23 мая 2018 | 19:43

Жетімдер үйінде өскен қыз кредитін жабу үшін арын садаға етпек

Иллюстрациялық сурет. © pixabay.com

Бүгін 7 арнада "Өз ойым" бағдарламасында "Қыздығымды сатамын" деген тақырып қозғалды. Бағдарлама кейіпкері балалар үйінен шыққан, 25 жастағы Мадина пәктігін 1 миллионға сататынын деп мәлімдеді.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бүгін 7 арнада "Өз ойым" бағдарламасында "Қыздығымды сатамын" деген тақырып қозғалды. Бағдарлама кейіпкері балалар үйінен шыққан, 25 жастағы Мадина пәктігін 1 миллионға сататынын деп мәлімдеді.

Бұл ісіне кезінде алған несиесі себеп екен. Несиесін күннен күнге өсіп төлей алмағандықтан, пәктігін сатып құтылсам дейді. Бүгінде оның мерзімі өткен несиесі миллион теңгеден асып кеткен. 

Реклама
Реклама

"Маған көмек қолын ұсынатын туған туысқаным да жоқ болғандықтан осындай жолды таңдап отырмын", - деген Мадинаға студия қонақтары дүрсе қоя берді. 

"Екі қолың, екі аяғың бар, жұмыс істеп, несиені басқалай жолмен жабуға болады ғой", - деген көрермендердің біріне қыз өз уәжін айтты. 

"Мен ЖОО орынды бітірмегендіктен ешқандай жерге мені тұрақты жұмысқа да алмайды. Сатушы болып, тағы да бақса жерлерде жұмыс істедім, бірақ ол ақша несие жабу емес, күн көруіме де жетпейді. Сіздер менің қандай жағдайда отырғанымды не ішіп, не жеп, қайда тұрып жатқанымды білмейсіздер, сондықтан мені олай сөкпеңіздер", - деп ақталды қыз сын айтқандарға. 

Жетім өскен Мадина бұл жолды біраз ойланып барып шешім қабылдап, ғаламторға жарнама беру керек деп шешіпті. Бағдарлама соңында Тараздық көрермен, қайын інісіне қыз іздеп, Мадаинамен абысын болуға ұсынысын айтты. Мадина оған келіскендей болды.

Айта кетейік, "Өз ойым" ток-шоуында жүргізушілер жанжалдасып қалған тараптарды ашық диалог арқылы татуластыруға тырысады, ал көрермендерге жағдайдың анық-қанығына көз жеткізуге көмектеседі. Сонымен қатар, айтылғанның барлығын кесіп-пішіп, шешілмейтіндей көрінген түйінді мәселені тарқатуға тырысады.

Бір жарым сағаттық ток-шоу сейсенбіден жұмаға дейін сағат 15:00-де көрсетіліп жүр. Телеарна студиясы мен сайтындағы интерактив кезінде көрермендердің дауыс беруі жүреді. 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram