РЕФЕРЕНДУМ ПО АЭС - 6 ОКТЯБРЯ
30 марта 2020 | 14:23

Коронавирус кезіндегі драма: президент ертегі оқып, мұғалімдер оқушысын сағынды

Рахила Тлеуова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бүгінде әлемнің 102 мемлекетінде карантин жарияланып, 850 миллион бала сабаққа бара алмай отыр. Жаппай карантин салдарынан үйінен шықпай отырған әлем тұрғындары бір сәтте бір үйдің баласындай бір-бірін қолдауға дайын. Мысалы, Израиль президенті Реувен Ривлин үйде отырған балаларға онлайн ертегі оқып берсе, АҚШ мұғалімдері оқушыларының үйін көлікпен аралап, "Біз сені сағындық" деген жазба көрсетті. Tengrinews.kz тілшісі COVID-19 вирусымен күрес кезінде әлем халқының қолдауы мен жылы сезімі жарияланған жазбаларды топтады.


Бүгінде әлемнің 102 мемлекетінде карантин жарияланып, 850 миллион бала сабаққа бара алмай отыр. Жаппай карантин салдарынан үйінен шықпай отырған әлем тұрғындары бір сәтте бір үйдің баласындай бір-бірін қолдауға дайын. Мысалы, Израиль президенті Реувен Ривлин үйде отырған балаларға онлайн ертегі оқып берсе, АҚШ мұғалімдері оқушыларының үйін көлікпен аралап, "Біз сені сағындық" деген жазба көрсетті. Tengrinews.kz тілшісі COVID-19 вирусымен күрес кезінде әлем халқының қолдауы мен жылы сезімі жарияланған жазбаларды топтады.

Қытайлықтар Ресейдің "Өмір сүргім келеді" ("Так хочется жить") деген әніне клип түсіріп, әлем халқының жүрегін елжіретті. Қазақстандық журналист, қоғам белсендісі Серік Аббас-шах Instagram парақшасында  аталған видеосын бөлісті.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Serik Abas-shakh (@serik_abasshakh_officialpage)

Видеода карантин салдарынан көшелердің қаңырап қалғаны, дәрігерлердің үйіне қайта алмай отырғаны, әкесінің ауруханада оқшау жатқан баласына жете алмағыны, ерлі-зайыптылардың әйнектің арғы жағынан телефон арқылы сөйлескені және Қытай халқының, әскерилер мен дәрігерлердің, құрылысшылардың жұмыла көтерген күресі бейнеленген. Жазбаның сипаттамасында оқырмандар көңілі босап, көзіне жас алғанын айтып, пікір қалдырыпты.

"Сондай аянышты, көз жасына ерік бердім. Елімізді, жер әлемді індеттен сақтасын. Бәріміз әлі де індеттің қаншалықты зардабын сезінбедік", - деп жазды elmira_zhomartova.

Мұндай карантин қазір әлемнің 100-ден астам елінде енгізілді. Дүние жүзінде 850 миллион бала мен жеткіншек, шамамен, әлемдегі білім алушылардың жартысы COVID-19 коронавирусының пандемиясына байланысты мектепке немесе университетке бара алмай отыр. Бұл туралы ЮНЕСКО хабарлады. 102 мемлекет елдегі барлық мектептегі сабақты тоқтатты, сондай-ақ 11 елде мектепті жергілікті деңгейде жапты. Осылайша, жабылған білім беру мекемесінің саны екі есе артты, алдағы уақытта бұл көрсеткіш тағы өсуі мүмкін.

Ал Израиль президенті Реувен Ривлин карантинге байланысты үйінде отырған балалар үшін онлайн ертегі айтып беріп жүр. JewishPress хабарына қарағанда, президент ертегіні аптасына бір рет оқиды екен.

"Мен қазір қиын кезең екенін білемін. Балалар үйде отыр. Біз отбасымызбен бірге болғанды жақсы көреміз. Сондықтан мен сіздерге (ата-аналарға - ред.) демалыс беріп, алыстан сіздермен бірге болғым келеді. Менің ертегіме қосылыңыздар. Барлығыңызды немесе балаларды Леи Гольдбергтің "Пәтер жалға беріледі" кітабын оқуға шақырамын. Кофеңізді алып, телефоныңызды қалдыруды ұмытпаңыз", - дейді президент ата-аналарға үндеуінде.

Қазір Израильде 1238 адам коронавирус жұқтырған. 24-і ауыр халде жатыр. Бір адам қайтыс болды, 37 адам емделіп шықты.

Ал, АҚШ-тың Техас штатындағы Сан-Антонио қаласында мұғалімдер карантинде үйден шықпай отырған оқушыларына қолдау көрсетіп, көлікпен парад жасады. Олар "Қолдарыңызды жуыңыздар!" және "Біз сені сағындық" деген сөздер жазылған үнқағазбен балалардың көңілін көтерді.

Сондай-ақ, АҚШ-тың Мичиган штатында тұратын Дана Баер және оның баласы Джейкоб Баер көлікте отырып, 6 жасар баланы туған күнімен құттықтады. Олар Мичиган штатындағы Уэст-Блумфилд ауданында әлеуметтік қашықтықты сақтап отыр. Әлемдік БАҚ анасы мен баласының ерекше құттықтауын жарыса жазды.

Осыған дейін ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев Нью-Йоркте COVID-19 инфекциясынан әр 17 минут сайын бір адам қайтыс болатынын айтқан еді. АҚШ президенті Дональд Трамп АҚШ-тағы коронавируспен күрес шараларын 30 сәуірге дейін созды. Жексенбі күні АҚШ-та коронавирус жұқтырғандар саны 125 мыңнан асты. Қазір АҚШ COVID-19 вирусын жұқтыру жағынан әлем бойынша алдынғы орында тұр.

Ал, елімізде коронавируспен күресіп жатқан дәрігерлерге желі арқылы қолдау көрсетіп жатқан азаматтар көп. Бүгін StopCovAlmaty Telegram-каналында Алматы облысының "Тау Самалы" коттедждер қалашығының тұрғындары дәрігерлерге қол шапалақтап, алғыс білдіріп жатқан видео жарияланды. Бірнеше минуттың ішінде видео басқа әлеуметтік желілерде кеңінен таралып, қолданушылар ыстық лебізін жазды.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 480.4   533.87   5.33 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети