қойған", - дейді ол.

Олимпиада Сағынбаеваның айтуынша, оның есімін алғаш естіген адамдар сенбеген көрінеді.

"Бір қызығы, танысар кезде есімім Олимпиада екеніне ешкім сенбейтін. Үнемі "Ал шын есімің қандай?" деп сұрайтын", - дейді ол.

Олимпиада есімін өзгерткісі келген кездер де болған екен.

"Есімімді өзгерту туралы ойлар болды. Света деп өзгертемін деп ойладым. Артынан өзімнің де есімім әдемі екенін түсіндім. Қайын жұртым Алина деп атайды. Мен бірнеше есімі бар фильмдердегі кейіпкерлер секілдімін. Есімім көп", - дейді Олимпиада.

Ал Қанат Молдадосов есімді тұрғын ұлының есімін Чарлиз деп қойған. Оның айтуынша, ұлына мұндай есім қоюдың ешқандай ырым-тыйымға қатысы жоқ.

"Ұлым 2004 жылы туған. Бүгінде Шымкенттегі "Парасат" колледжінде білім алып жатыр. Ұлыма мұндай есім берілудің тарихын айта кетсем. Чарьлз деген шабандоз бар. Өзі қазақ. Сол кісі үйге келіп, біраз қонақ болды. Өзімнің інім Жанка да көкпар шабады. Ауылда әр сәрсенбі, жексенбі көкпар болатын. Чарльз біздің үйде үш айдай жатты. Ол кезде келіншегімнің аяғы ауыр еді. Чарльздің көлігі болатын. Сол көлігін мен мініп кетіп жүрдім. Сол көлікпен перзентханаға апардық. Ауруханадан шыққаннан кейін де сол көлікпен үйге алып келдік. Сосын анам ұлыма сол шабандоздың есімін қояйық деді. "Қойсақ, қояйық" дедік", - дейді Қанат Молдадосов.

Оның айтуынша, кейіннен ұлының есімін ауыстыру керегін айтқандар да көп болған екен.

"Онда төлқұжатын алатын кезде ауыстыра салар деп ойладық. Бірақ ұлымнан "атыңды өзгертесің ба?" деп сұрап едік, "Өзгертпеймін, әке. Чарлиз болып жүре беремін" деді. Мектеп кезінде де ешқандай проблема болған жоқ. "Неге Чарлиз? Неге мұндай есім қойдыңдар?" деп ешкім сұрамады. Бәрі жақсы", - дейді Қанат Молдадосов.

Ал Алматы облысының тұрғыны Қызыл Мақашева 1964 жылы туған. Оның есімін алғаш естігенде таңғалған адамдар да болған екен. Қызыл Мақашева мұндай есім оған қалай бұйырғанын әңгімелеп берді.

"Әке-шешем ол кезде мал шаруашылығында еді. Жазда анам мен әкем бір-екі көмекшісімен жайлауда болған. Әкем малдың басы-қасында, ал анам сол кісілерге асын дайындап көмектесетін. Мен сол жайлауда туған баламын. Анам ауруханаға барып үлгермеді. Бала әлі жеті айлық қой деп жүрген. Мен өмірге келетін күні ауа райы жаман болып тұрған. Бірақ қара бұлт үйірілгенімен жаңбыр жаумаған. Бір кезде аспан қып-қызыл болып кеткен. Құдды бір ертегі сияқты. Артынан қайтадан қара бұлт үйіріліп, жаңбыр жауған. Анам да, әкем де іштей нұр жауды деп ырымдаған. Анамның толғатып жатқанын көріп, әкем менің есімімді Қызыл деп қоятынын айтқан", - дейді ол.

Қызыл Мақашеваның айтуынша, ол есімінен әлі күнге дейін қысылады екен. Сондықтан жаңа танысқан адамдарға өзін "Қарашаш" деп таныстырады екен.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 480.4   533.87   5.33 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети