РЕФЕРЕНДУМ ПО АЭС - 6 ОКТЯБРЯ
26 декабря 2019 | 15:14

Қазақ ертеде бала болашағына қалай инвестиция құйған?

ПОДЕЛИТЬСЯ

© karaganda-region.gov.kz © karaganda-region.gov.kz

Қазақта өмірге бала келуі қашан да қуаныш. Сол үшін ұлан асыр той болып, бала барған жерінен сыйлық алып отырған. Кейде сондай сыйлықтар балаға бірден емес, ол ер жеткен соң ғана берілген. Этнограф Болат Бопайұлы Tengrinews.kz тілшісіне балаға берілетін енші туралы айтып берді.


Қазақта өмірге бала келуі қашан да қуаныш. Сол үшін ұлан асыр той болып, бала барған жерінен сыйлық алып отырған. Кейде сондай сыйлықтар балаға бірден емес, ол ер жеткен соң ғана берілген. Этнограф Болат Бопайұлы Tengrinews.kz тілшісіне балаға берілетін енші туралы айтып берді.

Маманның айтуынша, қыз ұзатылғаннан кейін төркініне балалы болған кезде ғана барған екен.

"Қазақ ғұрпында ежелден қалыптасқан "жиен қорық" деген дәстүр бар. Бұрын қыз ұзатылып барған жеріне келін болып түскеннен кейін жыл өтпей төркініне қайтпаған. Балалы болып, бір жылдан кейін ғана төркіндейді. Сонда келген балаға нағашылары қырық серкешке ен салып, мал берген. Ал төркіндеп келгенде баласы ұл емес, қыз болса, "есік босағасы сықырлайды" деп дәстүр бойынша бұзаулы сиыр, құлынды бие не боталы түйе сияқты мал береді. Бұл ұзатылып, араға жылдар салып, баласымен келген қызына деген төркінінің қамқорлығы, берген еншісі. Бұл қазақ салтында ежелден бар салт", - дейді ол.


Ұлы Петр атындағы антропология және этнография музейінің архивінен

Этнограф сыйлықтың бірден емес, бірнеше жылдан кейін берілетінін айтады.

"Кішкентай баламен келсе, тайға ен салып қояды. Кейін бала ер жеткенде тай жылқы болады. Ер жеткен кезде оны сол жылқыға мінгізеді. Кейін бала оны өзінің қажетіне жаратады. Оны оқуына не тойына жаратуы мүмкін. Соғымға да союға рұқсат берілген. Болмаса, мініс көлігі қылады. Бұл салт еліміздің кей өңірінде бүгінге дейін жалғасып келеді", - дейді Болат Бопайұлы.


© kk.wikipedia.org

Балаға ен салынған малды нағашылары ғана емес, өз жұрты да береді екен.

"Бала туған кезде өз жұрты да құлынға ен салып қояды. Бала есейген кезде сол ен салынған құлын жылқы болады. Бұл кезде де бала оны өз кәдесіне жаратады. Яғни жаңа туған сәбиге аттың керегі болмас. Сондықтан балаға ат тарту етіп, ол есейгенше, яғни, өзі оны кәдесіне жарата алғанынша күтеді", - дейді ол.

Маманның сөзінше, отау бөлгенде де енші беріледі екен.

"Қазақ салтында отау бөлгенде, үй тіккенде енші береді. Енші деп жерді, малды айтуға болады. отауға қатысты қазан-ошақ, ыдыс-аяқ, үй жабдықтарын да енші ретінде береді. Ал қыздың еншісі төркінінің жиенге берілетін қырық серкеші арқылы келеді. Мұны қазақта "жиен қорық" деп атаған", - дейді этнограф.

Оқи отырыңыз: 

Балаға есімді бір жасқа толғанда қоятын қазақ дәстүрі қалай ұмытылды

Ұмытылған дәстүрлер: Қазақ баланы қырқынан қалай шығарған

Сүндетке отырғызу. Бағасы, емі және пайдасы

Қазақтың ұмытылған дәстүрлері: Ашамайға мінгізу

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 480.4   533.87   5.33 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети