ПОДЕЛИТЬСЯ
12 апреля 2021 | 13:00
"Жасөспірім кезінде танысқан". Филипп пен Елизавета қалай бас қосқан?
9 сәуірде ІІ Елизаветаның жары Филипп ханзада 99 жасында қайтыс болды. Ол 10 маусымда 100 жасқа толар еді. Филипп пен Елизавета 74 жыл бірге өмір сүрген. Ханзада мен ханшайымның алғаш кездесуі, Филипптің өмірі мен атқарған міндеті туралы Tengrinews.kz тілшісі материалында.
ПОДЕЛИТЬСЯ
9 сәуірде ІІ Елизаветаның жары Филипп ханзада 99 жасында қайтыс болды. Ол 10 маусымда 100 жасқа толар еді. Филипп пен Елизавета 74 жыл бірге өмір сүрген. Ханзада мен ханшайымның алғаш кездесуі, Филипптің өмірі мен атқарған міндеті туралы Tengrinews.kz тілшісі материалында.
Алғашқы кездесу
Алғаш Филипп ханзада Елизаветаны жасөспірім кезінде кездестірген. Ол ханшайымды 1934 жылы ұлыбританиялық герцог Кентский мен грек ханшайымы Маринаның үйлену тойында көрген. Ол кезде Филипп 13-те, Елизавета 8-де. Кейіннен араға бес жыл салып, Ұлы Отан соғысы басталар шақта Дартмут ұлыбританиялық корольдік әскери-теңіз колледжінде қайта кездеседі.
Сол кездегі Ұлыбритания королі Георг VI-ның отбасы колледжге сапармен келген кезде 18 жастағы жас кадет Филипп Елизаветамен танысады. Артынша екеуі бейресми түрде хат алмаса бастайды. Тіпті Филипп соғыс кезінде флотта қызмет етіп жүрген кезінде де екеуінің байланысы үзілмеген.
Үйлену туралы ұсыныс
1946 жылы Екінші дүнежүзілік соғыс аяқталғаннан кейін Филипп Букингем сарайына барып, Елизаветамен жиі кездесіп тұрған. Сол уақыт аралығында Филипп пен Елизаветаның қарым-қатынасы жақындай түседі. Тіпті ханзада Елизаветаға Шотландиядағы Балморал сарайында бейресми түрде үйлену туралы ұсыныс жасаған екен. Кейіннен Филипп ханшайымның анасынан ресми түрде хат жазып, қызына үйленуге рұқсат алады. Сөйтіп 1947 жылы ханзада мен ханшайым ресми түрде атасқандарын жариялайды.
Филипп ханшайымның толыққанды күйеуі болуы үшін біраз ресми процедурадан өтуіне тура келген: грек және дат корольдік титулынан бас тартып, Ұлыбритания азаматтығын алып, анасы Алисаның тегіне өтіп, православиеден Англия шіркеуіне өтуі керек болады.
Фото: Reuters
Үйлену тойы
Филипп пен Елизаватаның үйлену тойы 1947 жылы 20 қарашада Вестминистер аббаттығында өтті. Ол кезде ханзаданың жасы 26-да, ханшайым 21-де. Ханзада мен ханшайымның үйлену тойын екі мыңға жуық адам көріп, тамашалаған. Жас жұбайлар үйленгеннен кейін Филипп қызмет еткен Мальтадағы базада біраз жыл тұрады.
Фото: Reuters
Елизаветаның таққа отыруы
Алайда бәрі күндердің бір күнінде Елизавета ханшайым атанып, Ұлыбританияны басқаратынын сезетін. Бірақ бұл жайт ғашықтар бас қосқаннан кейін аз уақыт ішінде болады деп ешкім күтпеді. Себебі үйлену тойы өткеннен кейін бес жылдан соң, 1952 жылы Елизаветаның әкесі Георг VI ауырып, кенеттен қайтыс болады. Таққа Елизаветаның отыруына тура келеді. Талай жылдан бері кемеде бұйрық беріп, басқарып жүрген әскери Филиппке екінші қатардағы адам болу оңайға тимеді.
Филипп 800-ге жуық мекемекені басқарған
Газета.Ru мәліметінше, 1950-1960 жылдары шыққан мақалаларда Филипп бір ағыспен жүрген адам ретінде сипатталған. Яғни ол өзіне, роліне, өміріне сенімді болмаған екен. Бірақ ақыр соңында өз жолын тауып, әйелін қолдай бастаған. Георг тірі кезінде "Филипп "өз жұмысына" сай" деген екен. Ханзада Елизаветамен барлық ресми шараға - парламенттік сессияның ашылуы, шетелдік сапар, мемлекеттік қабылдау мен түскі астарға бірге барған.
Одан бөлек, Филипп Ұлыбританияның корольдік отбасы мүшесі ретінде 800-ге жуық мекемекенің патронажымен айналысқан: олар қоршаған ортаны қорғаумен, өндірісті дамыту, спорт пен біліммен байланысты болған. Ал 1961-1982 жылдары Филипп Халықаралық жабайы табиғат қорының президенті болса, 1964-1984 жылдары Халықаралық ат спорты қауымдастығының президенті болған. Герцог жалпы 20 мыңға жуық іс-шараға қатысқан екен.
Филипп ханзада биыл 10 маусымда 100 жасқа толар еді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также