Қазнетте әлемде және Қазақстанда болып жатқан оқиғалар үнемі қызу талқыланады. Бірі проблема қозғап, жазба жариялап жатады, екіншісі сол мәселелерді иронияға айналдырып әзілдейді, пікір жазады, мем жасайды. Tengrinews.kz тілшісі әлеуметтік желілерде тарап жатқан соңғы мемдер мен әзілдерді жинап шықты.
Қазнетте әлемде және Қазақстанда болып жатқан оқиғалар үнемі қызу талқыланады. Бірі проблема қозғап, жазба жариялап жатады, екіншісі сол мәселелерді иронияға айналдырып әзілдейді, пікір жазады, мем жасайды. Tengrinews.kz тілшісі әлеуметтік желілерде тарап жатқан соңғы мемдер мен әзілдерді жинап шықты.
Қазнетте коронавирус пен карантин, вакцина туралы әзілдер мен мемдер, қызықты видеолар әлі де көп. Солардың бірі "Коронавирус, коронавирус" деп айғайлаған адам даусынан үйіліп жем жеп тұрған жерінен қораларына тұра қашқан балапандардың видеосы Желі қолданушыларының көңілін көтерді.
"Мына аты жаман бәледен адамдар каша ма деп жүрсем. Жан-жануарлар да қашады екен ғой", - деп жазған видео авторы.
Қазақстандықтар әйгілі "Қыз Жібек" фильмінің кадрларынан да мем жасап қойған. Мұнда той жасағысы келетін Төлеген мен Жібекке коронавирустың "дельта" штамы ретінде көрсетілген Бекежан кедергі келтіреді.
Қазір Ауғанстандағы жағдай бүкіл әлемді алаңдатып отыр. 20 жылдан кейін бас көтерген тәліптер күш алып, қазір елдің барлық дерлік провинциясын өзіне қаратты.
Ауғанстандағы жағдай бойынша Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та қоғамда алаңдаушылық артып келе жатқанын айтты. Бірақ бұл оқиғалар Қазақстанға тікелей қауіп төндірмейтінін, алайда белгілі бір дәрежеде қатері бар екенін жеткізді.
"Сондықтан біз жағдайды мұқият бақылап, кез келген сын-қатерге лайықты жауап беруге дайын болуымыз керек", - деген болатын Президент.
Осы жағдайға қатысты жасалған мемде Роза Рымбаеваның диджей Иманбек Зейкеновке айтқан сөзі қолданылыпты.
Тамды ауылының әкімі Рауан Асқаровтың 24.kz тілшілеріне ауылда неге жарық сөне беретініне айтқан жауабы да әлеуметтік желілерде мемге айналған еді.
- Қарға деген бәле трансформаторға күйіп кетеді де, оған күш түседі де, жарықты сөндіріп тастайды.
- Қарға? Алақандай құс?
- Қанатымен ұшып барады да қанаттары темірге тиеді.
- Қарға жақындамайтындай қоршау керек пе? Қарға жақындамас үшін не істеу керек?
- Қоршауы тұр ғой.
- Енді бұл мәселені қалай шешу керек?
- Мәселені сол ... қалай шешетінін білмеймін.
- Ауданнан сұрайын ба?
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Бұл жауап Қазнет қолданушыларының ашуын келтірді, ал кейбіреуі оған әзілдеп, пікір жаза кетті. Солардың бірнешесі:
"Қарғаға шамасы келмейтін ауыл әкіміне неменесіне дабыра қылып сайлау жасадық?" - деген пікір де бар.
Әлеуметтік желілерде әйгілі футболшы Мессидің "Барселонамен" қоштасу баспасөз мәслихатында жылап қалған сәті түсірілген кадрмен де мемдер шықты. Әзілқой жандар оның жылап тұрған сәтін "Қыз ұзату", ПСЖ-ға көшкен кезін "Үйлену той" деп қойған.
Еске салайық, "Барселона" 34 жастағы футболшымен келісімшартты ұзартпайтынын мәлімдеген болатын. Кейін 10 тамызда Месси ПСЖ-мен екі жылға келісімге отырды. Мессимен келісімшарт 2+1 жүйесінде жасалған. Яғни шарт мерзімі - екі жыл, бірақ оны кейін тағы бір жылға ұзартуға болады.
Бұған дейін Қазнетте беташарда көйлегіне QR-код жабыстырып алған қалыңдықтың суреті тараған еді. Оған да мем жасалыпты.
"Миымызды 100 пайызға қолдансақ не болады?" деп жазылған әзілде.
Тағы бір мем - "Тойдың қызықсыз өткені сонша, қонақтар мониторингтік топты өзі шақырды".