ПОДЕЛИТЬСЯ
11 февраля 2019 | 20:10
Жастардың жар таңдауда өз-өзіне деген сенімі жоқ - Психолог
Бүгін 7 арнадағы "Өз ойым" бағдарламасында "Жар қылатын қыз қандай, қаңғыратын қыз қандай?" тақырыбы талқыланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Бүгін 7 арнадағы "Өз ойым" бағдарламасында "Жар қылатын қыз қандай, қаңғыратын қыз қандай?" тақырыбы талқыланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бағдарламада жігіттердің қазіргі таңда қыздарды екіге бөлетіні айтылды. Студияға қонақ болған Ислам Алтайбаев қазіргі қыздардың артық жүрісі көп дейді. Сондай-ақ ол жігіттердің жарды қалай таңдайтынын айтты.
"Бүгінгінің қыздары үйленетін және жүретін болып екіге бөлінеді. Қатты айтпай-ақ қояйын, бірақ осыған барлығы да кіреді. Мен бойдақ болғаннан кейін отырыстарға барамын, түрлі сауықтыру кештеріне барамын. Содан түйгенім, жүретін қыздар сенімен кальян шегіп, ішімдік ішеді, яғни сен оған үйленбейсің". Көпке топырақ шашпай-ақ қояйын, бірақ негізі солай", - дейді Ислам Алтайбаев.
Көрермендер тарапынан Исламның пікіріне қарсы пікір білдіргендер болды. Олар қыздардың киім-киісіне, қарым-қатынасына қарай қорытынды шығаруды дұрыс есептемейтінін айтты. Бағдарламаның көрермені болған бойжеткен түнгі клубқа барып, таңға дейін жүргенді немесе ашық-шашық киінгенді "бұзылған қыз" деуге болмайтынын айтады.
"Бұл жерде қыздардың орны тек жарының алдында ғана бір саты төмен тұруы керек деп ойлаймын. Бүгінде қыз бен ұлдың айырмашылығы жоқ, барлығы да қолынан келеді, яғни жігіт істегенді қыз да істей алады. Тек жарының алдында ғана инабатты ибалы болуға тырысу керек деп ойлаймын. Тұрмысқа шыққан қыздың да темекі шегіп, ішімдік ішпесіне ешкім кепіл бере алады? Өз басым клубта жүремін, бірақ ішпеймін, шекпеймін. Құрбыларыммен таңғы алты-жетіге дейін жүретін де кездер болады. Бірақ кімнің қандай ойда екенін әркім өзі біледі. Мен өзім үшін жауап бере аламын. Түріме қарап, қысқа белдемше киіп келгеніме қарап "бұзылған қыз" деулеріңіз мүмкін. Бірақ менің арым таза, бүкіл халықтың алдында мақтанышпен айта аламын", - дейді көрермен қыз.
Қыздарды жақсы-жаман деп бөлуге қарсы болған Қарлығаш есімді көрермен өзің қандай болсаң, жарың да сондай болады деген пікір айтты.
"Адам бойынан жақсы да, жаман да қылықтар табылады. Жақсы қыз болса да әйтеуір бір шикілігі болып тұрады. Бұл ұлдарға да қатысты. Өзің қандай болсаң, сондай жарға жолығасың. Клубта жүрсең, клубтағы қызға үйленесің. Бірақ қыздың клубта, не басқа да жерде жүргені ыңғайсыздау, әрине", - дейді Қарлығаш.
Психолог Гүлнұр Асанова қазіргі жастарда өз-өзіне деген сенімнің жоқтығын айтты.
"Қазіргі жастарда өз-өзіне деген сенімнің жоқтығынан осындай жағдайлар болып жатыр. Бұл жерде қыздарға да, жігіттерге де қатысты айтылады. Өйткені қыздар күйеуге шықпай қалса, одан жаман нәрсе жоқ сияқты болып көрінеді. Қыздар қыдыратын болса, олар біреумен танысу үшін, яғни болашақ жарын іздеп шығады. Ал жігіттер олай емес. Жігіттердің көбі жауапкершіліктен қашады. Бір жағынан тәрбие де бар. Бізде ер бала дүниеге келе салысымен "молодец". Көп жігіттер ұнатқан қызына сөз айтқан жағдайда "жоқ" дегенді естуден қорқады, бұл өз-өзіне деген сенімнің аздығынан болады", - дейді психолог.
Айта кетейік, "Өз ойым" бағдарламасы 2019 жылы 21 қаңтардан жаңа санын бастады. Бағдарламаның ең басты жаңалығы ток-шоу дүйсенбі-бейсенбі аралығында көрсетілетін болды.
Показать комментарии
Читайте также