ПОДЕЛИТЬСЯ
13 августа 2021 | 12:57
Қуат Хамитов "геноцид" деп таратқан видео фейк болып шықты
Қазақстандық файтер Қуат "Найман" Хамитов Алматыда дезинфекция жұмысы түсірілген видеоны жариялады. Спортшы видеодағы әрекетті геноцид деп атаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қазақстандық файтер Қуат "Найман" Хамитов Алматыда дезинфекция жұмысы түсірілген видеоны жариялады. Спортшы видеодағы әрекетті геноцид деп атаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Видеода жүріп бара жатқан жүк көлігін көруге болады. Көліктен видеоға түсірген ер адам оқиға "Айнабұлақ 3" ықшамауданында болғанын айтады. Жол бойындағы ағаштарға шашылған затты желідегілер у деп топшылаған. Алайда Алматы әкімдігінің өкілдері мән-жайды айтып берді.
"Жоғарыда көрсетілген мекенжай бойынша "Дезинфекция" мекемесі жасыл желектерді зиянкестерден биологиялық препараттармен өңдеу жұмыстарын жүргізіп жатыр", - деп пікір білдірді әкімдік өкілдері.
Сондай-ақ, олар жұмыс неге түнде жүргізілгенін де түсіндірді.
"Жұмыс түнде тиімділік үшін жүргізіледі, өйткені биологиялық препарат ультракүлгін сәулелердің әсерінен тиімділігін жоғалтады", - дейді мамандар.
Бұл оқиға туралы Stopfake.kz сайтына Алматы қаласының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті де түсініктеме беріпті. Ведомство ағаштарды зиянкестер мен аурулардан қорғау бойынша іс-шаралар қалада жыл сайын өткізіледі және бұл үшін ең тиімді құралдардың бірі биопрепараттар болып табылатынын хабарлады.
"Биологиялық өнімдер - тірі организмдер немесе тірі организмдер синтездейтін табиғи биологиялық қосылыстар. Биологиялық препараттардың спектрі биоинсектицидтерден, биофунгицидтерден био-тыңайтқыштарға дейін өте ауқымды. Саңырауқұлақтарға негізделген биопестицидтер тамыр, тұқым және топырақ инфекциясының қоздырғыштарын басуға, сондай-ақ препаратты тікелей бетіне қолданған кезде жеміс пен жапырақ ауруларының дамуына жол бермейді. Биологиялық инсектицидтер төрт жүз түрлі жәндіктерге қарсы тиімді. Препараттың әсері қарапайым - ішкі ағзаларды зақымдайды, жәндіктердің сал ауруына және өліміне әкеп соқтырады", - делінген Алматы қаласының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің түсініктемесінде.
Айта кетейік, Қазақстанның Қылмыстық кодексінде "Көрінеу жалған ақпарат тарату" бабы бар (274-бап). Бұл бап бойынша, бұқаралық ақпарат құралдарын немесе телекоммуникациялар желілерін пайдалана отырып жасалған қылмыс жазасы - үш мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не сегіз жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту не 3 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыру.
Показать комментарии
Читайте также