РЕФЕРЕНДУМ ПО АЭС - 6 ОКТЯБРЯ
14 января 2022 | 10:41

Қарияның көз жасы, әскери мен бала, батыр қыз. Желіде тараған жан тебірентер видеолар

Камила Долаева Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Коллаж: Tengrinews.kz Коллаж: Tengrinews.kz

Қазақстанда соңғы апталарда болған бейбіт шерулер мен бұзақылық әрекеттер халық назарында. Осындай эмоцияға толы уақытта сан түрлі оқиға болып жатыр. Tengrinews.kz тілшісі Желіде тараған жантебірентер видеолар топтамасын жасады.


Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанда соңғы апталарда болған бейбіт шерулер мен бұзақылық әрекеттер халық назарында. Осындай эмоцияға толы уақытта сан түрлі оқиға болып жатыр. Tengrinews.kz тілшісі Желіде тараған жантебірентер видеолар топтамасын жасады.

Жаңаөзен мен Ақтаудың мыңдаған тұрғыны жаңа жылдан кейін бағасы күрт шарықтап кеткен сұйытылған газ бағасын түсіруді талап етіп, көшеге шыққан болатын. Олар шеруде әнұран айтты.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Сәкен Майғазы | МузАРТ (@saken_maigaziyev)

Ал мына видеода Маңғыстау облысында сұйытылған газ құны литріне 50 теңгеге төмендегенін естіген халық шуылдасып, қол соғып қуанғаны түсірілген.

Осы ереуілдер кезінде әскери мен баланың қол алысып амандасып тұрғаны түсірілген кадр да Желі қолданушыларын сүйсіндірген еді.

Ұлттық ұланда 10 жыл қызмет етеді. Желіде тараған суреттегі жауынгер кім?

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ОТЫРАР Новости Шымкент (@otyrarkz)

Кейін осы суретке иллюстрация салынды.

Сурет: instagram.com/gulmir_ktk парақшасынан

Бейбіт шеру тәртіпсіздікке ұласқан Алматыда қарулы бүлікшілер әскерилерге шабуыл жасағаны бүгінде белгілі. Осы кезде қала тұрғындары әскерилерге қалада тәртіп орнатуға, оларды бүлікшілер құрсауынан алып шығуға білек сыбана көмектесті. Соның ішінде шабуылға тап болған әскериге халықпен араласып кетуі үшін күртесін шешіп беруге дайын тұрған мына қыздың батырлығына халық тамсанған болатын. Видеоны стилист Мира Берген 5 қаңтарда түсірген.

@pipanzakharov

♬ Так хочется жить - Рождество

Қазнетте Алматыдағы қақтығыстар кезінде "Өлеміз бүгін, мама-папа я вас люблю" деген жас сарбаздың видеосы да тарап кетті.

"Өте қорқынышты болды жасырмаймын. Командирлеріміздің шебер әрекеттерінің арқасында аман қалдық. Бөлім басшыларына және біз үшін алаңдаған барлық қазақстандыққа алғыс айтамын. Бәрі жақсы. Елімізге бейбітшілік тілеймін, халық бақытты өмір сүргенін қалаймын. Тәртіпсіздіктер аяқталғаннан кейін алдымен анама қоңырау шалып, оны сабырға шақырдым", - деді сарбаз.

@jasik_kanatov

♬ оригинальный звук - nursat_satjan

TikTok-та тараған тағы бір видеода өртеніп жатқан Жамбыл облысы әкімдігі ғимаратының маңында қария көз жасына ерік береді. Бұл кадрларға қарап пікір білдірушілер бір жылап алғанын, жүрегі ауырғанын жасырмады.

@mkudaibergenkyzy.m #Елімізтынышболсын?? #күшімізбірлікте ♬ оригинальный звук - Madi Ahmetkozha

Бұрын әскери болған, қазір кәсіпкер Дамир Аманжолов Алматыдағы оқиғалар кезінде сарбаздарды, полиция қызметкерлерін өлімнен, дәрігерлерді шабуылдардан қорғап, өзгенің мүлкі тоналуына жол бермеуге атсалысқан батыр жігіттердің қатарынан. Ол қауіпке қарамастан жүрген жерін видеоға түсіруге тырысқан. Оларды Желі қолданушылары қызу таратты.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Қайрат Құдайберген (@kudaibergen_kairat)

Тағы бір видеода Ақтөбеде митингіге шыққандар әскериді "халыққа" қосылуға көндіргісі келеді. Бірақ жігіт бұйрықтан жалтара алмайтынын айтып, бас тартады. Желі қолданушылары жігіттің сыпайылығы мен антына адалдығын жоғары бағалап жатыр.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ??© ZTB QAZAQSTAN 2022 (@ztb_video)

Осындай қиын күндері ел тұрғындары қайырымдылық жасаудан да жарысты. Бірі тәртіпті қадағалап жүрген жауынгерлерге тамақ тасып, жанына көмекші болып қосылса, тағы бірі қиын жағдайда қалған зейнеткер, әлеуметтік осал топтағы жандарға, көпбалалы, жалғызбасты аналарға азық-түлікпен көмектесті. Солардың бірі мына роликтегі ер адам.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ZHEST_KZ|21+??? (@zhest_kz)

Еске салайық, 2 қаңтарда Маңғыстау облысының тұрғындары сұйытылған мұнай газы қымбаттауына байланысты митингіге шыққан болатын. 3 қаңтарда бірден бірнеше облыста митингілер басталды. Наразылық шарасына мұнай өндіруші кәсіпорындардың жұмысшылары да қосылды. 4 қаңтарда өзге де қалаларда бірден жаппай тәртіпсіздік басталды.

Тұрғымбаев Қазақстанда жаппай тәртіпсіздікке ұласқан оқиғалар хронологиясын баяндады

Кейінірек Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласы мен Маңғыстау облысында төтенше жағдай енгізу туралы Жарлыққа қол қойды. Алматы қаласы мен Маңғыстау облысында 2022 жылғы 5 қаңтардағы сағат 01:30-дан 2022 жылғы 19 қаңтардың сағат 00:00 кезеңі аралығында төтенше жағдай енгізілді.

Қазақстанда төтенше жағдай режимі енгізілді

5 қаңтарда үкімет отставкаға кетті, Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары, сұйытылған газ, бензин және дизель отынының бағасын мемлекеттік реттеу енгізілді. Алайда толқу күшейе түсті. Алматы қаласы қатты зардап шекті. Бүлікшілер әкімдік ғимаратын өртеп жіберді, Президент резиденциясын басып алды, дүкендерді, сауда орталықтарын, банк кеңселері мен банкоматтарды қиратып, тонады.

Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде қалыптасқан күрделі қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық жағдайға тоқталып, сұйытылған газ бағасының өсуіне байланысты халықтың наразылығын тудырғаны үшін Үкімет, соның ішінде, Энергетика министрлігі, "Қазмұнайгаз" бен "Қазақгаз" кәсіпорындары кінәлі екенін айтты.

6 қаңтарда Кәрім Мәсімов Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы қызметінен босатылды. ҰҚК-нің жаңа басшысы болып Ермек Сағымбаев тағайындалды. Дәл осы күні ҰҚК Қылмыстық кодекстің 175-бабы 1-бөлігі бойынша "Мемлекетке опасыздық жасау" бабы бойынша соталды тергеу амалдары басталды. Қылмыс жасады деген күдікпен ҰҚК-нің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімов пен басқа да тұлғалар ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ал 10 қаңтар Жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды.

Қазақстандағы тәртіпсіздіктерден бизнеске келтірілген шығын 12 қаңтарда 100 миллиард теңгеден асты. Қаза болғандар мен зардап шеккендер саны анықталып жатыр, әлі белгісіз.

11 қаңтарда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа үкімет мүшелерін тағайындады.

Өзекті жаңалықтарды сілтемесіз оқу үшін Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Курс валют

 480.4   533.87   5.33 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети