ПОДЕЛИТЬСЯ
13 марта 2020 | 17:40
"Коронавирус, кет!". Марат Омаров COVID-19 туралы ән айтты
Белгілі әнші Марат Омаров коронавирусқа байланысты ән орындады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Белгілі әнші Марат Омаров коронавирусқа байланысты ән орындады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Видеоны Бауыржан Карипов есімді Facebook қолданушысы парақшасына жүктеген. Бір минуттқа созылған ән коронавирус жайында.
"Коронавирус, кет, кет, кет!
Коронавирус, жақындама, жолама", - делінген ән жолдарында.
Әнді естіген желі қолданушылары да әншілерді қолдаған.
"Керемет ән!", "Алас әні! Керемет. Қазақ осы ғой, шіркін", - дейді Желі қолданушылары.
Марат Омаров 1959 жылы 16 сәуірде Созақ ауданы Шолаққорған ауылында туған. Қазақстан Жастар одағы сыйлығының лауреаты, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі, Шымкент облысы филармониясында "Ауылым - әнім" ансамблінің әншісі болды.
Әл-Фараби атындағы Мәдени-ағарту институтында білім алды. Қазақ телевизиясында музыка редактор болды. 1992 жылы "Наурыз" шығармашылық қорын, ал 1998 жылы "Балаларды дамыту" қорын ашты. 2001 жылы астанадағы Президент оркестрінде және филармонияда қызмет етті.
Айта кетейік, бүгін Қазақстанда бірінші коронавирус жұқтыру дерегі тіркелді. Коронавирус жұқтырған қазақстандық елге Германиядан 9 наурызда келген. Онымен бірге ұшып келген 73 жолаушы карантинге жатқызылады. Коронавирус жұқтырған 1974 жылғы ер адам және 1984 жылғы әйел адам екені белгілі болды. Науқастар жұқпалы аурулар стационарына жатқызылды. Оларда аурудың клиникалық белгілері әзірге жоқ.
Показать комментарии
Читайте также