РЕФЕРЕНДУМ ПО АЭС - 6 ОКТЯБРЯ
01 ноября 2018 | 20:48

Құмар ойын неліктен ұнар ойын?

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Finclub.net © Finclub.net

Бүгін 7 арнадағы "Өз ойым" бағдарламасында "Құмар ойын неліктен ұнар ойын?" тақырыбы талқыланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Бүгін 7 арнадағы "Өз ойым" бағдарламасында "Құмар ойын неліктен ұнар ойын?" тақырыбы талқыланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

5 баласы бар 54 жастағы Балғабек Нұрғалиев кезінде карта ойнап, барынан айрылған. Отбасымен де сол үшін айырылысып кеткен. Карта үшін несие алып, әлі күнге дейін  төлеп жүргенін айтады. 

"Цехта сварщик болып жұмыс істеймін. 90-жылдары карта ойындарына құмарлығым артты. Арнайы мекемелерге барып, тапқан табысымның барлығын салатын едім. Шетелдік автокөлігімнен де соның кесірінен айырылдым. Барлығынан айырылғаннан кейін құмар ойын дегенді қойдым. Көп ұтыс болғанымен ертесіне ұтыласың", - дейді Балғабек Нұрғалиев.

"Казино" деген авторлық әні бар әнші Ербосын Қасымбековтің айтуынша, әнді шығаруға оның достары түрткі болған. Өйткені өнер саласында казино ойнайтын достары көп екен. 

Халық емшісі Құралай Тезекбаеваның айтуынша, құмар ойынға белшесінен батқан адамдарға отбасының көмегі қажет. 

"Бұл кісілерге жанұясының тарапынан қолдау қажет. Қазіргі кезде екеуінің де отбасы жоқ. Кім қолдайды? Бір күні қолына ақша түскенде қайтадан сол жолға түсіп кетпесіне кім кепіл? Жанұяның үлкен ұйытқысы керек мұндайда", - дейді Құралай Тезекбаева.

Темірхан Жіңгін есімді бағдарламаның қонағы осы құмар ойынның өзіне қалай әсер еткенін баяндап берді.

"Астанаға келгеніме алты жыл болды. Ойынға қатты кіріп кеттім. Отбасыммен айырылысып кеткеніме бес жыл болды. Қазіргі уақытта олар Павлодарда тұрады. Екі балам бар, мүлде көріспейміз. Алимент төлемеймін. Төлейін деп бір екі рет барып, көрісуге талпындым", - дейді Темірхан Жіңгін.

Психолог Индира Тәукенова адамдардың қандай типі құмар ойынына әуестенгіш болатынын айтты.

Этнограф Жұмамұрат Шәмші қазіргі уақытта адамдардың аз жұмыс істеп, көп ақша табудың жолында жүргенін айтады.

"Мұның түпкі тамыры мынада - әлемдегі ең бай адамдардың бірі Билл Гейтц өзінің бір сұхбатында былай дейді: Адамзат тез баюға әуестеніп қалды. Ойының бәрі көп уақыт жұмсамай, тез байып кету. Бірінші қару-жарақ сатқан адам жылдам табысқа кенеледі. Екіншісі - жезөкшелік, үшіншісі - есірткі саудасы. Ал төртіншісі құмар ойынның барлық түрі. Осының біреуіне де жақын кез келген адамның ойында аз уақытта мол табысқа кенелу идеясы тұрады. Бұл заттарға шектеу қоюдың өзі де баланың әңгімесі", - дейді Жұмамұрат Шәмші.

Айта кетейік, "Өз ойым" бағдарламасы 27 маусымнан жаңа санын бастады. Бағдарламаның ең басты жаңалығы ток-шоу дүйсенбі-жұма аралығында көрсетілетін болды. Түрлі әлеуметтік тақырыптарды қозғайтын бұл ток-шоу әлі талай қызықтарға толы. 

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 480.4   533.87   5.33 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети