27 октября 2023 | 06:30

"Қызметкер үшін барлық жағдай жасалған". Google-да жұмыс істейтін қазақ қызы қызметі туралы айтты

Фото: жеке мұрағат

27 жастағы Арай Сабыржан бүгінгі таңда "Кремний Алқабындағы" Google корпорациясында software engineer болып жұмыс істейді. Әлемге әйгілі компанияда жұмыс істейтін қазақ қызымен Massaget.kz тілшісі сұхбаттасты.

ПОДЕЛИТЬСЯ

27 жастағы Арай Сабыржан бүгінгі таңда "Кремний Алқабындағы" Google корпорациясында software engineer болып жұмыс істейді. Әлемге әйгілі компанияда жұмыс істейтін қазақ қызымен Massaget.kz тілшісі сұхбаттасты.

Материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыздар.

Реклама
Реклама

"Сан-Францискода тәжірбиеден өттім"

Арай Сабыржан Халықаралық ІТ университетінде (ХАТУ) бағдарламалаушы мамандығын бітірген.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Arai (@araisabyrzhan)

"Мен беске толғанда ата-анам Жаркенттен Алматыға көшіп келді. Ата-анам білім алуыма барынша жағдай жасады. 11-сыныпты Алматыдағы №39 физика-математика лицейінде бітірдім. Математика біздің үйде ең маңызды сабақ болып есептелетін. Мектептен кейін көп адамнан "қыздардың қолынан "бағдарламалау" келмейді" дегенді жиі естіп, қатты намыстандым. Содан бағымды сынап, сәтін салғанда Халықаралық ІТ университетіне оқуға түстім. 2017 жылы "Computer Science and Software Engineering" факультетінде оқуды бастап, бағдарламалау саласын сәтті меңгеріп шықтым", - деді ол.

Ол университетте оқып жүргенде тәжірибе жинақтау үшін, жұмыс іздей бастаған.

"Алдымен компания мен ЖОО сайттарын, платформаларын жасаудан бастадым. Кейін Ш. Есенов атындағы қордың шетелде тәжірибе алмасу бағдарламасын тауып, сонда тапсырдым. Іріктеу кезеңінің барлық сатыларынан өткен соң, бағдарлама бойынша АҚШ-тағы стартаптарды тауып, оларға тәжірибе алмасу бойынша хат жаздым. Жүздеген хатқа небары бес стартаптан жауап келген шығар. Барлық сынақтан сәтті өтіп, 2018 жылы Сан-Франциско қаласындағы "Amplify Life" атты стартап компаниясында жарты жыл тағылымдамадан өттім. Бұл компанияның мақсаты – Facebook-тағы messenger-де chatbot арқылы түрлі шаралар мен концерттерге билет сату болды. Сол кезде "Bay Area" аумағындағы ("Кремний алқабы") ірі технологиялық компанияларда жұмыс істеп жүрген отандастарымыз бізге ғимараттардың ішін таныстырып, аралатты. Тур барысында әлемнің әр жерінен келген мамандар қалай жұмыс істейтінін көріп, шабыттанып, биік мақсатқа қол жеткізуге болатынына көз жеткіздім", - деді Арай Сабыржан.

"Дайын не дайын емес екенімді білмедім"

Арай жарты жылдан соң елге қайтып оралған.

Материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыздар.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram