РЕФЕРЕНДУМ ПО АЭС - 6 ОКТЯБРЯ
11 февраля 2020 | 13:03

Қордай мен Масанчи деген кім?

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz коллажы © Tengrinews.kz коллажы

Өткен аптада Жамбыл облысы Қордай ауданы Масанчи ауылында болған қақтығыс 10 адамның қазасымен аяқталған болатын. Ғимараттар мен үйлер өртеніп, көліктер қиратылған. Бұл елді мекендердің атауы кімнің құрметіне қойылған? Облыс атауы ақын Жамбыл Жабаевтың құрметіне екенін бәрі білетін болар. Ал Қордай мен Масанчи деген кім? Tengrinews.kz тілшісі "Аты қандай, заты қандай" айдарында осы елді мекендердің атауы жайлы деректер жинап шықты.


Өткен аптада Жамбыл облысы Қордай ауданы Масанчи ауылында болған қақтығыс 10 адамның қазасымен аяқталған болатын. Ғимараттар мен үйлер өртеніп, көліктер қиратылған. Бұл елді мекендердің атауы кімнің құрметіне қойылған? Облыс атауы ақын Жамбыл Жабаевтың құрметіне екенін бәрі білетін болар. Ал Қордай мен Масанчи деген кім? Tengrinews.kz тілшісі "Аты қандай, заты қандай" айдарында осы елді мекендердің атауы жайлы деректер жинап шықты.

Қордай деген кім?

Қордай - Жамбыл облысының шығысында, Шу алқабында орналасқан аудан. Орталығы - аудан аттас Қордай ауылы.

Аудан 1928 жылы 17 қаңтарда құрылған. Алғашында Алматы округінің құрамында болған, кейін 1939 жылы Жамбыл облысына қосылған.

Қордай ауданының жері негізінен таулы. Түрлі кен байлықтары бар.

2019 жылғы дерек бойынша, ауданда 143 мың адам тұрып жатыр. Оның 50 пайызға жуығы - қазақтар, 33 пайызы - дүнген ұлтының өкілі. Одан бөлек, орыс, әзербайжан, түрік, күрд ұлттары тұрып жатыр.

Қордай ауданынан жырау Кенен Әзірбаев, боксшы Марат Мәзімбай, Айгүл Иманбаева, Саят Медеуов, Мақсат Базарбаев, Мұрат Құсайынов секілді әншілер шыққан.

Ауданға Қордай деген атау қазақ батырының құрметіне берілген. Қордай батыр 1827-1885 жылдары өмір сүрген. Ол сесті, көзі өткір, екі қолы тоқпақтай, зор денелі батыр болған деседі. Жаудың өзі Қордай батыр бар жермен жүрмеген екен.

Ел аузында Қордайдың батырлығы туралы аңыз-әңгіме көп. Бір аңыз бойынша, Қордай батыр өз қолымен жаудың малын айдап әкеткен. Артынан жау әскері соңынан қуса керек. Сонда Қордай батыр өз әскеріне "Қолға  түсірген  жылқыны  айдап  алға  тарта беріңдер, жауды өзім қайтарамын" деген екен. Сонда жалғыз өзі қалып, жаудың тұтас бір қолын бір өзі өлтірген екен.

Қордай батырдың ерлігі ел арасында желдей тарап, жаудың өзі "Қордай батыр" деп айғайласа, қаша жөнеледі деседі. Батырдың өзі жауға "Қордайлап" шабады екен.


Қордай батыр ескерткіші. Фото qasietti-taraz.kz сайтынан 

Қазір ауданда Қордай батырдың қызыл граниттен жасалған ескерткіші бар.

Масанчи деген кім?

Масанчи - Қордай ауданына қарасты ауыл. Қордай ауылынан 46 шақырым жерде жатыр. Қырғызстанмен шекараға жақын орналасқан.

Елді мекен 1878 жылы Иньпан деп аталатын дүнген ауылының орнына құрылған. Кейін Кара-кунуз, Николаевское деп аталған.

Масанчи бұрынғы дүнген ауылының орнына құрылғандықтан мұнда сол ұлттың өкілдері көп. 2009 жылғы санақ бойынша, елді мекенде 13 мыңнан аса адам тұрып жатыр. Оның 90 пайызға жуығы - дүнгендер.

Ауылдың атауы революция қозғалысының, Азаматтық соғыстың қатысушысы Мағазы Масанчидің құрметіне қойылған. 

Мағазы Масанчи 1885 жылы қазіргі Алматыда дүниеге келген. Ұлты - дүнген. Өмірінің басым бөлігін патша өкіметін құлатып, Кеңес Одағын құруды қолдап соғыспен өткізген. Одақ құрылғаннан кейін Масанчи түрлі әскери қызметте болған. 1920 жылы Ораз Жандосов, Абдолла Розыбакиев сынды белсенділермен бірге 8-қазақ (қырғыз) бригадасын құрған. Артынша дүнгендерінің жеке атты әскер полкін басқарған.


Мағази Масанчи

1936 жылы Алматыға оралып, сонда жұмыс істей бастаған. 1937 жылы Ташкентке сапары кезінде тұтқынға түседі. Оны "халық жауы" деген айыппен ату жазасына кескен. Репрессия кезінде ол халық қаһарманы тізімінен сызылған. Осылайша, Кеңес одағын құру үшін соғысқан оны Одақтың өзі өлтіріп тынды.


Масанчи құрметіне орнатылған бюст. Алматы қаласы.

Мағазы Масанчидің есімі тек 1957 жылы ақталған. 1965 жылдан бері Масанчи ауылы соның құрметіне аталады. Одан бөлек, Алматыда Мағазы Масанчидің көшесі бар. Сондай-ақ Алматыда Көрнекті қайраткерлер аллеясында Масанчиге бюст орнатылған.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 480.4   533.87   5.33 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети