РЕФЕРЕНДУМ ПО АЭС - 6 ОКТЯБРЯ
10 марта 2020 | 14:32

Жапонияның ең ірі компаниясында жұмыс істейтін жалғыз қазақ жігіті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ержан Қаратаев © Кейіпкердің жеке мұрағатынан Ержан Қаратаев © Кейіпкердің жеке мұрағатынан

Ержан Қаратаев - Жапонияның ең ірі компанияларының бірі Rakuten-де жұмыс істейтін жалғыз қазақ жігіті. Оның айтуынша, Rakuten - көпұлтты компания. Электрон коммерцияға бағытталған сайт қызметшісі Tengrinews.kz тілшісіне жұмыс орны және қызметі туралы айтып берді. 


Ержан Қаратаев - Жапонияның ең ірі компанияларының бірі Rakuten-де жұмыс істейтін жалғыз қазақ жігіті. Оның айтуынша, Rakuten - көпұлтты компания. Электрон коммерцияға бағытталған сайт қызметшісі Tengrinews.kz тілшісіне жұмыс орны және қызметі туралы айтып берді. 

Ержанның жасы 25-те. Жары Еркежанмен Жапонияда тұрып жатқанына бір жылдай болған. Ол Rakuten компаниясының арнайы шақыруымен жұмысқа орналасқан. 

"Жапонияға келер бұрын бірнеше мемлекетте болып, өмір сүру жағдайын салыстырдық. Саяхаттап жүргенде түрлі компанияны қарастырдым. Сонда маған Rakuten компаниясынан ұсыныс келді. Әйелім екеуміз біраз ойланып, елді көріп, өмір сүріп көрейік деп ұйғардық. Жұмысқа орналасу үшін іріктеуден өттім. Барлығы жеті кезеңнен өтіп, арнайы шақыру алдым", - дейді Ержан. 

© instagram.com/yerkezhan_karatayeva

Компания туралы

Rakuten - электрон сауда бойынша әлемдегі ірі компаниялардың бірі. 

"Компания Жапониядағы ең ірі және көпұлтты компаниялардың бірі. Шамамен 20 мыңдай адам жұмыс істейді. Дүниежүзі бойынша кеңселері бар. Кейде әлемнің түкпір-түкпіріндегі командамен бірге жиналыстар өтеді. Компанияның жеке мәдениеті бар, барлық жумысшылар соны сақтауы тиіс. Сонымен қатар, ішкі жеке мейрамдар да бар. Компанияда өз ісінің мықты мамандарын кездестіріп, олардан көп пайдалы кеңес алуға болады. Бұл менің әрі қарай өсіп дамуыма үлкен септігін тигізіп жатыр", - дейді Ержан. 

© instagram.com/yerkezhan_karatayeva

Кейіпкеріміздің компаниядағы жұмыс позициясы - senior full stack инженер. Бүгінде ол арнайы жоба бойынша жұмыс істеп жүр екен. 

"Біздің команда үлкен. Қазір тек компанияның ішінде белгілі жобамен жұмыс істеп жатырмыз. Сонымен қатар, менің жеке кішігірім жобам бар. Жұмыс өте қызық, басқа топтың адамдарымен де жұмыс істеуге мүмкіндік бар", - дейді жас маман. 

Ержан шетелде тұрып, еңбек етіп жатқан қазақтар туралы "Мир казахов" кітабына енген. Кітап биыл жарық көрген. 

"Маған "Отандастар" қорынан журналистер хабарласып, мен туралы жазуды ұсынды. Ол кітап әр түрлі мемлекетте тұрып жатқан қазақтар және олардың жетістіктері жайлы. Маған идея ұнады. Кітапта менің сұхбатым жарияланды. Менің ойымша, мұндай жобалар қазақстандық жастарды жетістіктерге итермелейді, әркім өзіне сай мотивация таба алады", - дейді Ержан. 


Кітаптан үзінді

IT саласында шетелдік тәжірибе алу маңызды

Кейіпкеріміз өзі жұмыс істеген қазақстандық және шетелдік IT-компаниялардың салыстырмалы түрде қандай айырмашылығы барын айтып берді. 

"Мен жұмыс істеген қазақстандық және жапон компанияларын салыстыратын болсам, бұл жерде компания құрылымы жақсы дамыған. Ұжымда қызметкерлердің бір-біріне деген сыйластығы жоғары және тәжірибелі мамандар көп. Бірақ Жапонияда да IT саласында түрлі мәселе бар. Мысалы, бұл жердің сайттары пайдалануға ыңғайсыз, икемсіз. Көп блоктардың орнына жай суреттер қойылған. Жалпы Жапонияда да, Қазақстанда да жақсы дамыған салалар бар", - дейді Ержан.

© instagram.com/yerkezhan_karatayeva

Жас маманның айтуынша, IT саласында шетелдік тәжірибе алу маңызды. 

"Тіпті көрші мемлекеттерде жұмыс істеп алған тәжірибе де өте пайдалы. Ол бастысы жаңа адамдармен танысуға, жаңа мүмкіндіктердің пайда болуына ықпалын тигізеді. Кез келген IT  маманы үшін шетелде жұмыс істеп көрудің жолдарын қарастыру керек, тіпті қашықтықта істейтін жұмыс болса да. Сонымен қатар, сұхбаттан сенімді өте білу керек. Мысалы, мен түрлі сайттар арқылы кез келген IT позицияларына өзімді ұсынып көрдім. Маған көбіне бас тартты, соған қарамастан, әрі қарай өзімді ұсына бердім. Себебі мен осылайша қайта-қайта сұхбаттан өтіп, тәжірибе жинадым", - дейді Ержан Қаратаев. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 480.4   533.87   5.33 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети