28 ноября 2019 | 16:46

Компаниялардың бақталастығы. Қазақстанда "қара жұма" қалай өтіп жүр?

© REUTERS

Соңғы уақыттары интернетті аша қалсақ "қара жұма" науқанының өріп жүрген жарнамасын көзіміз шалады. Бұл - 29 қарашадан бастап Қазақстанда және шет елдерде "қара жұма" акциясы өтеді деген сөз. Елімізде жұма күні басталатын шара 3 күнге созылады деп жоспарланған. Қазақстанда 130-ға жуық дүкен "қара жұмаға" қатысып, тауарларын елең еткізетін жеңілдіктермен сатады. Жалпы әлем бойынша үрдіске "қара жұма" акциясы елімізге қалай келді? Шет елдерде аталған шара қалай өтеді? Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі материалынан оқыңыз. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Соңғы уақыттары интернетті аша қалсақ "қара жұма" науқанының өріп жүрген жарнамасын көзіміз шалады. Бұл - 29 қарашадан бастап Қазақстанда және шет елдерде "қара жұма" акциясы өтеді деген сөз. Елімізде жұма күні басталатын шара 3 күнге созылады деп жоспарланған. Қазақстанда 130-ға жуық дүкен "қара жұмаға" қатысып, тауарларын елең еткізетін жеңілдіктермен сатады. Жалпы әлем бойынша үрдіске "қара жұма" акциясы елімізге қалай келді? Шет елдерде аталған шара қалай өтеді? Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі материалынан оқыңыз. 

"Қара жұма" атауы қайдан шыққан?

Реклама
Реклама

"Қара жұма" - бүгінде дәстүрге айналған, көзтартарлық жеңілдіктер акциясы. Америкадан бастау алған "қара жұма" термині 60-жылдары пайда болған. Әдетте шет ел дүкендері кім, қанша жеңілдік жасайды деп жарысады екен. Бұл науқан АҚШ-тағы алғыс айту күнінен кейін алғашқы жұмада тойланады. Көбіне 23-30 қараша аралығына түседі.

Уақыт өте келе бұл үрдісті өзге елдер де дәстүрге айналдыра бастады. Себебі компаниялар арасында бақталастық өскен сайын жеңілдіктер де ұлғая бастайды екен. Осылайша дүкендерде айғай-шу, талас-тартыс болады. Бірі жеңілдік бойынша сыйлық сатып алуға асықса, енді бірі тауарды жеңілдетілген, арзан бағада сатып алып, артынша аукциондарда қымбаттатып сататын көрінеді. 


© REUTERS

Бұл күннің "қара жұма" деп аталуы бекер емес. АҚШ ірі сауда орталықтарына 80-90 пайыз жеңілдік үшін ағылатын тұрғындар тауарға таласып, арты тәртіпсіздікке ұласады. Бірі жанжал шығарып ұрысып, кейбірі тіпті төбелес шығарып жатады екен. Мұндай жағдайда сатып алушылар инфаркт алып, тіпті адам өлімі тіркелген кездер де болған екен. 

2008 жылы қарашада "қара жұма" кезінде дүкенге баса-көктеп келген тұрғындар Лонг-Айлендтегі Walmart сауда үйінің қызметшісі, 34 жастағы Джимитай Дамурды таптап кеткен. Салдарынан сатушы қайтыс болған. 


"Қара жұма" кезінде қайтыс болған Джимитай Дамур © tjournal.ru

"Қара жұма" - ресми мейрам болмағанымен, қызметкерлер бұл күні демалыс алып, сауда жасауға шығады. Америкалықтар "қара жұма" басталардан бір күн бұрын дүкен алдында кезекке тұрады екен. Дүкен алдында кезекке тұратындардың саны 15 мыңға дейін жеткен кездер болған көрінеді.

Алайда мәселе ел экономикасында емес. АҚШ-та акция қызықты өтетіні соншалық, миллионерлер де келіп, жеңілдік бойынша тауар сатып алатын жағдайға жеткен. Ресми мәлімет бойынша, "қара жұма" кезінде күніне 135 миллионға жуық адам сауда жасайды. 

Ал ТМД елдерінде мұндай көріністерді кездестіре қоймайсыз. Себебі көбі қарашаның салқын күндері дүкен алдында сағаттап кезекте тұрғаннан гөрі интернет арқылы онлайн-сауда жасағанды құп көреді. 

"Қара жұма" Қазақстанда

Қазақстанда Black friday немесе "қара жұма" 2009 жылдары өткізіле бастады. 

Picodi.com сарапшыларының мәліметінше, 2018 жылы қазақстандықтардың 65 пайызы "қара жұма" арқылы сауда жасаған. Олардың ішінде ең белсенді тұрғындар Алматы қаласынан екені анықталған. Екінші орында елордалықтар болса, үздік үштікті қарағандылықтар қорытындылаған. 

Black-Friday.Global мәліметінше, қазақстандықтар науқан кезінде көбіне киім-кешек, тұрмыстық техника, аяқ-киім, үй тауарларын және косметика құралдарын алады екен.


© REUTERS

Басылым мәліметінше, 2018 жылы Қазақстандағы "қара жұма" кезінде сатылым деңгейі 1604 пайызға өскен. Канадада 1886 пайыз, Ұлыбританияда 1708 пайызға өссе, Ресейде 527 пайызға өскені байқалған. Орта есеппен қазақстандықтар "қара жұма" кезінде 22 мың теңге жұмсайды. 

Алайда Black-Friday.Global-дың 2018 жылғы зерттеуінше, 51 қазақстандық қана "қара жұма" жайлы хабардар болған екен.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram