16 марта 2020 | 12:37

"Қара өлім", "Испан тұмауы", "Малярия" - тарихтағы ең қауіпті пандемиялар

Испан тұмауы © Wikipedia

11 наурызда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Бас директоры Тедрос Адхан Женевадағы брифингте жаңа коронавирусты пандемия деп мәлімдеді. Ұйым COVID-19 пандемия ретінде сипатталуы мүмкін деген бағалауға келген. Пандемия - бұл әлемдік ауқымдағы жаңа аурудың таралуы. Биылғы пандемия тарихтағы алғашқы індет емес. Tengrinews.kz тілшісі тарихта тіркелген ең ірі пандемияларға шолу жасады. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

11 наурызда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Бас директоры Тедрос Адхан Женевадағы брифингте жаңа коронавирусты пандемия деп мәлімдеді. Ұйым COVID-19 пандемия ретінде сипатталуы мүмкін деген бағалауға келген. Пандемия - бұл әлемдік ауқымдағы жаңа аурудың таралуы. Биылғы пандемия тарихтағы алғашқы індет емес. Tengrinews.kz тілшісі тарихта тіркелген ең ірі пандемияларға шолу жасады. 

Юстинианов обасы - 91 миллион адам

Реклама
Реклама

Юстинианова обасы - әлем тарихында тіркелген алғашқы пандемия. Оба византиялық император Юстиниан І басқарған кездегі өркениетті елдердің барлығында екі ғасыр бойы (шамамен 541-750 жылдары) жайлаған дерт.

Деректер бойынша, обаның тарау ошағы Эфиопия мен Мысыр. Артынша ауру сауда-саттық арқылы Константинопольге, одан әрі солтүстік, оңтүстік және шығыс Византияға жеткен. Оба мұнымен тоқтамады. Солтүстік Африка, бүкіл Еуропа елдері, Орталық және Оңтүстік Азия, Араб елдері де дерттің құрбаны болған.

© Wikipedia

Эпидемияның тез тарағаны соншалық, Константинопольдің өзінде бір күнде 5 мың адамнан қайтыс болған. Болжам бойынша, оба бубон және септикалық түрде тараған. Аурудың көзге түсе қоятын айрықша белгілері де болмаған. Себебі, сырт көзге сау болып көрінген адам дәл сол күні ауру белгілері пайда болғанға дейін қайтыс болған екен.

Шығыс елдерінде Юстинианов обасынан шамамен 66 миллион адам, Еуропа елдерінде 25 миллион адам қайтыс болған. 2013 жылы зерттеушілер індеттің қоздырғышы бүргелер мен кеміргіштерде жиі кездесетін оба таяқшасы деген шешімге келген.

"Қара өлім" - Еуропаның 30-60 пайызы

1346-1353 жылдары Еуропа халқының 30-60 пайызын жойып жіберген тарихтағы екінші оба пандемиясы. Болжам бойынша, індет Каспий теңізінің солтүстік жағалауынан басталып, Еуропа мен Солтүстік Африкаға тараған. Қауіпті дерт Yersinia pestis оба таяқшасынан басталған.

"Қара өлім" тіркесінің ауру белгілеріне қатысы жоқ. Алайда 1346-1351 жылдары обаның бұл түрін жұқтырып, қайтыс болған адамдардың денесі қарайып кететін болған екен. 


1346-1353 жылдары обаның Еуропа мен Таяу Шығыс елдерінде тарауы © Wikipedia

Испан тұмауы - 50-100 миллион адам

Испан тұмауын 1918-1919 жылдары бүкіл әлемде 550 миллионға жуық адам жұқтырып, Жердің 2,7-5,3 пайыз халқы (50-100 миллион адам) қайтыс болған. Эпидемия Бірінші дүниежүзілік соғыстың соңғы айларында басталған. Болжам бойынша, індеттің тарауына соғыстың салдары - антисанитария, дұрыс тамақтанбау, әскерилер мен босқындардың лагерлерінде адамдардың тығыз орналасуы себеп болған.

Испания - тұмау тараған алғашқы мемлекет емес. Аурудың ошағын анықтау мүмкін болмаған. Кей деректер бойынша, испан тұмауы алғаш 1918 жылы АҚШ-та тіркелген. Басқа деректер бойынша, індет Қытайдан басталып, АҚШ-қа қытайлық жұмысшылар келген соң тарай бастаған.


© Wikipedia

Тұмаудың бұлай аталуы кездейсоқ болған. Себебі, тағы бір деректерге сүйенсек, Испания аталған тұмауға шалдыққан алғашқы мемлекет. 1918 жылы Испанияда тұмаудан 8 миллион адам қайтыс болған. Дертке көбіне 20-40 жас аралығындағы адамдар шалдыққан.

Қара шешек 

Табиғи немесе қара оспадан оны жұқтырған адамдардың 40 пайызы көз жұмған. Ашық дерек көздеріне сүйенсек, IV ғасырда пайда болған індеттен көбіне Қытай зардап шеккен. Эпидемия халық санының күрт азаюына әкеліп соққан. Ауруды жұқтырып, кейіннен жазылып кеткен адамдар өмір бойына жарымжан болып қалған: біртіндеп не толықтай көз жанарынан айырылып, денелеріне тыртық толып кеткен. Ғалымдар қара шешек вирусының қайдан пайда болғаны туралы әлі сөз таластырып келеді. Бір нұсқа бойынша, ол Таяу Шығыста адамға түйе арқылы жұққан. Вирус әлемнің түкпірінде кездескен.

Қара шешекті вирустың екі түрі қоздырған: Poxviridae тұқымдасына жататын Variola major (20-40 пайыз, кей деректер бойынша 90 пайыз адам қайтыс болған) және Variola minor (1-3 пайыз адам қайтыс болған). Соңғы рет аурудың бұл түрі 1978 жылы тіркелген. Вирустан 40 жастағы медициналық фотограф Дженет Паркер қайтыс болған. 

Малярия - жылына 1,3-3 миллион адам

Малярия - адамға Anopheles тобына жататын масаның ұрғашы түрі шаққан кезде берілетін жұқпалы аурудың түрі. 


© medportal.ru

ХХІ ғасырдың бас кезеңінде малярияны жылына 350-500 миллион адам жұқтырып, оның 1,3-3 миллионы қайтыс болған. Алдағы 20 жылда адам өлімінің саны екі есе ұлғаяды деген болжамдар да айтылған. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының соңғы мәліметтері бойынша, малярия плазмодиясын жылына 124-283 миллион адам жұқтырып, оның 755 мыңға жуығы қайтыс болған. 2000-2013 жылдардағы көрсеткіш бойынша, маляриядан қайтыс болған адамдардың саны 47 пайызға қысқарған. 

Аурудың бұл түрімен Оңтүстік Сахара аймағының 85-90 пайызы ауырған, көбіне 5 жасқа дейінгі балалар жұқтырған. 

Еске салайық, бүгінде коронавирустың жаңа түрін жұқтырғандардың саны - 153 517 болса, коронавирустың жаңа түрінен қайтыс болғандардың жалпы саны - 5375.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram