РЕФЕРЕНДУМ ПО АЭС - 6 ОКТЯБРЯ
02 августа 2019 | 17:47

"Құр қолға бата жүрмейді". Дәстүрді бизнеске айналдыру дұрыс па?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бата беру - қазақтың ертеден келе жатқан дәстүрлерінің бірі. Бата дастархан басында, түрлі тойларда, жақсылықтарда айтылады. Бұл дәстүрдің шығу тарихы жайлы түрлі пікірлер бар, солардың бірі бата сөзінің арабтардың "фатеке" сөзінен шыққанын айтады. "Фатеке" алғыс айту, ақ тілек айту дегенді білдіреді екен. Тарихшы Жұлдыз Оспанова Tengrinews.kz тілшісіне бүгінде бұл дәстүрдің қаншалықты сақталғанын және дәстүрдің қалай орындалып жүргенін айтып берді.


Бата беру - қазақтың ертеден келе жатқан дәстүрлерінің бірі. Бата дастархан басында, түрлі тойларда, жақсылықтарда айтылады. Бұл дәстүрдің шығу тарихы жайлы түрлі пікірлер бар, солардың бірі бата сөзінің арабтардың "фатеке" сөзінен шыққанын айтады. "Фатеке" алғыс айту, ақ тілек айту дегенді білдіреді екен. Тарихшы Жұлдыз Оспанова Tengrinews.kz тілшісіне бүгінде бұл дәстүрдің қаншалықты сақталғанын және дәстүрдің қалай орындалып жүргенін айтып берді.

Оның айтуынша, бата беру әлі күнге дейін сақталған және бүгінде оны қариялар ғана емес, өзгелерге үлгі бола алатын жастар да бере алады. 

"Кезінде қазақтар кез келген жиында, отырыстарда бір-біріне ақ батасын жаудырған. Бұл қазақ халқының сыйластығын, кішіпейілдігін білдіреді. Бірақ бата тек жақсы тілектер айту дегенді ғана білдірмейді. Бата айтылған адамдарға рухани күш беріледі деп түсінген. Оны жамандықтан сақтап, жолын ашады деп білген. Жалпы қазақта бата алу мен бата берудің мағынасы көп. Батаның өзі бірнеше түрге бөлінгендіктен, оның әрқайсының өзіндік мәні бар", - дейді тарихшы. 

Оспанованың айтуынша, батаның ас қайыру батасы, жас келінге айтылатын бата, Айт батасы, жол батасы, Рамазан батасы, қоныс тойы батасы, бесікке бөлеу батасы, той батасы сияқты түрлері бар.

"Бүгінде түрлі той-томалақтарда, құдалықтарда танымал кісілердің батасын алу сәнге айналып барады. Ол дұрыс деп айта аламын. Келген қонақтарға үлгі боларлық адамның жастарға, балаларға неге батасын бермеске? Бұл кішкене ерсі көрінетін себебі - кезінде қазақтар тек көпті көрген қариялардың батасын алу керек деп түсінген. Бірақ бүгінде қариялардың батасын алуды ешкім жоққа шығармайды. Керісінше, егде жастағы кісілер мен жастардың да бір-бірінен үлгі-өнеге алып, ақ батасын жаудырғаны жақсы емес пе?", - дейді Оспанова. 


© e-history.kz

Сондай-ақ, тарихшы бата берген адамға да алғыс айтылуы тиіс екенін мәлімдеді.

"Кезінде қазақтар бата берген қарияларға міндетті түрде алғыс білдірген. Оларға мал түрінде немесе мата, шапан түрінде сыйлық берген. Әйтпесе ол бата қабыл болмайды деп түсінген. Қазіргі уақытта да мата немесе бір малдың ақшасын беріп жатады. Бірақ көбіне ақшалай береді. Ол сома бір малдың немесе бір шапанның бағасымен тең болуы тиіс. Дегенмен кейбіреулер 20-30 мың теңге беріп, сарқытын салып береді. Ал шамасы жеткендер тіпті ақ батасын жаудырған кісіге зергерлік бұйымдар тағып жатады", - дейді ол.

Бірақ, тарихшының айтуынша, соңғы кездері бата берушілер ақ батаны жаттанды сөздермен айтады. Айтуынша, қазіргі баталарда бұрынғыдай терең мән-мағына мен үлгі боларлық тілектер аз кездеседі.

Осы ретте бүгінде тойларда айтылып жүрген баталарды ұсынамыз.

Сүндет тойда айтылатын бата:

(...) Сүндет атың пыраққа айналсын,
Мінген ашамайың таққа айналсын,
Қоржының толы болсын,
Ылайым жолың болсын!

Пішпең, пішпең, пішпеңде,
Тілек айтам кішкене.
Бақыт қонсын басыңа,
Жас қосылсын жасыңа,
Байлық берсін үстеме,
Әумин!

Жас жұбайларға айтылатын бата:

Сөзімнің пәктігін берсін,
Көңілдің ақтығын берсін,
Жылулы отбастарыңа
Сәбидің шатты үнін берсін!
Пейілдерің тарылмасын,
Есіктерің жабылмасын,
Шаршап-шалдыққандар,
Төрлеріңе дамылдасын!
Көлденең кеселден сақтасын,
Күңкіл өсектен сақтасын,
Дау-жанжалдан сақтасын,
Достан көңіл қалғаннан сақтасын!
Әумин!

Қоныс тойларында: 

Беретін асың болсын,
Көретін жасың болсын,
Басыңнан жақсылық кетпесін,
Жамандық саған жетпесін!

Қайырлы болсын үйің,
Жақсы болсын күйің,
Алдарыңнан шықсын әрдайым,
Көрсеткен жұртқа сыйың.

Өздеріңе ұзақ ғұмыр берсін,
Мәңгі кетпес ризық берсін,
Алдарыңнан күн шықсын,
Арттарыңнан ай тусын!

Шілдехана тойында берілетін бата:

Анасының аяулы
Жарып шыққан кемерін,
Қадам басып өмірге,
Жас шыбықтай бүр жарып,
Жаңа жайған желігін,
Торсық шеке, ақмаңдай,
Өсе берсін бөбегің.
Тойың тойға ұласын,
Бола берсін дегенің!

Оқи отырыңыз:

Теріс бата деген не және оны қазақ қандай жағдайда айтқан?

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 480.4   533.87   5.33 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети