ПОДЕЛИТЬСЯ
22 февраля 2021 | 15:17
"Күткенің/ақиқат". Мем ұғымы жүз жыл бұрын пайда болғаны рас па?
Желі қолданушылары кеңінен қолданатын мем ұғымы осыдан 100 жыл бұрын шыққан болуы мүмкін. Желіде 1921 жылы жарияланған сурет талқыланып жатыр. Кейбірінің пікірінше, мем ұғымы сол кезде басталған. Tengrinews.kz тілшісі мем тарихы мен оның Қазнеттегі ролі туралы баяндайды.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Желі қолданушылары кеңінен қолданатын мем ұғымы осыдан 100 жыл бұрын шыққан болуы мүмкін. Желіде 1921 жылы жарияланған сурет талқыланып жатыр. Кейбірінің пікірінше, мем ұғымы сол кезде басталған. Tengrinews.kz тілшісі мем тарихы мен оның Қазнеттегі ролі туралы баяндайды.
100 жыл бұрынғы мем
Шетелдік сайттар мен әлеуметтік желілерде бір сурет тарап жатыр. Кейбірі оны адамзат тарихындағы алғашқы мем деген пікірде.
Ол қазір бәрі білетін мем стилінде жасалған. Онда "Суретке түскендегі ойың/Негізі қалай түскенің" деп жазылған.
BBC мәліметінше, бұл комикс Айова штаты университетінде шығатын The Judge сатиралық журналында жарық көрген. Бұл сурет кейін Wisconsin Octopus журналында да жарияланған.
Портал бұл журналдың басқа да нөмірлерін қарап шыққан. "Күткенің/ақиқат" мемі 1919 және 1920 жылдары да шыққан екен. Солардың бірі мынадай: "Кездесу: көршің бейтаныс қызды қалай суреттейді/Оның өмірдегі түрі".
Фото: Wisconsin Octopus
Анықтама бойынша бір сурет мем бола алмайды. Түпнұсқа сурет түрлі нұсқада көшіріліп, қайта тарауы керек. Журнал бірнеше нөмірінде бір суретті түрлі нұсқада жариялағанын ескерсек, мұны интернет заманына дейінгі мем деп айтуға негіз бар.
Мем ұғымы қайдан шыққан?
Көбі "мем" сөзі ағылшынның memory сөзінен шықты деп ойлайды. Бірақ олай емес. "Мем" термині 1976 жылы пайда болған. Оксфорд профессоры Ричард Докинз сол жылы "Экоист ген" кітабын жариялаған. Профессор "жан-жаққа тарайтын мәдени ақпарат бірлігін" meme, яғни, "мем" деп атаған. Бұл ұғымды ол гректің "үйлес" сөзінен алған.
Жан-жаққа тарайтын дәл осындай құбылысты 1994 жылы конспиролог Дуглас Рашкофф "медиавирус" деп атаған. Сондықтан кейбірі "мем" орнына "медиавирус" сөзін қолданып жатады.
Бүгінде меметика деген ғылым қалыптасқан. Бірақ ол желідегі суреттерді емес, тараған ақпарат пен эмоцияны зерттейді.
Интернет дами түскенде "мем" де дами бастады. Мысалы, 2001 жылы ағылшындар арасында үкі суретіне O RLY? деп жазылған мем тарады. Ол "Шынымен бе?" деген сарказм ретінде жасалған.
Ал Ресейде мем 2000-жылдардың ортасында тараған. 2006 жылы блогтар мен форумдарда "превед" (орысша "привет" сөзінің эрратив нұсқасы) мемі тараған. Кейін онлайнда да, оффлайнда да адамдар "превед" сөзімен амандасуды сәнге айналдырған.
Қазнеттегі мемдер
Қазнетте де мем кеңінен қолданылады. Оған елде халықтың қызу талқысына түскен кез келген жаңалық себеп болуы мүмкін.
Мысалы, былтыр Алматы бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшиннің "Елімізге наконец-то коронавирус келеді" деген сөзі желіде талқыланып, мемге айналған.
Бірнеше жыл бұрын Бауыржан Байбектің де бір мәлімдемесі мемге айналған еді. Ол Алматы әкімі болған кезде "қалада 500 теңгеге түскі ас ішуге болатынын" айтқан. Бұл желіде мемге айналған.
Жалпы, шенеуніктердің іс-әрекеті мен мәлімдемелері жиі мемге айналады. 2013 жылы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау экс-министрі Серік Әбденов "патамушта" сөзімен танылса, былтыр Алматы облысының бас санитар дәрігері болған Ерғали Сыдымановтың "кредит бар...андай-мындай" деген сөзі қызу талқыланып еді.
Депутат Гүлжан Қарағұсова түрлі уақытта "біздікі өзінікі өндірісті", "менікі кінәлім емес", "болары болы" сөздерімен мем болған.
Шенеуніктен бөлек, елдегі түрлі оқиға да әзілге айналып жатады. Былтыр әнші Марат Омаровтың "Коронавирус, кет, кет" әні ұзақ уақыт талқыға түсіп, мемге айналған.
Коронавирус бойынша мем де көп болды.
Карантин басталғандағы тауарлар жетіспеушілігі де жиі әзілге айналды.
Показать комментарии
Читайте также