11 июля 2019 | 10:54

"Киіт кигізу - қыз сату деген сөз емес". Қазақ дәстүрі жайлы не білеміз

Қазақ халқы ұлттық салт-дәстүрге бай ел. Әрбір дәстүрдің қалыптасуында терең мән жатыр. Солардың бірі әрі ерекшесі киіт кигізу дәстүрі. Киітке бұрын не берген, қазір не беріп жатыр? Киіт кигізудің мәні неде деген сұрақтарға жауап алу мақсатында Tengrinews.kz тілшісі филология ғылымдарының кандидаты, ассоциациялық профессор Ақмаржан Ақыжановамен сұхбаттасты.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақ халқы ұлттық салт-дәстүрге бай ел. Әрбір дәстүрдің қалыптасуында терең мән жатыр. Солардың бірі әрі ерекшесі киіт кигізу дәстүрі. Киітке бұрын не берген, қазір не беріп жатыр? Киіт кигізудің мәні неде деген сұрақтарға жауап алу мақсатында Tengrinews.kz тілшісі филология ғылымдарының кандидаты, ассоциациялық профессор Ақмаржан Ақыжановамен сұхбаттасты.

Киіттің мәні неде?

Реклама
Реклама

Ақмаржан Тасыбекқызы қазақ халқы үйіне келген адамды құр қол шығармаған дейді. 

"Қазақ елі ежелден кең пейілімен, ақ жүрегімен, досқа адалдығымен танылған халық. "Қуыс үйден құр шықпа" деген нақыл сөз бар. Үйіне келген ақ жаулықты әжелердің басына ақ орамалын тақпай, әсіресе жас балалардың қолына тәтті ұстатпай жібермеген. Ал енді киітке келетін болсақ, ол да соның бір көрінісі. Қазақ айтады: "Құда мың жылдық, күйеу жүз жұлдық" деп. О бастан, құда түсіп, танысқаннан бастап, арада жақсы қарым-қатынас орнату, екі жастың болашағын, солардың тату-тәтті өмір сүруіне көмектесу мақсатында екі отбасы тарапынан жасалатын сый ретінде қалыптасқан дәстүр. Киіт кигізу тарихы тереңде жатқан, түбі бір қазақтың бәріне ортақ салт", - дейді профессор. 

Киітке не беріледі?

Маман киіт кигізу дәстүрінде не береді деген сұраққа былай жауап берді:

"Бұл екі отбасының жағдайына байланысты болған. "Екі бай құда болса - арасында жорға жүреді, Екі жарлы құда болса - арасында дорба жүреді" дейді. Қазақтың "жау қарындастан" деген сөзі де осы түсініктен бастау алады. Құдаласқан кезде де әркім өзінің деңгейі мен тұстасына қарай қыз алысып, қыз беріскен. Киіт кигізу - қыз сату деген сөз емес. Ол қыздың жағы да, ұлдың жағы да беретін, өзара сыйластық пен құрметтің белгісі", - дейді ол.

Ақмаржан Тасыбекқызының айтуынша, бұрынғы заманда әкесінің жұмсаған күшін, анасының ақ сүтін өтеу мақсатында киіт кигізуде көбіне құндыз ішік, қымбат маталар, қымбат тон, зергерлік бұйымдарды арнайы соқтырып, бір-біріне сыйға тартқан.

"Қазіргі таңда да, әркім өзінің шама шарқына қарай береді. Оның ешқандай да әбестігі жоқ. Қазіргі кезде тіпті екі жақ бірігіп той жасау немесе той жасамай-ақ бірге қаражат жинап, балаларды шетелге жіберу туралы өзара келісетін отбасылар да болады. Киіт кигізу болмай-ақ қойсын дейтін де отбасылар бар. Алайда, құда келген күннің өзінде қазақ оларды ешқашан құр қол жібермейді. Ол адамдықтың белгісі", - дейді Ақмаржан Тасыбекқызы.

Киіт кімдерге беріледі?

"Қазақ энциклопедиясы" еңбегіне сүйенсек, киіт - құдалықтың негізгі белгілерінің бірі. Киіт - бас киіт, аяқ киіт болып бөлінеді. Құдаларды бастап барған үлкен адамға бас киіт беріледі де, қалған құдаларға екінші дәрежедегі (аяқ) киіт беріледі. Киіт келген құданың беделіне, алатын орнына қарай бөлінеді. Мысалы, бұрын құндыз жағалы тон, қасқыр ішік, кілем, т.б. қымбат бұйымдар, киімдер мен заттар, жүздеген мал (жылқы, түйе, қой) берілген. Киіттің ең төменгі түрі кездемелермен бітеді.

Қазақстанның кейбір аймақтарында құда түспей-ақ тойы болғанда, сол үй ішіндегі адамдарға жеке-жеке арнап апарылған киімді де киіт деп атайды. Қазіргі кезде "қалың мал" төленбесе де, оның киіт кигізу сияқты дәстүрлері, басқа да жоралғылары жасала береді.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram